Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің маңыздылығы

Бүкіл әлем елдері жаңа дәуірде бұрыңғы формациядан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып, өзгерістерге ұмтылып, жаңашылдыққа жол ашып, тың идеялар мен ұғымдар қалыптастырып көштен қалмауға, ілгері қадам басуға тырысуда. Адамзаттың байырғы заманнан бері келе жатқан қарым-қатынас орнатудың бірден – бір құралы тіл болып табылатыны баршамызға мәлім. «Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ» деген ұлы халқымыздың мақалы бар. Ол тек ой алмасу, сөз алмасу ғана емес, жаһандану  заманында көптеген мүмкіндіктерге, ғаламат перспективаларға жол ашатын, бәсекелестікке төтеп бере алатындай күш беретін қару іспеттес сипатқа айналғаны біраз уақыт.

Қазақ халқының жастары үшін көптілді меңгерудің маңыздылығын Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласында: “Біздің балалар – бұл планетаның балалары, олар жалпы дүниежүзілік кеңістікте, үздік білім ордаларында  оқуда, сондықтан ана тілі – қазақ тілін, орыс тілін, және жалықаралық ағылшын тілін қатар меңгерулері өте маңызды”, – деп, жастардың бағыт-бағдарын айқындап өтті. Яғни, қазіргі жас буын осы бір маңызды ойды түсініп, бойларына сіңіріп, мемлекет ұсынған барлық мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, өз бойларындағы күш-жігер, қайратты жиып, талпыныс жасап, серпіліске бет бұру қажет.

Бабаларымыздың «Өз тілің – бірлік үшін, Өзге тілің – тірлік үшін» деген ұлы сөзі, өзге тілді білу жаңа горизонттарды ашуға таптырмас мүмкіндік екендігін көрсетіп тұр емес пе? … Көптілді білім беру әртүрлі тілді біруақытта игеруге бағытталған көптілді тұлға индивидін оқыту, тәрбиелеу, және жетілдіру сияқты үшжақты үрдісті мақсатты түрде ұйымдастыру болып табылады. Көптілді білім беруді жүзеге асырудың негігі идеялары: білім алушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына қарай көптілді қолдануға мотивациялау мен ынталандыру, мәдениет аралық қарым-қатынасты қалыптастыруға дағдыландыру, белгілі бір мәдениеттердің ерекшеліктері мен олардың арасындағы қарым-қатынасты тіл арқылы үздіксіз тану.

Әрі өз мәдениетіне тән бірегейлікті жоғалтпай, бірақ соның аясынан шығып өзге тілді тану арқылы мәдениеттер арасында медиатордың дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Яғни, біздің мақсатымыз – жаңа ғасыр жастарына тән, ашықтық, білімге құштарлық, жаңашылдыққа бетбұрыс, кез-келген жағдайларға оңай әрі тез бейімделе алу, бойларындағы қабілеттерінің ұтымды жақтарын қолдана алу, ысырапшылдыққа жол бермеу, тіліміз, дініміз, таримымыздың мәдени мұрамызды сақтай отырып прагматизм дәстүрінде бәсекеге қабілетті тұлғаларды тәрбиелеу болып табылады.

Міне, көріп отырғанымыздай, көптілді игеру өзге халықтың мәдени мұрасымен, ғылымымен, олардың тарихымен, әдебиетімен, дәстүрімен, өнерімен танысуға мүмкіндік береді. Әлемде екі жүзден астам мемлекет болса, одан да көп халық және мәдениет түрлері бар, 2020 жылғы мәлімет бойынша дүние жүзінде 7174 түрлі тіл бар екен. Оның ішінде аса кең таралған қырық тілде Жер планетасының 2/3 бөлігі сөйлейді. Ең көп адамдар қолданатын тілдер – қытай, хинди, ағылшын, испан, араб, орыс, португал және француз тілдері.  Сонымен қатар жойылып бара жатқан тілдер саны төрт жүзге жуық. Тілдердің жоғалуының басты себептері глобализация мен миграция процестері болып табылады.

Ғалымдардың болжамы бойынша қазіргі таңда қолданыстағы тілдердің жартысы осы ғасырдың жартысында-ақ жойылып кетеді.  Егер тілді балалардың 70%-дан азы меңгеріп жатса, ол тіл жойылу үстінде деген сөз дейді ғалымдар. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген бабаларымыздың сөзінде үлкен мағына бар. Қазақ тілінің байлығын, кеңдігін, құдіретін Абай атамыздан бстап Шәкәрім, Мұқағали аталарымыз қазақ тілінің бар байлығын ашып көрсетіп, өлең шығармаларында жырлаған.  Қазақ тілінде біздің ұлтымыздың жаны, рухы сақталған. Демек, тілімізді жоғалтсақ, ұлтымызды, рухымызды жоғалтамыз. Оны да қазіргі жастар естен шығармаған жөн.

Тәуелсіз елдің өскелең ұрпағы тілдің қасиетін, құдіретін, маңыздылығын түсінеді деп ойлаймын. Өз тілімізді сақтай отырып, оны дамыту, өзге елге таныту зор мәртебе емеспе? Бүкіл жаһандық әлемге қазақ тілін паш етіп жүрген, тілімізде ән айтып, күміс көмейімен төрткүл дүниені аузына қаратқан Димаш бауырымыздай қандастарымыздың осы орайда атқарып жүрген еңбектері зор. Әрбір қазақ баласының жүрегінде өз еліне, тіліне, дініне деген құрмет, махаббат болса, тіліміз, еліміз одан әрі дамиды деген ойдамын. Дүниеде  жаһандағы ғылыми жаңалықтардың көбісі мәдениеті, ғылымы дамыған елдердің еншісінде екендігі рас.

Әрине біздің ел де сол қатарға ілігу үшін ептеп тырысуда. Және елімізде осындай дәрежеге жетуге мүмкіндіктер бар, дарынды жастар баршылық, алайда өз жаңалығымызды өзге елге көрсету үшін, түсіндіріп, жеткізу, мойындату үшін де өзге тілді білу қажет. Қазақстанда білім мен ғылымның дамуы бойынша кешенді іс-шаралар атқарылып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде алты жыл бұрын әлемдік көшбасшылар, соның ішінде мемлекеттер және үкіметтер басшылары кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күресуге уағдаласты.

Сондай-ақ климаттық өзгерістерге байланысты мәселелерді шешуге бағытталған тұрақты дамудың 17 мақсаттарынан тұратын тізімді қамтитын 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы Күн тәртібін қабылдады. Қазақстан тұрақты даму мақсаттарын орындау бойынша өзіне міндеттемелер алған ел ретінде барлық бағыттар бойынша белсенді жұмыс істейді және жаһандық мақсаттарға табысты қол жеткізуге өз үлесін қосуға дайын, соның ішінде әділетті, сапалы баршаға бірдей білім беру мен барлығына бірдей оқуға мүмкіншілікті ынталандыру.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін дүние жүзінде білім беруді жетілдіру бағыттары іске асырылып жатыр: мектепалды даярлықпен қамтамасыз ету, 12 жылдық мектеп білім беру моделі, білім алушыларда жаңа ғасыр дағдыларын қалыптастыру, сапалы әрі бағасы қолжетімді жоғарғы білім беру. Көрсетілген бағыттар Қазақстандық білім беру жүйесіне де приоритетті бағыттар болып табылады. Мемлекетіміздің отыз дамушы елдер қатарына қосылу бағытында нақты жоспары бар екендігін көпшілік естісе де, нақты қадамдарын елемей жатқаны бар.

Бұл тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғырту бойынша нақты қадамдар деген атпен жария болды. Оның ішінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін нақты Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы құрылған. Және нақты қадамдар жасалынып жатыр. Отандық білім беру саясаты білім беру ортасын интернационализациялауға, бәсекеге қабілетті үш тілді еркін меңгерген мамандар дайындауға бағытталған. Әрине осы мамандарды даярлайтын ЖОО да осы саясатты ұстанады.

Дулати  Университетінің мұнай газ және механика факультетінде де  тапсырманы орындау бойынша нақты қадамдар іске асырылды. Факультетке қарасты  мұнай газ ісі кафедарасында екі жыл қатарынан студенттер арасы іріктелініп, ағылшын тілін білетін, түсінетін студенттер көптілді білім беру тобына жинақталды. Қазіргі таңда1, 2, 3 курс көптілді топтарда Пәндердің 30-50 пайызы ағылшын тілінде жүрзігіледі. Яғни біздің жоғары оқу орны сапалы әрі бәсекеге төтеп бере алатын, қазіргі заманның көшіне еркін іліге алатын кадрларды даярлауға басымдық беруде.    

Жастарды тәрбиелеу, жол көрсету әрине әрқашан жоғарғы буынның еншісінде. Кафедрамыздың Профессорлық-оқытушылық құрамы да көптілді білім беру саясатын қолдайды, әрі осы бағытта ізденіс үстінде. Жас оқытушылар ғылымның болашағына үлес қосу үшін көптілділікті игерудің маңызын, қажеттілігін анық ұғынуда. Қазіргі таңда кафедрамызда көптілді оқыту топтарына дәріс оқитын оқытушылар құрамы отыз пайызды құрайды. Әрі қарай бұл көрсеткіш өседі деп ойлаймын.

Дина ИСАЕВА,
Дулати Университетіндегі мұнай газ
ісі кафедрасының  оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий