Оқуға құштар мектеп (бейне жазбалар)

Қазақстанда білім мен ғылымды дамыту бойынша жүйелі шаралар кешені жүзеге асырылуда. Біздің мектепте кітап оқуға, кітапқа деген оқушылардың қызығушылығы артып келеді. Осыдан кітаптың мектепте маңызды орын атқарып, ең басты білім алу құралы екенін оқушыларға жеткізудеміз. Білімгерлердің оқу сауаттылығы дегеніміз – мақсатына жету, білімімен әлеуметін дамыту, қоғамға қатысу үшін жазбаша мәтіндерді түсіну, пайдалану, рефлексия және олармен жұмыс жасау қабілеті деп түсінік берілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қазан айының 21-і күні ұйымдастырылған кезекті Қоғамдық сенім ұлттық кеңестің төртінші отырысы барысында қазақстандық мектеп оқушыларының оқу сауаттылығы төмен екенін қынжыла жеткізді. Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей біздің оқушылар оқу сауаттылығы дағдылары өз деңгейінде қалыптаспағандығы айтылған. Сондықтан оқудың жоғарғы мәдениетін сіңіру, оқу сауатылығын дамыту, қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналады.

Оқуға деген қызығушылық, кітаптар арқылы қоршаған әлем туралы білім мектеп қабырғасынан бастап балаларды қалыптастырудамыз. Сондықтан оқушылардың кітапқа деген қөзқарасы мектеп жасынан қалыптасуы керек. Біздің мектепте кітаптың рөлі ерекше артып келеді. Кітап оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытудан бастап оның ойлау қабілетінарттырады және оқуға деген қажеттілігі мен қызығушылығы дамиды. Оқу құзыреттілігі, оқу мәдениеті және отбасылық кітап оқуды дәстүрге айналып, берік қалыптасуда.

Әр сынып өздерінің сыныбында кітапхана бұрышын ұйымдастырып, өздерінің оқыған кітаптары бойынша кеңес беріп бір-бірін тартып оқуда. «Кітап-білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы»-деп мектептің дәлізінде «Оқуға құштар Бол!»-атты стенд ілініп оқушылардың сана сезімін оятып, барынша қызықтыра түсті. Онда Ы.Алтынсариннің сөзімен «Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, ықыласпен тоқылық» деген төрт бағыт берілген. Алғашқы бағыт қазақ әдебиетінің классик ақын жазушыларының кітаптарын қайта басып шығару.

Екінші бағыт әлем әдебиеті классиктерінің кітаптарын қазақ тілінде ұсыну. Үшінші бағыт қазіргі заманғы талантты жазушылардың шығармаларын кітап қылып шығару. Соңғы төртінші бағыт ғылыми танымдық және оқу әдістемелік әдебиеттерді шығару. Осы жерде биылғы Мүқағали Мақатаевтың 90 жыл толуына орай 7, 8, 9, 10-сынып және бастауыш сыныптың екі оқушысы Ануар Арсен мен Сапарбек Алибек бейне жазба әзірлеп, өлең оқу шеберліктерін паш етті.

Біз оқушыларды поэзияға деген ынтасын арттырып, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастырып, тіл мәдениетіне баулып, мәнерлеп оқуға жетелеп, өнерге, еліне, жеріне, тіліне деген патриоттық сезімдерін оятып, адамгершілік, ұлтжандылыққа баулыдық. Оқушыларға кітап оқығанда маңыздысы сан емес оның сапасына мән берулері қажеттілігін түсіндірдік. Егер саны мен сапасы тең болса, кітапқа бөлген уақытыңыздың текке кетпеген деп кітаптың мазмұнын есте сақтауда көмектесетін ең басты он ережені назарға ұсындық.

Ол – кітаптар тізімін жасау, елу бет қағидасы, кітаптың авторы жайлы мағлұмат алу, балама нұсқалар, қарындашпен оқу, күніне 30 беттен оқымау, жанрларды араластыру, оқығаныңды жазып отыру, қажет тұсын қайталап оқу, көпшілікпен бөлісуі керек деген ереже кеңестің үлгілері сынып қабырғаларында көрнекі құрал түрінде ілініп тұр. «Барлығы оқиды!» атты сынып сағаты 1-10 сыныпқа дейін өткізілді. «Ең көп оқитын сынып» байқауын ұйымдастырдық.

Нәтижесінде бірінші жарты жылдық жүлделі жемімпаздары анықталды: 1- сыпыпта 57 сөзбен Сапарбек Алибек, 2-сыныпта 98-сөзбен Аблайхан Айсұлу, 3-сыныптан 112-сөзбен Абылқасымов Нұрсұлтан, 4-сыныптан 129-сөзбен Өмірзақ Шынар, 5- сыныптан 130-сөзбен Кәкімжан Кәусар, 6-сыныптан 182-сөзбен Әбілғапар Жігер, 7-сыныптан 222 сөзбен Шаяхмет Іңкәр, 8-сыныптан 201 сөзбен Толқынқызы Нұрсара, 9-сыныптан 219- сөзбен Серікбайқызы Жанель, 10-сыныптан 236- сөзбен Қайратбекқызы Диана марапатталлды.

«Сыныптың ең жақсы оқырманы» жоба үйымдастырылып оқушылар өздерінің оқып жүрген кітаптарын айтып жариялап өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Қатысқан оқушылар: 6-сыныптан Бекұзақ Мұхаметжан, 7-сыныптан Саттыбай Шұғыла, 8-сыныптан Толқынқызы Нұрсара, 9-сыныптан Оралбекқызы Қарақат, 10-сыныптан Қайратбекқызы Диана үздік көрінді. Осы оқушылардан күтілетін нәтижеміз: оқу мәдинетін қалыптастыру және оқушылардың оқу сауаттылығын, интеллектуалды деңгейін дамыту.

Оқушылар оқуды алдағы жоспарларын жүзеге асырудың құралы ретінде игереді: үздіксіз білім беру және өзін-өзі тәрбиелеу, нақты және болашағы зор оқу үйірмесін саналы жоспарлау. Жүйелі оқудың қажеттілігі әлемді және өзін осы әлемде тану арқылы қалыптасады. Мектеп оқушыларының оқылымын дамытуда ата-аналармен мектептің серіктестігін нығайту, белсенді қатысу деп айтқым келеді.

Лязат Аблакатовна АЛЫБАЕВА,
Жетісу орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі, Алматы облысының
Сарқан ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий