Биология сабағын ағылшын тілінде өткізудің тиімділігі

Үштілділік бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Үштілдіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алар орны мен беретін пайдасы мол. Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасаумыз керек. Қазіргі әлемнің осы “лингва франксын” меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарын іздеу үстінде. 

Өз тәжірибемізде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігі зор. Өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: “Полиглот”, “Кім тапқыр?”, “Кел сайысайық!” сынды тағы басқа ойындар өткізудің үштілді меңгерудегі маңызы ерекше. Оқушыларды ойната отырып, үш тілде жүргізілген сөз жұмбақ, ребус олардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негіз болады. Bilimland.kz сайты жақсы көмекші құрал оқушылардың қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болды.

Ағылшын тілінде сабақ беру әдістерді зерттей отырып CLIL әдісіне тоқтадым біздің пәндерге жақын әдіс. CLIL өз мәнінде Content and Language Integrated Learning білдіреді – бұл дегеніміз шет тілдің басқа оқу пәндерімен кіріктіріліп оқытылуын көздейді. CLIL негізін төрт C құрайды: CONTENT (Мазмұн) – бұл пән саласындағы ілгері басатын білімдер, біліктер мен дағдылар; COMMUNICATION (Қатынас) – бұл оқытуда шет тілін пайдалану біліктері; СOGNITION (Таным) – бұл жалпы түсінікті қалыптастыратын (нақты және абстрактілі) танымдық және ойлау қабілеттерін дамыту; CULTURE (Мәдениет) – бұл өзін мәдениеттің бір бөлігі ретінде ұғыну, сонымен қатар балама мәдениеттерді қабылдау.

CLIL – бұл түрлі білімділік мәнмәтінінде қолданылатын көзқарастардың тұтас бір қатарын біріктіретін өзінше бір термин. CLIL енгізудің түрлі амалдарын сипаттайтын терминдердің тұтас бір қатары бар, мысалы: толық тілдік ену, ішінара тілдік ену, «тілдік нөсер» және тағы да басқалар бойынша. CLIL-дің негізгі қағидаларын анықтауда түрлі еуропалық елдерде мәдени және тілдік ортасын қамтитын, пәндік және білімділік міндеттерді шешуге бағытталған оның төрт негізгі қыры бөліп көрсетіледі. Осы төрт қырының әрбіреуі білім алушылардың жасына, әлеуметтік-лингвистикалық ортасы мен CLIL ену дәрежесіне қарай түрліше жүзеге асырылады. 

СLIL технологиясы бойынша оқытудағы негізгі қағидалар болып табылатындар: СLIL ұғымы шегінде орналасқан қағидалар. Бұған пәнаралық байланыстар, сонымен қатар тілдік құзыреттілік, тек оқуға ғана емес, сонымен қатар жаңа білімдерді өмірде пайдалануға, сәйкесінше өмірлік мотивацияны арттыруға дайындық, табысқа беталыс жатады. Осының барлығын CLIL оқытуының артықшылықтарына жатқызуға болады; жоғарыда атап көрссетілген төрт компонент жүзеге асырылатын CLIL табысты сабағы; одан өзге, әр сабақта тілдік дағдылардың барлық түрлері қолданылуы тиіс. 

Осылайша, оқушыларды ана тілінде және оқып үйренетін тілде оқыту бір тұтасты құрайды. Ағылшын тілі арқылы жаратылыстану, биология, химия, информатика, география және тағы бірқатар басқа пәндер оқытыла алады. Осы пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін таңдап алынуы толық негізделген. Ол үшін бұл пәндер білім беру мазмұнының ұлттық емес құрамдасын құрайтыны туралы тұжырымды еске алғанның өзі жеткілікті. Жалпы білім беретін мектептерде CLIL әдістемесінің негізін келесідей постулаттар құрайды: тілді білу пән мазмұнын оқып білу құралы болып табылады; сабақтар еліктіргіш түрде өткізіліп, оқушылар ғылыми тәжірибелерді орындайды және түрлі эксперименттерді іске асырады; тіл жалпы білім беру бағдарламасына кіріктірілген; тілді қызықты тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беретіндей етіп пайдалануға үйренудің мотивациясы арта түседі; сабақтар тілдік ортаға енуге негізделеді; мәтіндерді шет ел тілінде оқу қажетті дағдылар болып табылады.

Кіріктірілген сабақтарды әзірлеу және өткізудің бірнеше кезеңдері бар: пәндерді оқу кезінде жалпы ұғымдарды түсіндіруде пәндер бойынша оқу бағдарламаларын қиыстыру. Оқу бағдарламаларын талдау, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді ұсыну барысында мұғалімдермен оны зерделеу, пысықтау, жинақтау және бақылау кезінде оқушылар білімін кіріктіруді талап ететін материалдар іріктеп алынады. Бұл үдерісте терминологиялардағы, түрлі оқу пәндеріндегі сол бір шамаларға арналған бірліктердегі келіспеушіліктер жойылады.

Тақырыпты өту мерзімдері, қалыптасатын ұғымдар, пәнаралық байланыстардың түрі және тағы да басқа көрсетілген кестені құру осы жұмыстың нәтижесі болуы мүмкін. Көрсетілген пәндер бойынша өзара байланысқан тақырыптардың кіріктірілген мазмұнын қарастыру, пәнаралық байланысы бар сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таңдау. Кіріктірілген сабақтың түрін таңдау. Сабақтың жоспарын құру, бақылау әдістері және мектеп оқушыларының оқыту әдістері мен тәсілдерін бағалауды анықтау. Оқыту мазмұнының өзара әрекеттесуіне ықпал жасайды. 

Сабақты жоспарлаған кезінде пән мұғалімі сабақтың оқу мақсаттарын да, тілдік мақсаттарын да тұжырымдай алуы керек. Тілдік мақсаттарды белгілегенде, пән мұғалімі көмек алу үшін тілдік пәндер мұғалімдеріне жүгіне алады. Мұғалімдердің мұндай серіктестігі сыныпта қолайлы білім беру ортасының құрылуына мүмкіндік туғызады. Бірақ ең бастысы – сабақты жоспарлау барысында мұғалімдер «барлық мұғалімдер тілді үйретеді» деген жаһандық тұжырымды ұстануы тиіс. Пәнді және тілдік кіріктірілген сабақта пәнді-тілдік кіріктіре оқытудың түбегейлі амалдарның бірі мәтінмен жұмыс істеу болса да, сабақта сөйлеу іс-әрекеттерінің барлық түрлері болуы керек.

Оқу материалын таңдап алғанда оқушылардың жас ерекшеліктеріне және тілдік дайындық деңгейіне жауап беретіндей, стилі жағынан алуан түрлі түпнұсқалық мәтіндерді таңдау қажет. мәселені белгілеу: сұрақ-жауап, анықтама-термин, бөлік-тұтас; қалып қойған жерлерін толтыруға жататын тапсырмалар (көбіне сұрақтары бар парақшалар таратылады); нақты ақпаратты іздестіруге бағытталған тапсырмалар; сөзді табуды көздейтін ойындар; мәтін бойынша 20 сұрақ қойыңыз, бұл арада әр түрлі сұрақтар көрнекі схема түрінде болады; визуалды қатарымен бекітілген жұмыстың ауызша тұсаукесері.

Мәтіннің пәндік бағдарлануы, яғни ағылшын тіліндегі мәтіндер пәндік және тілдік құзыреттіліктің дамуы пайда болады. Сонымен қатар сабақтарда аудио- және бейнематериалдарды пайдалануға болады. Мұғалім сабақты материалдың бір бөлігі аудиомәтін түрінде ұсынылатындай, ал оқытудың ізденіс әдістерін қолданумен материалдың диалог пен сұхбат арқылы келетіндей етіп жоспарлауына болады. Оған қоса, тыңдалым жазбаша тапсырмаларымен де үйлестіре алады (кестелерді толтыру, сызбаларды құру, өткізген жерлерін қалпына келтіру).

CLIL әдістерін пайдалануда мұғалім келесілерді ескеруі тиіс: білімділік ортасы үш тілдің зерттелуіне және жетілуіне ықпал етуі тиіс; сабақтардың кестесін құрастыруда биология және тілдік пәндер мұғалімдері арасындағы әріптестікті ұйымдастыру уақытын анықтау қажет; әдістемелік бірлестіктердің жұмысын жоспарлағанда, тілдік және биология пәндер мұғалімдері әдістемелік бірлестіктерінің өзара әрекеттесу жоспарын түзу қажет; тілдік және биология пәндер мұғалімдерінің арасында сабақтарға өзара ену ісін ұйымдастыру; тілдік ортаны құру үшін мектептегі тәрбие жұмысының жоспарына мақсатты тілдердегі сыныптан тыс іс-шараларды қосу қажет.

Нақты әдістемені қолданудың негізінде келесі ой жатыр: тілді және пәнді біріктіріп оқыту, ең алдымен, толық және ішінара үңілу шарттарымен мақсатты тілдерде тілдік құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған. Бұл ішінара үңілуде  биология сабақтары оқыту тілінде қазақ немесе орыс, бірақ сабақ барысына ағылшын тіліндегі терминдердің өте мұқият ойластырылған «енгізілулермен» өтетінін білдіреді. Бұл жағдайда енгізілетін терминдердің мәнін түсіндіру оқыту тілінде өтеді. Нақты терминдердің ағылшын тіліндегі түсіндірмесі оқыту тілінде беріледі.

Ондай сызбаны көрнекі көрсету үшін оқу-әдістемелік құралдың осы тарауында келесілер ұсынылады: пән мен сынып бойынша терминдер тізімі; сабақтардың жоспары, немесе қысқа мерзімді жоспарлар. Кіріктіріп оқытудың көрнекілігі ретінде оқу-әдістемелік құралданың осы бөлімінде: сыни тұрғыдан ойлау стратегиясына  бағытталған әдістер: өз бетінше тұжырым жасау қабілетін дамыту, пікірталас, білім, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сөздікпен жұмыс, сызба әрі нұсқалар құрастыру, топтастыру, сәйкестендіру, семантикалық карта, мәтін аудару әдістерді сабақ барысында қолданамын. Барлық тапсырмалар биологияның терминдерін ағылшын тілінде жазу, жаттау, сәйкестігін табу, шағын мәтіндерді аудару болып табылады. Бекіту барысы тест 5-10 сұрақтан құралған.

Алтынгул Акынбековна ТУСУПОВА,
№11 жалпы орта білім беру мектебінің
биология пәні мұғалімі, ШҚО, Семей қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий