Қашықтан оқыту үрдісін тиімді ұйымдастырудың жолдары

Қашықтан оқыту – білім алушы мен педагогтың ақпараттық коммуникациялық технологияларды және басқа да заманауи құралдарды қолдана отырып жүзеге асыратын оқыту түрі. Жаңаша оқыту жүйесі заман талабына жатады. Оқыту үдерісінде өзгеріс енбейінше, нәтиже де болмайтыны белгілі. Сондықтан жаңа жүйені меңгеру біздер үшін де, білім алушыларға да тиімді деп есептеймін. Жаңа білім беру ресурстары қазіргі таңдағы жаңашыл мұғалімнің күнделікті сабақты және сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастыруда таптырмас құралы екенін еске аалған абзал. 

Алматы облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру  мақсатында білім берудің сапасын арттыратын әдістемелік жұмыстарды жандандыра түсуде. Мақсатқа бағытталған осындай жұмыстардың бірі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженер-педагогтерінен  құрылған «Жалын» үздік педагогтер ассоциациясы. Ассоциация мүшелері жыл бойы жаңартылған білім беру мазмұны аясында педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау, озық педагогикалық тәжірибені тарату, кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейту, білім сапасын арттыру мақсатындавебинар, ашық сабақ, әдістемелік күн, шебер-класс, дөңгелек үстел  секілді  түрлі шаралар аясында  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай шаралардың бірі – ашық сабақтар шеруі.  «Қашықтан білім берудегі заманауи технологиялар» тақырыбында ұйымдастырылған ашық сабақтар  шеруінде Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы, республикалық «Үздік педагог-2019ж» байқауының жеңімпазы Тойшыбекова Аселдің «Разработка макетов электронных и печатных изданий» пәні бойынша «Разработка элементов фирменного стиля» атты   ашық сабағы ізденіске толы болды.  Асел Биболатқызы  жаңа тақырыпты ашу бөлімінде сызбаларды ұтымды пайдаланып қана қоймай,  білім алушылардың ойлау қабілетін, логикалық танымдық белсенділігін арттырып, жаңа тақырыпты толық меңгеруіне мүмкіндік ұсынылды.

Сабақтың барлық кезеңіне, зертханалық әдіс – тәсілдерді, көрнекілік құралдарын, сараланған тапсырмалар жүйесін бірізділікпен қолданды. Әр тапсырмадан кейін тиімді кері байланыс  берілді. Жаңа тақырыптың күрделі тұстарын ұтымды амалдар арқылы яғни ой тастау арқылы жетелей білді. Білім алушылар білімдерін бақылап, ашық бағалаудың өлшемді шарттары электронды түрде жүргізілді. Сабақтағы үй тапсырмасы болашақ мамандар болғандықтан шығармашылық ізденіске бағытталады. Сондықтан логотиптерді қазіргі жағдайда трендке айналдырудың жолдары бойынша берілген тапсырма әр білім алушының кәсіби мүмкіндігін айқындамақ. 

Сабақта білім алушылардың тапсырманы орындау барысында сенімділіктері  басым болы. Бұл оқытушы үшін үлкен жетістік деп білемін.  Оқу мақсатына сай, сабақ мақсатын айқындай білген Асел Биболатқызы сабақ соңында жақсы нәтижеге қол жеткізді. “Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз”, – деген Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым мұғалімдер алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғанын қайталаумен келеді. Жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші – білім деңгейімен өлше­неді. Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та­бандылықтың үлгісін көрсетуші.

Осындай үлгіні ұстану арқылы пән сабағын қашықтық деңгейінде болса да, білім алушылармен ара қашықтықты жақындата білген әріптесіме шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Ал осындай шаралардың тәжірибеде барынша шыңдалынуына ықпал етіп отырған облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Алуа Жанатайқызына барша колледж әдіскерлері тарапынан айтар алғысымыз шексіз.

Гулжамал Калдыбекқызы ҚАЛАБАЕВА,
Алматы экономикалық колледжінің,
Айгүл Жанұзаққызы ЖАНҰЗАҚОВА,
Санджар Жандосов атындағы Қаскелең
кәсіптік-техникалық
колледжінің әдіскерлері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий