Жаңару үдерісі: Білім саласының бүгінгі серпінді жобалары

Қазақстан Республикасының білім саласына енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заманауи талаптарға сай болашақ ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарлама. “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және отандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігімен байланыстыру арқылы сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, қарым – қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – ғаламдық кеңістікті тану тілін оқытуда жаңашылдықтарды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы болып отыр.

Оқытудың әдіс-тәсілдері өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңартылып, жаңаша ой-пікір пайда болды. Осыған байланысты мұғалімдер алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Әлем алдыңғы қатарлы мектептер тәжірибелерін жалпылап, құнды бағыттары мен идеяларын ұлттық психологиямызға сәйкес пайдаланып, еліміздегі білім беру мәселесін жаңа жолға қою өзекті тақырып болып табылады.

Жаңаша әдіс-тәсілдерді оқып үйрену – заман талабы. Жеті модуль кіріктірілген осы бағдарлама – қазақстандық мұғалімдерге кәсіби біліктілігі мен педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және бағалауға көмектесу деп білемін. Білім беру – бұл жекелеген құбылыс емес, ол оқушылардың оқу қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені ретінде айқындалған. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Қазіргі таңда білім саласының басты мақсаты құзіретті, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырып, дамыту болып табыладыБүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Еліміздің әлемдік үрдістерге енуі  білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыру екені сөзсіз. Білім беру мазмұнын жаңарту өте қажетті мәселе болып отыр. Оқу үрдісін жаңа әдіс-тәсілдермен жаңарту болып табылады.

Тұңғыш Президент – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: “Орта білім жүйесінде мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек” – деген болатын барша отандастарымызға арнаған кезекті Жолдауында. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі неде? Ең бірінші пән мазмұнының  спиральді берілуі керек. Өйткені спиральді білім арқылы пәнді оқушы терең меңгереді. Оқу мақсатарына жету. Ортақ тақырыптардың берілуі. Оқу мазмұнының қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болуы жоспарлармен ұйымдастырылуы. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және критериалды бағалау жүйесін енгізу.

Негізгі міндеттеріның бірі оқу мақсатына жету үшін критериалды бағалау жүйесін енгізу. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі білім алушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшелінеді. Білім алушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады. Қалыптастырушы бағалау. Жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Қалыптастырушы бағалау тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі және үздіксіз жүре отырып мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік беріледі. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігін бағалауда жаңаша әдіс-тәсілдер қолданылып жатыр. Қалыптастырушы бағалаудың шарттары: білім алушының оқу мақсаттарын білуі және түсінуі; білім алушының тиімді кері байланыстың болуы; білім алушының өзіндік тану үдерісіне  белсенді қатысуы; білім алушының бағалау критерийлерін білуі және түсінуі; білім алушының өз жұмысын талдай алу білігі мен  мүмкіндігі.

Білімгерлердің оқу мақсаттарын білуі және түсінуіне қалай жетуге болады: бастапқы кезеңде мұғалім сабақ мақсаттарын айқындап, оларды оқушыларға түсіндіріп, бірге талқылайды; күнделікті талқылаулар келешекте оқу мақсаттарын бірге айқындау дәстүріне  айналуы мүмкін. Бағалау критерийлері оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі. Дескриптор – жетістік деңгейінің сипаттамасы. Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі: оқытушыға білімгердің оқу жетістіктерін обьективті түрде бағалауға мүмкіндік береді; білім алушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге бағалауға мүмкіндік береді; ата-аналармен білімгердің оқу жетістіктері бойынша обьективті дәлелдемелерлмен қамтамасыз етіледі;

Сонымен қатар білімгердің оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлау, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, комуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар. Қорыта айтқанда, жаңартылған білім беру бағдарламасының мәні, оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Білім алушы өзінің алған білімін шынайы өмірлік қажеттіліктерге асыра білуі керек.

Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Білім алушының бойына жаңа ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

Дина Утемисовна ЛУКАПАНОВА,
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық
колледжінің әдіскері, педагог-зерттеуші

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий