Егер сыбайлас жемқорлық қоғам дерті болса емделе ме?

Сыбайлас жемқорлық… Осы сөзді естігенде не екен бұл, қоғамдағы құбылыс па, дерт пе, әлде адам табиғатының заңы ма? Осындай сұрақтар ойға келеді. Бұл сұрақтарға жауап табу қиын болса да, жауап беруге тырысайын. Жалпы жемқорлықтың емі жоқ ауру, ешқашан жазылмайтын дерт деуге болмайды. Себебі кез-келген аурудың ерте ме, кеш пе емі, дәрісі табылады. Сол үшін де бұл ауруды асқындырып алмау үшін алдын ала әрекет жасау керек.

Сыбайлас жемқорлық қазақ халқына ғана емес, жеті миллиардтан астам халқы бар бүкіл әлемде шешімі қиын өзекті мәселеге айналып отыр. Егер барлық ел күшін салып күрессе жеңе алмайтын жау, дерт болмайды.Адамзат мұндай аурумен ежелден бері күресіп келе жатыр. Демек, тарихқа сүйенсек, б.з.б. үшінші мыңжылдықта шумердің Лагаш Патшасы Урукагина өз қызметшілерінің, соттар мен олардың орынбасарларының, діни қызметшілерінің өз қызметін асыра пайдалана отырып пара, сыйлық алуға тыйым салғанын білуге болады. Бұдан басқа Мысыр, Қытай, Үндістан және Иудей елдерінің тарихи кітаптарында да жемқорлық туралы жазылған.

Сонда көріп отырмыз жемқорлық пен парақорлық біздің заманымыздың дерті емес, ежелден келе жатқан жаман әдет екен. Сол кезде де олар күресіп емін таба алған, егерде жемқорлық ол заманда тоқтатылмаса мынадай заманауи кезімізге жетпес едік деп ойлаймын. Біздің дертке еміміз – әділдік пен адалдықты негізгі адами қасиеттерді барлығынан жоғары қою керек деймін. Жемқорлық, парақорлық – ешқашанда жақсылыққа әкелмеген және де әкелмейді де. Мемлекеттің жоғары лауазымдағы аға-әпкелеріміздің өз лауазымын өзінің жеке мүддесіне, отбасына қолдана отырып, мемлекет пен қоғамға кесірін тигізе отырып, үлкен қылмыстық әрекет жасайды.

Жемқорлықтың басталуы ол ұсыныстан болады, демек пара беруші өз мақсаты үшін лауызымды кісіге белгілі бір мөлшерде ақша немесе бағалы заттарды ұсынады. Екіншісі, ол өршуі, демек лауазымдағы кісі сол ақшаны қабылдап, пара берушінің өтінішін бұлжытпай орындайды. Бұл жерде тағыда үшінші жақ та болуы мүмкін ол – делдал, екі ортада жүретін адам. Осы үш кейіпкердің де жолын кесу керек, себебі осының салдарынан мемлекет пен қоғамғаның дамуына кері әсері тиюде. Жауапкершілікті пара берушіге де, пара алушыға да, делдалға да күшейту қажет.

Сыбайлас жемқорлықтың қандай кесірі барына тоқталып кетсек. Біріншіден, мемлекет экономикасының дамуына үлкен зиян тигізеді, экономика өсуінің тежелуінен саяси қиыншылықтар көбейеді. Екіншіден, мемлекеттік билік халықтың сенімінен шығады. Егерде үлкен лауазымдағы адамдар халық алдында адал қызмет етем деп ант беріп, артынан парқорлықпен айналысса және елдің, халықтың қамы емес, өз мүддесі мен мақсаты үшін жүрсе, ешкім оған сенімділік көрсетпейді. Егер мемлекетте дағдарыс болған кезде оларға халық тарапынан ешқандай көмектің, қолдаудың болмауы мүмкін.

Үшіншіден, еліміздегі жаңа буын – жас ұрпақ әділетсіздік пен арамдықты көріп өссе, олар да болашақта соны істейтін болады. Сол үшін қазірден, дәл осы уақыттан бастап әділдікті, шыңдықты жақтап, үлкендер жастарға үлгі болуы керек. Саналы ұрпақ, тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы біздің қолымызда! Қазақстан – адал, ашық, жоғары өркениетті, құқықтық мемлекет деп барлығымыз қай жерде болсақ та ұялмай айтатындай дәрежеге жеткізуміз керек!

Бегзат ӘБДІХАЛЫҚ,
Дулати Университетінің экономика және құқық

факультетінің 1-курс студенті, “Саналы ұрпақ”
клубының мүшесі, Тараз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий