Мектепке дейінгі мекеме педагогтарының біліктілігін арттыру жұмыстарының әдістемелік жүйесі

“Біз даналықты үш жолмен үйренеміз. Ойлану – ең ізгі жол. Еліктеу – ең жеңіл жол. Тәжірибе жолы  – ең ауыр жол”, – дейді Б.Спиноза. Мектепке дейінгі мекеме педагогтарының жаңа технологиялар мен әдістемелер және бағдарламалармен танысатын орталықтары және ғылыми-әдістемелік кабинет үлгісінде ұйымдастырылған, мекеменің маңызды бөлшегінің бірі – әдістемелік жұмыстар орталығы. Бұл орталыққа балабақша әдіскері жетекшілік етеді. Педагогтармен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар білім беру жүйесін сараптау, жылдық жоспардың мазмұнын талқылау мен балабақшадағы білім беру бағыттарының негізіне және педагогтардың ұсынысына байланысты ұйымдастырлады.

Сонымен қатар әдістемелік жұмыс – педагогтар мен мемлекеттік білім жүйесін, психолого-педагогикалық ғылымдарындағы озық іс-тәжірибелер мен педагогтардың шығармашылық кәсіби әлеуетін іс жүзіне асырып, дамытуға үлес қосатын байланыстырушы орта. Педагогтардың біліктілігін жетілдіру жұмыстарының түрлеріне семинарлар, педагогикалық кеңестер, озық іс-тәжірибелерді зерделеу, педагогикалық тренингтер, жеке және топтарға бөлініп берілетін кеңестер және шығармашылық топ жұмыстарын жатқызуға болады.Осы әдістемелік жұмыстардың әрқайсысына тоқталатын болсақ. Семинар жұмыстары тәжірибелі педагогтың жетекшілігімен белгілі бір тақырып бойынша өтетін сабақтар реті.

Ол үшін педагог өзі тәжірибесінің теориялық деңгейін жетілдіру мақсатында жүргізілетін оқу тәрбие жұмыстарының белгілі бір тақырыбын таңдап алады. Ал біліктілікті жетілдірудің екініші түріне келетін болсақ, ол педагогикалық кеңестер. Педагогикалық кеңестер балабақшаның негізігі бағыттарына байланысты мәселелерді шешіп, талқылайды. Сонымен қатар әртүрлі тақырыпта ой қозғайтын педагогикалық, озық іс-тәжірибелердің мінбесі болып табылады.Сондай-ақ мекеменің жұмыс жоспарына енгізілген және уәкілетті органмен келісіліп бекітілген жоспар бойынша жұмыс істейді.

Мектепке дейінгі мекемедегі ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеттері мен іс шаралар арқылы тәжірибелі педагогжұмысының әдіс-тәсілдерімен танысып, зерделеу мүмкіндіктері туады. Педагогтар оқу-тәрбие үдерісінің, ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің, топтардағы демалыс шараларының ерекешеліктерін сараптауға үйреніп, озық істерді өз тәжірибелерінде қолдануға тырысады. Балабақшадағы кеңестер түрі әдістемелік жұмыстың кең тараған түрі болып саналады. Әдіскер өз тарапынан кез келген уақыттапедагогтарға ақыл-кеңес беру үшін педагогика мен психология ғылымдарында болып жатқан жаңалықтарды қадағалап,өзінің теориялық білім деңгейі мен кәсіби шеберлігін шыңдап отырады.

Бұндай кеңестерді әдіскер, балабақша меңгерушісі немесе тәжірибелі педагогтар, психологтар өткізуі мүмкін. Педагогтардың біліктілігін жетілдірудің тағы бір түрі үздік тәжірибелерді зерделеу болып табылады. Ол педагогикалық материалдарды жинақтау, оқыту жұмыстарында белгілі бір бағыттағыәрекеттердің нәтижесін сараптау, балабақшадағы барлық мамандардың жұмыстарының байланысын сипаттау, білім мекемесін мемлекеттік аттестаттауға даярлау  сияқты тағы да басқа міндеттер ретін шешуге мүмкіндіктер береді.

Балабақшадағы үздік тәжірибелер -ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің конспектісі, перспективтік және күнтізбелік жоспарлар, тәрбиешілердің педагогикалық күнделіктері, ертеңгіліктер мен іс шаралардың сценарилері, әртүрлі дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар, балалардың шығармашылық жұмыстары, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар ақпараттық материалдар түрінде ұсынылады. Ал педагогтардың шығармашылық топтары яғни шығармашылық зертханалар мен әдістемелік жұмысты және шығармашылық ізденушілік пен зерттеулердің элементтерін іс жүзіне асыруға арналған жаңа түрі деп атауға болады.

Сондықтан бұл жерде әдіскер бағалы ізденістер мен жаңашыл тәрбиешілердің тәжірибелерін жинақтап қолдануға ұсынып отыруы қажет. Педагогтардың біліктілігін жетілдірудің тағы бір түрі – педагогикалық тренингтер мен іскерлік ойындар – тәрбиешілердің педагогикалық қабілеттерінің дамуынан бастап нақты қалыптасуларына дейінгі кезеңді қамтиды. Ұтымды шешімдер айтып, нақты ұсыныстар беріп өздерінің және әріптестерінің жеке қасиеттеріне баға беруді жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі мекемедегі аталған жұмыстар педагогтардың біліктіліктерін жетілдірумен қатар ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына үлкен септігін тигізеді.

Сонымен қатар педагогтардың ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасауларына жол ашады. Осының барлығы жинала келе барлық педагогтарға өз тілін, ділін құрметтейтін рухани бай, денсаулығы мықты, халқының салт-дәстүрін ерекше қастерлейтін, ұлттық психологиясы жан-жақты дамыған болашақ ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.

Светлана СМАҒҰЛОВА,  
№14 “Айбөбек” бөбекжай
бақшасы
ның меңгерушісі, Алматы
облысының Талдықорған қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий