Бүлдіршіндер танымы: Жаңа технологиялар арқылы дамыту

Ұлт болашағы бүгінгі балаларымыздың білімі мен біліктілігіне, саласы мен тәрбиелігіне байланысты. Халқымыз «Сана берсін» деген тілекті тегін айтпаса керек. Ал ғұлама ғалым Әл-Фараби балаға алдымен тәрбие берілуі керек, онсыз берілген білім оның өміріне зиян келтіретіні туралы айтқан. Олай болса тәрбиелей отырып білім алуға мүмкіншілік туғызу,жағдай жасау негізгі міндет болып келеді.

Тәуелсіз еліміздің білім саласындағы құқықтық құжатырына сәйкес жаңа ұлттық білім үлгісі бойынша мектепке дейінгі баланың жеке басын тәрбиелеуге педагогикалық дамудың бұрыннан қалыптасқан әлеуметтік бағыттары түбегейлі өзгеруге тура келеді. Бұл жастағы балалардың бойында адамға тән қасиеттердің өнегелі үлгілерін ойдағыдай қалыптастыру арқылы мектепке дайындау, мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті. Баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, білім алуға ден қоюы оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі.

Осы сәттен кейін баланың мінезі мен жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайды. Балалардың мектепке дайындығына сапасына келетін болсақ, мектепке дейінгі жаста  адам өміріне қажетті психикалық және дене тәрбиесі сапалық тұрғыдан жетілуге көшеді. Баланың мектепке дайындықты балабақша мен мектептегі әдістері мен. тәсілдерді ұштастыру арқылы жүзеге асыруға болады. Дегенмен  қойылатын міндеттілік, реттілік, ойын түрлерін пайдалану, өз кезегімен бір-бірден  жауап беру сияқты талаптар бірдей болу тиіс.

Осы шақта қоршаған  ортаны қабылдау, өзіне деген қарым- қатынастарды атап айтқанда 3-7 жас аралығында эмоциялық танымдық  және ерік сезімдері нығаяды. Еліміздің  даму деңгейі  мектепке дейінгі кезеңнен бастап балаларымыздың дүниетанымын дұрыс бағыттаудан басталады. Балабақша жағдайы онда түрлі оқыту технологияларды кеңінен қолдану үстінде. Балалық шақ – ең қызықты әрі шуақты сәттер. Сондықтан, біздің балаларымыз қазіргі заман талабына сай, қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психологиясы қалыптасқан  парасатты азамат болып өсулері үшін білім саласында еңбеке ететін біздерге үлкен жауапты міндет.

Қазіргі заманғы білім беру құрылымында көптеген жаңа технологиялар өмірге келуде. Солардың бірі – ойын технологиясы. Басты мақсат:  баланың ой өрісін, танымдық қызметін, нақтыланған іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, қажетті тәжірибелік қызметін кеңейту. Тәрбиелік ұсьанымы дербестікке, жігерлікке, ынтымақтастыққа, ұжымдыққа, коммуникативтілікке үйретуге бағыталған. Дамытушылық бағыты: зейінін, есте сақтауын, сөйлеуін, ойлауын, салыстыру іскерлігін, үйлесімін тауып, қиялдауын, қиялы мен шығармашылық қабілетін арттыруды көздейді.

Шынайы анықтамасын беретін болсақ, ойын дегеніміз – баланы әдептілікке, сауаттылықа, жан-жақтылыққа баулитын құрал. Ойын дегеніміз – ұшқын, сол ұшқыннан бала бойына білімге деген құштарлық пен іздінушілік және еліктеу секілді маздап жанар от тұтанып лаулайды. Ойынның түрлері өте көп. Ойын жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық ойындар, ұлттық ойындар және тағы басқа ойын түрлері бар. Ойын негізінде ойлау аоқылы тапсырмаларды өзінше зерттеу, орындау, жеке шешім қабылаумен қатар пікірін жетік айты жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана  бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік жігері мықты және дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан әрі болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.

Балабақшада қолданылатын ойындардың түрі жетерлік. Біз оларды оқу-тәрбие үрдісіндегі ең маңыздыларын және жиі қолданылатындарын ғана білеміз. Ойын технологиясының нәтижелігі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелігімен, екіншіден дидактикалық міндеттерімен үйлестірілген ойындардың мақсаттылығымен анықталады. Бүгінгі таңда біздің қоғамға ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепалды мекемелерде балаларды  тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, сондай–ақ жаңа тнхнологиялармен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.

Жаңа стандартты жалпы ережесінде педагогикалық процестің жаңашылдығын қамтамасыз ету көзделген. Осы стандартқа сай балабақшада тәрбиелеп оқытудың басты құралы – бағдарламалар жаңартылып, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Оқыту жолдарының көптүрлігі, олардың бірте-бірте жетілуі педагогтар  алдына тиімді жолдарды анықтап, қолдану қажеттілігі туралы күрделі мәселе қояды. Сондықтан әр педагогқа сапалы білім беру үшін көп ізденуге, жаңашылдықты тез үйренуге тура келеді. Сондай жаңа технологиялық ойындар түрінің бірі В.Воскобович ойындарымен жұмыс жасай бастадым.

Мен өзім мектепалды тобымен жұмыс жасаймын. Бізге В.Воскобович технологиясы өте қолайлы боп тұр. Әр сабағыма енгізіп жұмыс жасап жүрмін. Көбіне қарапайым математикада жиі қолданамын. Бұл ойын өте көп функционалды болғандықтан  көптеген білім беру міндеттерін шешуге болады. Балалар өздері сезбей–ақ цифрлар мен әріптерді меңгере бастайды. Түс пен пішінді біледі және есінде сақтайды. Қолдың ұсақ моторикасын шынықтырады. Тілін мен ойын, зейінін, есте сақтауын, қиялын жетілдіреді. Ойындар оқу, математикалық дағдылар.

Құрастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту тәсілдері арқылы жүреді. “Геокант», «Сиқырлы басқыштар», «Воскобович шаршымымен» неше түрлі қызықты ойындар, ертегілер ойлап және оларды осы ойындардың  бөлшектерінен құрастыруға болады. Машиналар, ұшқыштар, кемелер, көбелектер  мен құстар, батырлар мен ханшайымдарды – бүкіл ертегі әлемін құрастытуға мүмкіндік бар. Ойындар ересектерге де шығармашылық пен жұмыс істеуге пайдасын тигізеді. Әр ойынға жеке тоқталып өтетін болсақ, мысалы «Геокант» ойынын математикада колдануға ыңғайлы, сенсорлық қабілеттерін (түс, түр, пішін) арқылы дамытуға болады.

Ойлау процестері (сөздік модель бойынша құрастыру, симметриялы және  симметриялы емес фигураларды құрастыру, заңдылықты табу және бекітуге болады). “Вокобович шаршысы» (Ойын шаршысы)  иілмелі негізге бекітілген және біріншісінен келесісі белгілі бір қашықтықта орналасқан 32 қатты ұшбұрыштардан тұрады. Осындай құрылымына қарай шаршы жақсы трансформацияланады. «Игровизор» ұзақ ойналатын бұл ойынды сауат ашу пәнінде жиі қолданамыз. Сол сияқты «Сиқырлы гүлдер» бұл ойында түстерді ажыратуға бейімделген балғындар әр түрлі фигуралар құрастыра алады.

«Әріптер лабиринтті» шашылып қалған әріптерді жинау, сөздер құрастыру, майлықпен сүртіп жаңа сөздер жазу өте қызықты. Осындай құрастыру балаларға дыбыстардың буынға айналуы принципін түсінуіне көмектеседі. Балаларды бұл технология арқылы ерте оқуға дайындау үшін арналған керемет оқу моделі. Бірегей құрылым, әріптер жиынтығы, көрнекілік, бейнелік, буындар мен сөздерді «құрастыру» жеңілдігі. Бұл ойынды «Үзақ ойналатын шаттыққа» айналдырады. Бұл жерде білім беру міндеттері мақмұнға кіріктірілген. Дамытушы ойындар балаларға білім алуды қызықты қойылым ретінде береді.

Мотивациялық сипаттағы мәселелерді шешеді, үйреніп жатқан білім, білік, дағдыларына қызығушылық туғызады. Ойын әдетінде балаларды да ересектерді де бей-жай қалдыра алмайды және оларға шығармашылықтарын қосуға көмектеседі. Ойындар балаларға сенсорлық тәрбиесінің, сезім мүшесінің дамуына, айналадағы болмысты танып түсінуге әрекет жасайды. Ең бастысы логикалық және басқа да қасиеттерін қалыптастырудың негізгі кезеңі болып табылады.     

Нурзият Алгожаевна СУРАНЧИЕВА,
Күншуақ” балалар бақшасының
тәрбиешісі, Алматы облысының
Ескелді ауданындағы Көкжазық ауылы                                 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий