Мотивацияның мәні – жігерді жануды жаңаша жетілдірілу

Алғаш рет неміс философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында қарастырған Мотивация ұғымы – қолданылу ыңғайына қарай қазақша «ниет», «түрткі», «кірісу», «жігерлену», «ынталану» сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым екен. Moveo латынша сөз болып, «қозғалу, әрекет ету» мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада «қозғалту, әрекетке келтіру» мағынасын береді.  Қазіргі таңда мотивация көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.

Гаухар Арыстанбекқызы

 

Педагог ретінде осы ұғымды қарастыра отырып, біз былайша анықтама бергенді дұрыс деп санадық. Мотивация-бұл адамның ішкі қасиеті, оның қызығушылығымен байланысты және қоғамдағы мінез-құлқын анықтайтын мінезінің ажырамас бөлігі. Ынталандыру деп алсақ, (стимул)-бұл адамға әсер ету, оның мақсаты-адамның қызметіне бағыт беру, қоғамдағы мінез-құлқын түзету болып табылады. Оқыту шаралары, курстар барысында қатысушылардың мотивациясына тікелей әсер етуші – тренер болып табылады. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында каскадтық оқыту тәсілі кеңінен таралып келеді. Каскадтық оқыту- бірнеше кезеңнен тұратын қызметкерлерді оқыту.

Оқуды бірінші болып мектептің әдістемелік актив мүшелері немесе көшбасшы ұстаздар тобы өтеді, олар алған білімдерін өз мектебіндегі өзге әріптестеріне  беру үшін арнайы курстар мен оқыту шараларын ұйымдастырады. Сол курстарда әріптестердің ішкі мотивациясының жоғары болуы үшін мотивация типтерін ажыратып алғаны дұрыс. Мотивацияның жоғары деңгейінің көрсеткіші: курстың соңына дейін жету/аяқтау; курстан кейінгі білім/білік сапасы екенін ескерсек, тыңдаушыларды курстың соңына дейін жоғары мотивациямен жетуіне тренер оң ықпал етуі керектігі айқындалады. 

Ғылымда мотивацияның бірнеше теориялары кездеседі. Мотивацияның экспектационалды құндылық теориясы; мотивацияның өзіндік тиімділік теориясы; мотивацияның жетістік теориясы; мотивацияның мақсатқа бағытталған теориясы; өзіндік тану теориясы; мақсатқа жетуге бағытталған теория. Соның ішінде мотивацияның мақсатқа бағытталған теориясын қарастырар болсақ, Джералд Гроу ұсынған SSDL моделін тиімді деп тануға болады. (Gerald Grow «The staged self-directed learning, Промежуточные этапы самостоятельного обучения»). Бұл модель – кезең-кезеңмен дербес оқытуға бағытталған.

Мұндағы тренердің мақсаты-тыңдаушының өзін-өзі басқару сатысына сәйкес келуін және жоғары сатыларға көшуіне дайындауы және соған бағыттауы. SSDL моделі бойынша төрт кезең анықталған. Алғашқы кезеңде тыңдаушылар – тәуелді тыңдаушы ретінде танылады. Тәуелді тыңдаушыларга нақты нұсқаулар беру үшін беделді тұлға қажет. Бұл тыңдаушылар үшін оқыту тренерге бағытталған. Олар тренерлерге білім алудың басты ресурсы ретінде қарайды. Кейбір тыңдаушылар тренерге уақытша ғана тәуелді болуы мүмкін, кейде курс соңына дейін тәуелді болып қалу жағдайы  да болады.

Жанат Таңатарқызы

Ғалымдардың пікірінше «оларға тиісті білім, дағды, тәжірибе немесе мақсаттарына жету үшін мотивация мен өзіне деген сенімділік жетіспейді». Дегенмен оқуға деген мотивациясы100 пайыз болады. Әрине, тренерге тәуелді болу кемшілік емес. Бірақ бұл белгілі бір шектеулер қоюы мүмкін. Барлық төрт кезеңде де тыңдаушыларда тәуелділік болады, бірақ кейбірі оны азайтады да кейбірі кез келген жана ақпарат алдында тренерге тәуелді болып калумен өзін шектей береді. Бұндай тыңдаушыларға қандай әрекеттермен әсер ете аламыз? Коучинг тәсілдерін қолдану. Сенімділікті орнату. Сабақты ресми түрде өткізу (ресми дәрістер).

Күтілетін нәтиже, кездесуі мүмкін қиындықтар туралы ақпарат берілуі. Накты нұскаулар мен нақты тапсырмалар, Жүйелі ұйымдастыру. Инсайт. Нақты қадамдар, алгоритм усыну. Жиі кері байланыс орнату. Қатаң тәртіп, айқын бағыт. Таңдау бермеген жөн, өз ісіңіздің/ пікіріңіздің дұрыс екеніне көз жеткізу керек, шешім біржакты шығуы маңызды. Аса жұмсақ болмаңыз, (өз пайдасына қолдануы ықтимал). Нақты шешім шығарыңыз, алда тындаушы да өзі соған дағдыланады. (Яғни накты шешім кабылдайтын болады). 

Екінші кезеңде тыңдаушылардың қызығушылығы жоғары болады. Тапсырмаларды орындауға әзір, бәрін орындайды, тиянақты жасайды. Екіжакты байланыс жүйелі орнайды. Бірақ өзге нәрселерді көп ойлай бастайды, мысалы курс ұзақтығы немесе тапсырмалардың күрделілігінің артуы, отбасындағы кедергілер, асығыс шаруалар жайлы. Соның салдарынан қобалжу туындайды. Осы кезеңде тапсырмалардың белгілі бір дағдыны дамытудағы маңыздылығы жайлы нақты түсіндірулер керек. Мотивация мен марапаттау маңызды. Нәтижесінде дербес оқуға бағытталады.

Себебі осы кезеңде тренердің қызметінің бір бөлігі тыңдаушыларын дербестендіруге бағыттау болып табылады. Өздерінің жеке мүмкіндіктерін, оқу стильдерін, оқу тәсілдерін анықтауға мақсаттарын нақтылауға мүмкіндік беріледі. Екінші кезеңде қандай іс-әрекеттер тренер үшін маңызды болмақ? Әрбір сабақты тыңдаушылардың қажеттілігімен байланыстыру. Әрбір тапсырманың, ақпараттың құндылығын нақтылау. Тренер басшылығымен талқылаулар. Шабыттандыратын сөздер. Нәтижеге бағытталған жобалар. Мұқият қадағалау. Сенімді кері байланыс. Интерактивті ресурстар. Тығыз қарым-қатынас және мақсатқа бағдарлану.

Бұл кезеңде тренер тыңдаушыны барынша дербес болғанына дейін қызықтырады, егер де тыңдаушы әлі де  тәуелді болып қала берсе, онда бұл тренердің тиімді ынталандырмауы болуы мүмкін. Үшінші кезеңде тыңдаушыларда дағды мен білім қалыптасады, өздерін жетілдіру жолында анық көре алады. Жақсы «Гидпен» жаңа нәрселерді зерттеуге дайын. Кейде өзі де жасауы  мүмкін. Осы кезеңде оларға тиімді тәжірибе жетіспеуі де байқалады. Тыңдаушылардың өзгенің тәжірибесіне сүйенуі, бағалау, сыни ойлау дағдыларын жетілдіруге қолдау кажет болады.

Олар бір-бірімен де мұғаліммен де бірлесе жұмыс жасай алады және бұл оларга ұнай бастайды. Тренер осы кезеңде нәтиженің маңыздылығына, оған жетудің тәсілдеріне жиі- жиі оралып отыруы керек. Тыңдаушылар құзыреттілігі, жеке дербестігі артып, күрделірек тапсырмалар орындауға дайын болады. Үшінші кезеңде нен ескеру маңызды? Тренер-фасилитатор. Тренер-экскурсовод. Тәжірибелі гид. Топтық жұмыстар/жобалар. Жазбаша кері байланыстар. Жетістіктер мониторингі. Тренер тек қатысушы ретінде. Андрогогика тәсілдері.

Соңғы төртінші кезеңде тыңдаушылар тренердің көмегінсіз де көмегімен де жеке мақсаттар қояды, сол мақсатқа жету жолында тренер қолдауын ресурс ретінде қолдануы мумкін. Дербес деген олардың жалғыз жұмыс жасауын білдірмейді. Өз оқулары үшін жауапкершілікті өздері алғысы келеді. Осы кезеңде оларда таймменеджмент, өзін-өзі бағалау, басқару, ақпарат жинау, ресурстарды қолдану дағдылары жетілген. Соңғы кезеңдегі Тренер рөлі – неге фокус жасау керегін түсіндіру және бақылау. Тыңдаушыны окыту кызметі оның оқуын жүйелеуіне бағыт беруге ауысады. Нәтижесі – білік, дағдысы калыптасқан тәжірибелі тыңдаушыға айналады.

Тренер үшін тиімді кеңестер: тапсырмалардың критерийлері жайлы пікірлерін білу; нәтижелерін үнемі бірлесе талкылау; жауапкершіліктен ауыткымай, бірлесе жұмыс жасауға, кеңесуге тарту; үнемі өзін -өзі бағалауын талап ету; тренер оны окытудан алшактап, дербестікке бағыттауы; жеке жұмы; кеңестер беру/алу; тәлімгерлік тәсілдерін қолдану. SSDL моделі арқылы әрбір тренер курс тыңдаушыларына оң әсер ете алады және әрбір кезеңдегі әрекеттерін, оның ынтасын бақылай алады деп айтар едік.

Себебі мотивацияны көтеру –ол  адамның мінез-құлқын басқаратын, оның бағытын, ұйымдастырылуын, белсенділігі мен тұрақтылығын белгілейтін процесс, адамның өз қажеттіліктерін белсенді түрде қанағаттандыру мүмкіндігі. Мотивациясына әсер ету арқылы тыңдаушылардың қызығушылығын оятып қана қоймай, іс-әрекетті басқаратын мотивтер жиынтығын құрауға болады.

Гаухар Арыстанбекқызы ТҰЯҚБАЕВА,
Жанат Таңатарқызы РАЙМКУЛОВА,
“Педагогикалық шеберлік орталығының”
Қызылорда қаласындағы  филиалы тренерлері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий