Тірек мектебі: Жетістікке бірге жетеміз

Тірек мектебі қызметінің бір бағыты қоғамдық бірлестік аясында кеңес беру және үйлестіру жұмыстарын ұйымдастыру. Осы  орайда біздің білім ордасының ұстаздар ұжымы жоспарлы жұмыстарын соңғы төрт жылдан бері абыроймен атқарып келеді. «Табысты оқушылар мектебі» тақырыбымен мектеп  тәжірибесін арттыру және тәжірибе алмасу, ортақ мәселелерді  шешумен  қатар зерттеушілік қызмет жасау үшін мұғалімдердің ортақ алаңын құрдық.

Серіктес мектептері ретінде қаламыздағы №15,19,14,18, Качар №2 орта мектептерімен бірлескен түрде нақты жоспар  жасалып, алдағы оқу  жылындағы мақсат-міндеттерімізді айқындап алдық. Желілік топ жұмысының барлық кезеңінде оқытудың проблемалық, зерттеу әдістері қолданылып, мұғалімдер нақты практикалық тәжірибе процесінде өз біліктіліктерін арттыру үшін тірек мектебі  бастауымен  жыл   бойы   педагогикалық  шеберлік орталығы тренерлерімен өткізілген   вебинарларға қатысып, кәсіби дамуға жол ашылуда. Бұл өзара тығыз қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді.

Қазіргі кезеңде білім беру мақсаттары күрделеніп, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары және педагогикалық әсер етудің объектісі – оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Осы факторлардың барлығы мұғалімнің педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарылатуды көздейді. Оқу үрдісі жаңаруының басты шарты – кез келген педагогикалық жүйенің тұлғасы болып табылатын мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру. Желілік топтар арқылы осы бірлестік, үйірмелердің қызметі үйлестіріліп, әдістемелік мәселелер, түрлі ұйымдастыру-бұқаралық жұмыс түрлері талқыланжы.

ұстаздар ұжымының жетекшісі Қымбат Исланбекқызы

Қашықтан оқыту құралдары мен жаңа форматтағы креативті ойлай алатын, мобильді мұғалімдердің іс-әрекеттерін дамыту және  бірлесе  жетістікке  жету  біздің  тірек мектебінің басты  ұстанымы. Көзделген мақсатқа жету  үшін тірек мектебі ұжымы мен мектептің  тренерлері аянбай жұмыс атқарып  келеді. Бұған дәлел ретінде тірек мектебінің директоры Бірманова Қымбат Исланбекқызы мен үйлестірушісі Абдрахманова Меруерт Сейітқасымқызы ««Soft skills – қаншалықты маңызды және қажетті» 2020-2021  оқу  жылына  арналған  тірек  мектебі жұмыс  жоспарын  құру  және  зерделеу тақырыбындағы  вебинар өткізіп оқу  жылына  қойылған жұмыс жүйесімен таныстырды.

Қашықтан оқытудағы педагогтың тәжірибесіне «Мұғалімнің шығармашылығы оқушының білім сапасының  маңызды факторы» атты шеберлік сыныбымен мектеп тренерлері Байкенова Ғалия Қайырбекқызы, Дальдембаева Гүлнәш Тәйкенжеқызы мұғалімнің қорыжынына қажетті інжу маржандарымен бөлісіп, серіктес мектептер мұғалімдерінің ризашылығына бөленді. «Сабақты  зерттеудегі мұғалімнің басты алғы шарттары» атты тәжірибесімен мектеп тренерлері Қалиев Ербол Серікбайұлы, Ахметова Роза Молдағалиқызы қашықтық жағдайында сабақты зерттеуді жүргізудің  оңтайлы тұстары туралы ойларын ортаға салды.

Және серіктес мектептер мен облыстағы тірек білім ордаларының үйлестірушілерімен құнды тәжірибе алмасты. Тірек мектебі осы қызметті үйлестіретін басты звено болып табылады. Әрине, кез келген бірлестік, үйірме өз жарғысына немесе бағдарламасына сәйкес қызмет атқарады. Әлеуметтік жобалар мұғалімдерге ұйымдастырушылық және жобалық қызметтерге қатысуға мүмкіндік береді.

Мұғалімдердің оқытудағы болып жатқан жаңаша өзгерістерге жылдам әрі ширақ бейімделуі үшін жасалып жатқан бұл іс-шаралар  ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыратындығы анық. Педагогтердің түйткілді мәселелерін зерттеу мен талдау барысында, оның басты себебі оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, оқу үрдісінің ырғағын айқындау мен есепке алуға байланысты болып жатады. Сондықтан, тірек мектебінің бұл мәселеде атқаратын қосатын үлесі орасан зор. Бәсекеге қабілетті білімді де саналы жас ұрпақты тәрбиелеу жолында жемісті жетістіктерге бірге бөлісейік. 

Бейімбет Майлин атындағы №7
мектеп-гимназиясының ұжымы,
Қостанай облысының Рудный  қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий