Ана тілі күні: Алуан мәдениетті сақтау жолы

Халықаралық Ана тілі күні жыл сайын ақпан айының 21-і күні өткізіледі. Осы арнаулы дата UNESCO Бас ассамблеясының 1999 жылғы 30-шы сессиясының шешімімен, 2000 жылдан бастап тілдік және мәдени ерекшеліктерді, сондай-ақ көптілділікті сақтау мақсатында бекітілген. Тіл рухани және материалдық құндылықтарымызды сақтаудың ең негізгі құралы болып табылады. Тілдерді зерттеуші мамандардың айтуынша, кез келген тілдің өмір сүруі үшін ол тілде кемінде 100 000 адам сөйлеуі керек екен.

Өткен ғасырдағы ғасырдағы әлемдік жағдайға шолу жасайтын болсақ, осы кездегідей тілдердің жойылуы бұрын-соңды болмаған жайға душар болды. Жаңа технологиялардың қарқынды дамуы тұтынушысы аз тілдердің жойылуына негізгі себеп ретінде қарастырылады. ЮНЕСКО-ның есебі бойынша, әлемнің шамамен 6000-ға жуық тілінің жартысы жуық арада өз тұтынушыларын жоғалтуы мүмкін. Халықаралық ана тілі күнін белгілеудің бір себебі ретінде осы жойылуға бет алған тілдерді сақтап қалу мәселесі де қарастырылған.

Тәуелсіздік жылдарында еліміздегі ұлтаралық және конфессия аралық толенранттылықтың қазақстандық моделі қалыптасты. Осы жылдар ішінде еліміз өз мемлекеттігін сақтап қана қойған жоқ, сонымен бірге экономикалық дамуда, азаматтық консолидация, этникалық және конфессиялық гетерогендік қоғам құрды, сондай-ақ сыртқы саясатта да айтарлықтай жетістіктерге жетті. Қазақстанда орныққан этностар менталитетінің ерекшелігі ойластырылған мемлекеттік саясатпен бірігу арқылы, гетерогендік қоғамда дау-дамайсыз өзіндік мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Оның нәтижесі тәуелсіз отанымыздағы мәдени-тілдік әртүрлілік қоғамның ыдырауы мен қатпарлануына емес, керісінше, оның рухани баюына және ойдағыдай дамуына алып келді.

Осыған байланысты, мемлекеттік мәртебе алған қазақ тілінің беделі көтерілді. Ана тіліміздің қолдану аясы кеңейді, оның қоғамдағы беделі де белең алуда. Осы фактор қазақ тілі мен осы күні саны 25-ке жеткен басқа да түркі тілдерінің қарым-қатынасы процесін объективті түрде ынталандыруды белсендіруде. Қазіргі кезде елімізде тұратын әртүрлі этникалық топтар арасында ең көбі түркі семьясының барлық топтарында сөйлейтін әр түрлі түркі этностарының өкілдері бар. Егер еуразиялық кеңістікте тұратын түркі әлемі елу түркі тілді этносты біріктіретін болса, бүгінгі күні республика аумағында 26 түркі этносы өмір сүреді.

Қазақстан қазіргі кезде түркі семьясының ішінде түрлі классификациялық топтарға жататын (қыпшақ, қарлұқ, оғыз, саян-алтай) түркі тілдерінің өзара ықпалдасқан және өзара кіріккен (ішінара жекелеген араласу) процесі жүріп жатқан өте сирек аймақ болып табылады. Осы тілдердің аналогы қазіргі кездегі түркі тілдері мен олардың топтарының қалыптасуына негіз болған. Қазақстанда сондай-ақ ең көне екі тіл (чуваш және жақұт (саха)) бар, сонымен қатар жойылу алдында тұрған қарайым, қырымшақ, шор тілдері де сақталуда, бірақ еліміздегі тофалар тілінің сақталмауы – өкінішті жайт.

Осы жерде елдің жоғары отқарушы билігі барлық этникалық топтардың, оның ішінде түркілердің де шынайы азаматтық тең құқықтылығына жету саясатын жүргізіп отырғанын атап көрсету қажет. Осындай іс-шаралар қатарына 1995 жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА), этномәдени ұйымдарды біріктіруші және олардың жұмысын үйлестіруші сирек институттың құрылуы, этникалық мәдениетке қолдау көрсету, олардың ана тілінде орта білім алуына жағдай жасау (ҚР тұратын этностар ішінде қазіргі кезде өзбектер мен ұйғырлар осы мүмкіндікке ие), 1939-1944 жылдары жұртымызға жер аударылған этностар өкілдеріне компенсация төлеу, ҚХА тарапынан саны аз этнос өкілдеріне жоғарғы оқу орындарына түскенде квота беруді енгізуді атап көрсеткеніміз дұрыс.

Мемлекет тарапынан жүргізіле бастаған саясаттан басқа, елдегі этностарды әлеуметтік сатыда көтеру (оның ішінде түркілерді де) процесінде осы этностардың елдің нарықтық экономикасына қатысуы да бизнес-салада бәсекелестіктің дамуына ықпал жасауда. Мысалы, өзбектер мен ұйғырлар – қонақ үй, дәмханалар ашу, музыкалық бизнесте күшті позицияларды иеленсе, түрктер, әзірбайжандар – ауыл шаруашылығында жетістіктерге жетіп отырғанын атап кетуге болады. Бір тіл басымдық алып тұрған мемлекетте туыстас түркі тілдері мен әдебиетінің өзара қарым-қатынасы зерттеу – келешектегі үлкен мәселе.

Ал осы мәселенің шешім табуы келесі міндеттерді шешуге ықпал етеді, атап айтсақ, Қазақстан аумағында тұратын түркі тілдерінің жағдайына әлеуметтік-лингвистикалық зерттеу жасау, Қазақстандағы түркі тілді халық өкілдерінің ана тілі мен мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесін анықтау, тәуелсіз, демократиялық ұлттық мемлекет және нарықтық экономика жағдайында олардың әлеуметтік және тілдік жаңа стратегияларын анықтауға жағдай жасалады.

Осы айтылған мәселелердің барлығы ана тілі күні – әр алуан тіл мен мәдениетті сақтау жолы екендігі даусыз. Бұл бағытта біздің ұжымдағы атқарылатын жұмыстардың үлкен саласы түрлі этностар көп шоғырланған Қордай ауданы мұғалімдерін қолдау болып табылатындығын атап кету керек. Аймақта педагогтердің кәсіби қажеттіліктерінің бірі – жаңа  формат қашықтан оқытуға байланысты бірқатар жобалар іске асырылуда.  Қордай ауданының Масаншы ауданында филиал қызметкерлері мен профессор-оқытушылық құрамынан жасақталған әдістемелік десант «Педагогтің кәсіби бағдары» тақырыбында үлкен іс-шара ұйымдастырылды.

Болашағы зор, азаматтардың сенімді келешегін қамтамасыз етудің өмірлік ұстанымы бар мемлекеттің ең басты қағидасы тәуелсіздік және ұлттық бірлік болып табылады. Егеменді Еліміздің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан берік тіреуі – ерлік пен патриотизмнің тамаша дәстүріне сүйенеді және халықтың береке-бірлігін сақтауға бағытталған игі шара және қазақстандық патриоттарды тәрбиелеудегі ізгі қадам екені даусыз.

Баян Абжапбаровна МУРТАЗАЕВА,
“Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Жамбыл облысы
бойынша ПҚ БАИ, Тараз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий