Инклюзивті білім: Педагогтардың кәсіби құзіреттілігі

“Бала кемістігінің даму деңгейі төмен болса соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болуы керек”, – дейді неміс педогог-дефектолог П.Шуман. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбие  және оқытумен толық қамтылуын,оларды мектепке даярлауға арналған әрқилы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына  теңдей қол жеткізуін  және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін  қамтамасыз ету көзделген.

Қазіргі уақытта дамуында ақауы бар балалар саны артып отыр. Оларды оқыту кеңейіп ,түзетіп қолдау технологиялары жетілдіруін»қамтамасыз ету көзделген. Инклюзивті білім беру –мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып үйретудің бір формасы Инклюзивті білім беру- қайырымдылық пен адамгершілік  бастауы.Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған  мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне  ортаның отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді. Инклюзивті білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішіндегі мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жыныс мен ,шығу тегіне, дініне жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Қазіргі уақытта еліміздегі жағдай бойынша бұл бағыттағы маңызды мәселелерді мемлекеттік деңгейде реттейтін нормативтік құқықтық база жасалған. Олардың негізгілері мыналар болып табылады. ҚР- – да Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (ҚР Президентінің 07.12.2010 ж,№1118 жарлығымен  бекітілген),  (02.11.2012ж берілген өзгерістер мен толықтырулармен); ҚР-ның «Білім туралы» заңы (27.07.2007ж №319 14.01.2014 ж берілген өзгерістер мен толықтырулармен); Даму  мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық  қолдаудың әдістемелік ұсынымдары (ҚР Білім және ғылым министрінің (12.12.2011 ж №524) бұйрығы;  Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналаған арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидалары  (ҚР Білім және ғылым министрінің 04.12.2011ж №258) бұйрығы.

Инклюзивті білім беру балалардың психофизикалық және әлеуметтік дамуындағы саналуан ерекшеліктерін есепке алатын, олардың әртүрлі қажеттіліктеріне сәйкес келетін білім беру үрдісін ұйымдастыруда педагогтар құзіреттілігін кеңейтуді көздейді. Инклюзивті  оқытудың негізгі принциптері: адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады; әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті; әр бір адам қарым-қатынасқа құқылы; барлық адам бір –біріне қажет; білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде  жүзеге асады; әр бір баланың жетістікке жетуі өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыруы; барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың  жұмыс мақсаты: жеке тұлғаның әлеуметік өзіндік танымға қабілеттілігі және оның бағытталуы, қызығушылығының қалыптасуы мен дамуы, оқыту іс-әрекетіндегі негізгі білімділік және біліктілік дағдыларын үйрену үшін жағдай жасау. Міндеттері: сәйкес келетін деңгейіне психофизиологиялық мүмкіндігін дамыту: артикулярлық аппаратын, фонематикалық есту қаблеті, қолының ұсақ бұлшық еттерінің дамуы, көру–моторлық қозғалыс және тағы да басқалар; балабақша жағдайына тез бейімделуге қажет әлеуметтік және адамгершілік жағымды міңез бен құлық қалыптастыру; қызығушылығын дамыту; жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту (өз бетімен жұмыс істеу); жалпы даму деңгейін  көтеру және жеке дамуындағы ауытқушылықты  түзету; өз жасына сәйкес баланың жалпы дамуын  және біліктілік дағдыларын нығайту үшін жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру; арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектепке дейінгі мекемеде жағдай жасау арқылы оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен білім беру мекемесінде түрлі бағыттағы мамандар жұмыс істейді – дефектологтар, психологтар, логопедтер, тәрбиешілер, қосымша білім беру педагогтары, медицина қызметкерлері, есітуге сурдопедагогтар, көруге ифлопедагогтар. Инклюзивті  топпен жұмысты ұйымдастыру формалары тәрбиеленушілермен жаппай және топішілік (2-3 баладан) жеке оқу іс-әрекетерін өткізу болып табылады. Балалармен оқу іс-әрекетін өткізудің оңтайлы ұзақтығы олардың жасына ғана емес жеке басының мүмкіндіктеріне (жұмысқа қабілеттілігіне, зейіннің тұрақтылығына, шаршағыштығына) байланысты болады.

Мектепке дейінгі жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында анықталады. Дамуында кемістігі бар немесе жас нормасына лайық дамымаған тәрбиеленушілермен жаппай және топішілік іс-әрекеттерді күннің бірінші жартысында дефектолог мұғалімі жүргізеді. Бұл кезде тәрбиеші қалыпты дамыған балалармен іс-әрекет жүргізеді. Дене шынықтыру нұсқаушысы  және музика жетекшілері қажет болған жағдайда ауытқушылығы бар балалармен жеке жұмыстар жүргізеді. Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен түрлі бағытта жұмыстар жүргізуге болады.

Олардың шығармашылық, әр түрлі бағыттағы дарындылығын анықтау мақсатында суреттер байқауын ұйымдастыру, ойлау, есте сақтау деңгейлерін ескере отырып, интеллектуалдық ойындар жарыстар, балалардың ашылуына түрлі тренингтер, спорттық жарыстар ұйымдастыру әр педагогтың шеберлігінен туындауы мүмкін. Бала қоршаған ортаға бейімделіп, өзін еркін ұстауға, басқа балалардан ерекшелігі жоқ екенін сезініп өсу керек. Қазіргі уақытта бiлiм мазмұнын өзгермелi әлеуметтiк жағдайларға сәйкестендiруге байланысты бiлiм беру сапасын көтеру мақсатында оны жетiлдiру жұмысы жүргiзiлуде.

Стандартты қайта өңдеп, жетiлдiрудiң қажеттiлiгiнiң басты ғылыми әлеуметтiк негiздемесi демократияландыру, iзгiлендiру және интеграциялау негiзiнде Қазақстандағы үздiксiз бiлiм беру деңгейiн әлемдiк деңгейге неғұрлым жақындату болып табылады. Бұл стандарт жобасы баланың мектепке дейiнгi тәрбиесi мен бiлiм алуының жалпы мазмұнын айқындап, меншіктiк жағынан, типтiк жағынан әр түрлi мектепке дейiнгi ұйымдарда берiлетiн бiрыңғай мiндеттi бiлiм деңгейiн, көлемiн, балаға қойылатын талаптарды бiр жүйеге келтiрiп, олардың стандарттық мiндеттiлiгiн заңдастыруда оң қадам болып табылды.

Ол республикада мектепке дейiнгi балалар ұйымдарының жұмыстарына, жаңашыл iзденiстерге белсендi қозғау сала алды, оларға әлеумттiк педагогикалық негiздеме бола алды. «Стандарт» ұғымы латын сөзінен аударғанда (standard) «үлгі» (обаразец), «норма» (өлшем) деген мағынан береді. Білім стандарты мемлекеттік білім нормаларының сапасын, қоғамдық иедеалдар көрнісі және оған жетудегі жеке тұлғаның мүмкіндіктерін айқындайтын негізгі параметрлер жүйесі деп түсіндіріледі. «Білім беру стандарты», «образовательный стандарт» ұғымы халықаралық мәртебеге ие болған, себебі ол әлемдік білім кеңістігінде жиі қолданылады.

Кейбір елдерде ол басқаша аталуы кездеседі. Атап айтқанда: Ұлыбританияда «ұлттық оқу жоспары» деп аталады. Бiлім беру стандарты-деп ғылыми тұрғыдан алғанда, мемлекеттiк бiлiм нормасы ретiнде қабылданатын, жеке тұлғаның мүмкiндiктерiн қоғамдық мүддеге сай танытатын негiзгi параметрлер жүйесiн айтады. Стандарт терминiн бiлiм жүйесiнде тұңғыш рет америкалық математик мұғалiмдердiң ұттық кеңесiнiң ұсынуымен 80-жылдардың ортасында қолданыла бастаған. Сексенінші жылдардың соңында АҚШ-та, Ұлыбританияда, Нидерландияда алғашқы бiлiм стандараттары жасалды.

ТМД елдерiнде бiлiм стандарттары туралы әңгiме 90-жылдардың басында қозғалды. Ресейде бiлiм стандаттарын жасау 1992 жылдары В.С.Ледневтiң ғылыми жетекшiлiгiмен қолға алынды. Стандарт үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта бала меңгеруге тиісті білім, іскерлік дағдылардың көлемі, баланың дайындығына қойылатын талаптар белгіленген. Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат. Стандарттың негізгі қызметі – басқару. Ол «Білім туралы» Заңға сәйкес жасалады. 

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк стандартының жетiлдiрiлген нұсқасы мынадай жаңашылдық сипаттарға ие болды: адам тұлғасының қалыптасуындағы мектепке дейiнгi балалық шақтың мәндiлiгi мен жас ерекшелiк мүмкiндiктерi жаңа құндылықтар тұрғысынан айқындалды, оны баланың жеке ерекшелiктерiмен үйлестiрiлу талаптары белгiлендi; педагог пен баланың өзара қарым-қатынасында тең құқықтылық принципiн сақтау, балалармен педагогикалық жұмысты тұлғалық-бағдарлы тұрғыда ұйымдастыру негiз етiп алынды.

Сөйтiп мұнда оқу-пәндiк модельден баланыңжеке тұлғасын қалыптастыруға бағдарланған ынтымақтастық модельге басымдық берiлдi; стандарттағы бiлiм мазмұны баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуға психологиялыққолайлылықтудыратын сипатта анықталды; стандартта мектепке дейiнгi баланың тұлғалық мәдениетiнiң базисi ретiнде бүкіл адамзттық құндылықтар алынды. Бүкiл адамзаттық құндылықтармен баланы табыстыру тәрбие мәнiн қарайды, бұл құндылықтар өмiрге, ақиқатқа бала қатынасын қалыптастыруға қызмет етедi. Бесінші – стандартта бiлiм, бiлiк, дағдыларға үйре туден, оларды меңгеру жолдары мен мүмкiндiктерiне үйрету, сөйтiп өмiрде қолдана бiлуге баулу көзделдi.

Алтыншы – стандарттың бiлiм мазмұны мен балалар дайындығына қойылатын талаптар олардың тұлғалық дамуын (өмірге әрекеттік практикалық қатынасын қалыптастыру, сезiм мәдениетiн дамыту, ерiк мәдениетi мен күш  жiгерiн қалыптастыру) қамтамасыз етудi көздейдi. Нәтижесiнде бала қиындықтарды жеңуге, өзiнiң жұмыс әрекетiн, мiнезiн бақылауға, нәтижелерiн бағалай бiлуге үйренетiн болады. Стандарттағы бiлiм мазмұны баланың меңгеретiн таным мәдениетi екi үлкен әлеуметтiк институт балабақша мен отбасы арасындағы үйлесiмдiлiк пен сабақтастыққа қолайлылық туғызуды көздейдi.

Білім берудің бес саласы – денсаулық, таным, шығармашылық, әлеумет меншік жүйесіне қарамастан, мектепке дейінгі жүйенің барлық типтері мен түрлері үшін міндетті болып табылады. Ұйымдастырылған оқу сабақтарының саны базистік оқу жоспарына сәйкес болуы тиіс. Базалық тәрбие мен оқыту баланың мынадай біліктіліктерін қалып-тастыруға бағытталған: денсаулық сақтаушы – денелік және эмоционалдық (көңіл-күйлік) дамыту; коммуникативтік тілдік – қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауда ана тілді дамыту; танымдық-зияттылықты дамыту; шығармашылық пен танымшылдыққа уәждеу; әлеуметтік-өмірлік дағдыларды дамыту. 

Мемлекеттік білім беру стандарты білім мазмұнын қалыптастыруды келесі құжаттар арқылы іске асырылады: оқу жоспары, оқу бағдарламасы және оқу әдістемелік құралдарымен кешендері. оқу жоспары теориялық түсіну деңгейінде; оқу бағдарламасы оқу пәнінің деңгейіне; оқу-әдістемелі құралдар деңгейіне сәйкес болады. Стандарттаудың негізгі обьектісі: білім берудегі оның құрылымы, мазмұны, оқу жүктемесінің мөлшері және балалардың мектепке дайындық деңгейі болып табылады. Стандарттағы белгіленген өлшемдер мен талаптар білім сапасын бағалаудағы эталон ретінде қабылданады.

Мемлекеттік стандарт барлық білім беру үдерісіне қатысушыларға (балалар, оқушылар, тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналар, басқарушылар мен жұмыс берушілер) қызмет етеді және оны реттеудің құралы: білім беру үдерісі; мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерінің өзін-өзі дамыту; білім беру жүйесінің ұлттық деңгейін дамыту көзделген. Осыған орай, оның қызметі мен базалық білім мазмұнының көлемі, балалардың білім мазмұнын меңгеру деңгейі мен көлемі және оқу жүктемесі қамтылған. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекттiк стандартының жобасын жетiлдiру жұмыстарында төмендегідей мәселелер қарастырылады.

Балалар өмiрiн сақтау және денсаулығын нығайту, оларды салауатты өмiр салтының құндылықтарына баулу; баланың жеке басын үйлесiмдi дамыту, жалпы адамзттық және ұттық құндылықтарға баулу арқылы оның мүдделерiн қанағаттандыру мен қабiлеттерiн дамыту; баланың қоғамдық-әлеуметтiк, табиғи ортада өмiр сүруi мен жемiстi әрекеттенуiне мүмкіндiк беретiн жеке тұлғаның әлеумттiк рухани қасиеттерiн қалыптастыру; баланың дамуындағы ауытқушылықтарға қажеттi түзетулердi жүзеге асыру; коммуниткативтiк, танымдык, ойындық және басқа да белсендiлiктердi ынталандыру, бiлiм алудағы қажеттiлiктi қалыптастыру; педагог пен баланың өзара тұлға дамытушылық қарым-қатынастың негiздерiн айқындау.

Ғылыми және зерттеу жұмыстарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк стандарты баланы жас және жеке ерекшелiгiне сай психологиялық, физиологиялық жағынан мектепке дайындауға көмектесетiн және бастауыш сыныпта қабылдауға дейiнгi дайындығын анықтауға қойылатын талаптарды белгiлейтiн құжат болуы тиiс екендiгi ескерiлдi. Сөйтiп мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесiндегi стандарттаудың негiзгi нысандары: оның құрылымы, мазмұны, бiлiм беру жүктемесiнiң көлемi және балалардың мектепке дайындық деңгейiнiң өлшемдері анықталды. Жалпы бiлiм беру стандарттарын даярлауға қатысты ережелердiң негiзiнде мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк стандартын жасауда және жетiлдiруде басшылыққа алынатын басты талаптар белгiлендi.

Яғни, бiлiм беру жүйесiнiң барлық сатыларына, оның iшiнде мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен бiлiм беру және бастауыш мектеп сатыларына арналған стандарттарда өзара сабақтастық пен үндестiктiң сақталынуы тиiс; станадарттың құрылымы мен мазмұны мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен бiлiм берудiң негiзгi мақсаттарына сай жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталуы қажет; мектепке дейінгi тәрбиелеу мен оқытудың күтiлетiн нәтижесi, балада қалыптастырылатын бiлiм, бiлiк, дағдылар көлемi белгiленедi; мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың мемлекттiк стандартын мектепке дейiнгi ұйымдарда тәжiрибе жүзiнде тексеруден өткiзiлген нормалар ғана енгiзiлуi тиiс. Мектеп жасына дейiнгi балалардың әрбiр жас кезеңiндегi дамуына сәйкес осындай психологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, баланы дамыту, тәрбиелеу және бiлiм беру бағытында мектепке дейiнгi бiлiм берудiң базалық мазмұны жасалды.

Және соған сәйкес әрбiр жас топтарындағы балалардың дайындығының мiндеттi (минимум) деңгейiне қойылатын талаптар анықталды. Мектеп жасына дейiнгi балаларға берiлетiн бiлiм мазмұны мен олардың бiлiм деңгейiне қойылатын талаптар баланың жеке тұлғасын жан-жақты дамытатын, ақыл-ойын, шығармашылығын кеңейтетiн мазмұнмен толықтырылып, олардың мектепке дайындығының қажеттілiгiн арттыруды қамтамасыз ету көзделдi. Мектепке дейінгі білім берудің мемлекттік стандарты балабақшадағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық әрі педагогикалық негіздеріне қойылатын талаптар жүйесінен тұрады.

Стандарт педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың ережелерін көрсетеді, оған қатысушылардың орны мен рөлін анықтайды, мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы және қауымдастықпен қатынастар жүйесін реттейді. Мектепке дейінгі жастағыларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартын құру мен енгізудің объективтік қажеттілігі келесі факторлармен анықталады: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын сақтау мен дамытудағы, балаларды мектепке дейінгі біліммен барынша толық қамтудағы, балалары үйжағдайында тәрбиеленіп жатқан отбасыларына көмек көрсетудегі қажеттілік; мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын іріктеуде бірізділікті талап ететін мектепке дейінгі білім беру формаларының вариативтілігі.

Балалардың негізгі құзыреттіліктерін жас және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып қалыптастырудың қажеттілігі; баланы толыққанды тәрбиемен қамтамасыз ету үшін, ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдерісіне тартудың жолдарын анықтау және серіктестік механизмдерін іздестіруде мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығын жетілдіру. Жоғарыда аталған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мектепке дейінгі ұйымдардағы, отбасындағы тәрбиелеу мен оқыту мазмұнына, туғаннан алты жасқа дейінгі балалардың даму деңгейі мен олардың негізгі құзыреттіліктердіигеруіне қойылатын талаптар мен нормалар жүйесін белгілейді.

Роза Жунисалиевна НУРГАБЫЛОВА,
“Қуат» балабақшасының меңгерушісі,
Алматы облысындағы Іле ауданының
Өтеген батыр атындағы ауылы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий