Бағалы бастамалар биік белестерге бастайды

Біздің білім ордамыздың жетекші мектеп ретінде мақсаты айқын, жоспары жинақы, әр ісі нәтижелі. Біз тұрақты, болжауға келетін SPOD әлемінің орнын басқан, белгісіздік пен тұрақсыздық жайлаған VUCA әлемінің талаптарының бірі – оқушылардың бойына құндылықтарды дарыту деп түсінеміз. Бүгінгі жас ұрпақ қандай? Қазіргі таңда не құнды?

Құндылықтар қалай бағаланып жүр? Иә, сұрақ көп, жауап та сан қилы… Осы сұрақтарға жауап іздеу үшін 2016 жылы ҚР мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курсында тыңдаушылар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «100 кітап, 100 ән» жобасының негізінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 ән, 25 кітап» жобасы туралы бастаманы қолға алған болатын. Біздің ұжым да жетекші мектеп ретінде аталмыш жобаны енгізуге ұжым болып атсалысуда.

«Кітап оқу және әнді зерттеу арқылы оқушылардың бойына құндылықтарды дарыту мүмкіндіктері қандай?» тақырыбында іс-әрекеттегі зерттеудің үш кезеңін Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалымен бірлесіп жүргізу бізді жетістікке жетеледі. Ата-аналар, оқушылар және мектеп мұғалімдерінен құрылған қоғамдастық аясында зерттеу тәжірибесімен ұдайы бөлісіп отыру, ұжымдық рефлексия жасау арқылы құндылықтарға негізделген білім беру моделі құрылды. Құндылықтарды шынайы өмірде қолдануға ықпал ететін тәрбие жобалары туралы серіктес мектептер үшін ашық диалог алаңдары (квест, виртуалды көрме және тағы да басқа) ұйымдастырылды.

Кітап оқу – шабыт пен уәжге жетелейтін құрал екендігі, әннің тарихын зерттеу мәдениетін қалыптастыру – оқушылардың өркендеу негізін қалаушылар қатарында болуын көздейтіні айқындалды. Жұртшылық тәрбие жобаларына қызығушылық танытқан соң цифрландыру қолға алынды. Youtube хостингінде жеке 2 канал («Мусаева К» және «Оқушылардың буктрейлерлері») ашылып, зерттеу деректері жүктелді. Сонымен қатар www.facebook.com әлеуметтік желісіндегі парақшамыз арқылы тәжірибе алмасу да қолжетімді. Ендеше, біз «барлық оқушылары кітап оқитын жетекші мектеп» ретінде жаңа кеңістіктегі мүмкіндіктерді пайдаланып, бірігіп үйрену мен үйрету жолын таңдаймыз.

Қалдықыз Айтжанқызы МҰСАЕВА,
Ғабит Мүсірепов атындағы № 86 мектеп
гимназиясының директоры, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий