Құрмет тақтасы: Ақтөбе облысының үздік ұстаздары
Марина Абайқызы БАЙТЕРЕКОВА, №3 мектеп –гимназиясының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы: Ұжымда әріптестерін тың идеяларға бастап, заманауи әдістермен қаруландырып, жандандырып жүретін, оқушыларын мақтау сөздерімен «марапаттап», қанат бітіріп отыратын үздік педагогтарымыз аз емес. Ұрпақ тәрбиесіндегі ұлы тұлға саналатын ұстазға алғырлық, дарындылық пен даналық, жан-жақтылық жарасады. Ісіне ептілік пен тағаттылық, үздіксіз іздену мен жаңашылдық әмсе керек екені сөзсіз. Өз ортасында дараланып, облыс, республика көлемінде тәжірибесі таратылып, кесек алтындай жарқырап көрінетін үздік ұстаздардың еңбегі еленіп, лайықты құрметке ие болуы ұжымын да әсте қуантады.
Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының ұжымы абыройлы да ардақты, өте еңбекқор жан алға қойылған мақсат пен берілген тапсырма межесіне зор жауапкершілікпен қарайтын, ізгілікті де ізетті, білімпаз әріптестерімен және олардың жетістіктерімен қашан да мақтанады. Соның бірі – ауданымыздың білім саласында 21 жыл үздіксіз үлгілі ұстаз қызметін атқарып келе жатқан қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Марина Абайқызы. Мұғалім мамандығының қиындығын қайыспай көтеріп, аманат қып ауыр жүгін арқалап жүрген оның шәкіртке деген әр сөзі махаббатпен бағытталған.
Кісі көңіліне қарап сөйлейтін кішіпейілділігі мен сабырлылығы, мінезінің көркемдігі өзгеге үлгі. Ұжымның ғана емес, аудан мен облыс бойынша ақтөбелік педагогтердің мақтанышына айналған ұстаздың есімі ҚР-ның білім беру жүйесінің үздік қызметкерлерінің республикалық «Ғылым» баспасынан шығатын «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» атты жинаққа енді. Әр түрлі білім додаларында қоржынын жүлделермен толтырып жүрген ол өз бойындағы білім мен еңбекке үлкен талап қоя білу, қызметке деген адалдық, өзі таңдаған мамандықты шексіз сүю, шәкірт жүрегіне жол табу сынды құнды қасиеттерді жасынан бойына сіңірген.
Мұғалім қызметінің басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру және дамыту. Марина Абайқызы өз ісінде озық тәсілдерді тиімді қолдана білетін, қоғамдық жұмыстарға да зор белсенділікпен араласатын жан. Үнемі ізденісте жүріп, түрлі бағыттағы байқау, сайыстарға, конференция, семинарларға да қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Бүгінгі таңда пәні бойынша сабақ берумен қатар, директордың дарынды балалармен жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметінде. 2012 жылдан бері елордасындағы ҰБТ орталығында тест әзірлеуші және сарапшы болып та қызмет атқарып келеді. Ұлағатты ұстаз есімін абыроймен әрі адал арқалап жүрген Марина Абайқызының биік белестердің шыңынан көрінетіндігіне кәміл сенеміз.
Жанат Коблановна ТУРДАЛИНА, №5 ЖББОМ тарих пәні мұғалімі, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақ», – дейді Ахмет Байтұрсынов. Иә, бүгінде білім беру саласында көп нәрсе өзгерді, дегенмен мұғалім – оқушысына үлгі болатын шебер болып қала бермек. Нағыз шебер өз шәкіртіне сенім білдіреді. Олардың алғажылжуына, өсіп-жетілуіне ықпал етеді. Білімге деген қызығушылық деңгейі жоғары, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелейді. Ал, бұл кез келген мұғалімнің қолынан келе бермейді. Ол тек қана қажырлы, өз жұмысын жақсы көретін, өз оқушыларын биік шыңға жетелегісі келетін ұстаздың қолынан келеді. Осындай жүрегі мейірімге тлы, өз өмірін мектеппен, білім алушымен ұштастыра білген білікті ұстаздың бірі – Турдалина Жанат Қоблановна.
Ол – Қандыағаш қалалық №5 жалпы білім беретін орта мектебінде 1999 жылдан бері тарих пәні мұғалімі болып жұмыс жасап келеді. Қызықты да күрделі мұғалімдік мамандықты таңдаған Жанат өз бойындағы шеберлікті, жан-жақты білімділікті, икемділікті, шәкіртжандылықты, оларға деген мейірімділікті көрсете білді. Ол өзінің әрбір сабағында шәкірт жүрегіне жол тауып, оның қызығушылығын ояту мақсатында рухани күш-жігерін, парасат-қуатын аямай тер төгуде. Осындай қызықты да сапалы еңбегінің бірі ретінде 10 класта өткізілген «Ұлыбритания», «Қытай және Моңғол», 7 класта өткізілген «Қазақ халық ертегілері мен лирикалық эпостары» атты сабақтарын атап өтуге болады.
Педагогтік шеберлік – тек дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Жанат та үнемі ізденіп, өз білімін жетілдіріп, шыңдап отырады. Ол өз білімін, тәжірибесін дамыта түсу үшін, үнемі аудандық, облыстық семинарларға, республикалық, халықаралық конференцияларға қатысады. Атап айтар болсақ: облыстық «Зайырлы білім – рухани даму кепілі», «Профессионально-личностная готовность педагога к формированию фукнциональной грамотности учащихся через организацию сетевого сообщества», «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті оқытуды ұйымдастыру», республикалық «Инновационные технологии работы с детьми в рамках обновления содержания образования» тақырыбындағы семинарда өз тәжірибесімен бөлісті.
2017 жылы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Применение опорных сигналов при подготовке к ЕНТ» атты баяндамасын, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Применение на уроках истории приемов кретического мышления» тақырыбындағы баяндаларын ортаға салды. Өзінің жинақтаған мол тәжірибесі мен білімін, әдіс-тәсілдерін бөлісу мақсатында бірнеше электрондық оқулық, әдістемелік оқу-құралдарын жазып, газет беттерінде мақалаларын жариялап, жас мамандарға үлгі-өнеге көрсетуде. Оның 2018 жылы шығарылған «Актуальность методики обучения истории в школе» электронды оқулығы, «Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Краевеедние Актюбинской области» кітабы үздіксіз ізденістің жемісі.
«Мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру тәжірибесінен» атты әдістемелік оқу құралдарын, Ауғанстан жерінен кеңестік әскерлерді шығарудың 20 жылдығына арналған “Актюбинский вестник” газетінде жарияланған мақаласын мақтанышпен айта аламыз. Қашықтан оқыту жүйесіне байланысты youtube платформасында екі канал ұйымдастырып, мұғалімдерге көмек ретінде үздіксіз өз сабақтарын жүктеп отырады. Сонымен бірге 2007 жылдан бері ҰБТ аппеляция комиссиясы құрамында. Әр түрлі мектеп және аудандық комиссиялардың, түрлі деңгейдегі семинарлардың жұмысына белсене қатысып, мастер-кластарды жүзеге асырады.
Тынымсыз еңбегінің нәтижесінде оқушылары да, өзі де көптеген жетістіктерге ие болуда. Бірінші дәрежелі диплом «Ақтөбе- Дарын» орталығынан, алғыс хат Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығынан, өлкетану бойынша онлайн бейне сабақтан облыстық ІІ дәрежелі диплом, дүниежүзі тарихы пәнінен онлайн бейне сабақ облыстық ІІ дәрежелі диплом, облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қорыта келсек, өз ісіне деген адалдық, оқушыға деген шексіз сенім, талап, айналасындағы адамдарға деген сый-құрмет Жанаттың бойынан табылатын үлкен қасиеттің бірі. Ол – өз ісінің шебері. Ұлағатты ұстаз, аяулы ана!
Жанна Зинуровна ОМАРОВА, №4 ЖББОМ орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы: Кейіпкеріміз 1985 жылы Ақтөбе педагогика институты филология факультетін бітіріп, ұстаздық қызметте өзінің білімділігімен, іскерлігімен, ізденгіштігімен, жаңашылдығымен ерекшеленіп, заман талабына сай жоғары санатты мұғалімдер қатарында Қандыағаш қалалық 4 ЖББОМ еңбек етіп келеді. Білім беру мазмұнын жаңартуда заманауи инновациялық технологияларды кеңінен пайдаланып, мұғалімдердің шығармашылық дағдысын көтеру, бәсекелестігін арттыру мақсатында жүмыс жасауда. Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша оқу – әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың арқасында мектеп мұғалімдерінің жинақталған іс-тәжірибелері электрондык орталарында жарық көрді.
Өз пәні бойынша республикалық, облыстық семинарлар, конференцияларда баяндамалары оқылып, іс – тәжірибесі таратылды. Ұстаздардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, іскерлік қабілетін дамытуда педагогикалық оқулар, ғылыми-әдістемелік семинарлар,ғылыми-практикалық конференциялары, байқаулар Өткізілу де. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдер мен білім алушылардың танымдық іс – әрекеттерінің үйлестіруінде үлесі көп. Жанна Зинуровна өз ісін жете білетін өнерлі, өнегелі ұстаз. Білім мен біліктілік тіл, талғам мен талапты тең ұстай біледі.
Басты мақсаты – әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде танып-біліп, олардың дара ерекшелігіне сай ой – өрісін, талғамын, дүние танымын заман талабына лайық дамыта отырып тәрбиелеу. Осы тұрғыда айта кетсек, шәкірттері үш жыл қатарынан «Знаток литературы» атты облыстық интеллектуалдық ойын – байқауы, халықаралық интеллектуалдық «Русский медвежонок языкознание для всех» байқауында жақсы нәтиже көрсетіп жүлделі орын алуда.
Оқушылары аудандық, облыстық пән олимпиадаларына қатысып, жүлдері орын иегерлері. Елеулі еңбектері үшін бірнеше рет аудандық білім бөлімінің, облыстық білім басқармасының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен, сондай–ақ облыстық ғылыми тәжірибе орталығының Алғыс хат және Мақтау қағаздарымен марапатталған.
Шатгуль Бахытовна ЖУЛАЕВА, №7 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы: Дана халқымыз: «Алмас қанжарды, жұмсақ қайраққа қайрайды»,- деп бекер айтпаса керек. Алмас қанжар деген- өз ісінің шебері ,яғни маманы –өз мамандығын толықтай үтір нүктесіне дейін білетін, жұмысын тиянақты атқаратын тұлға .Сонымен қатар өз мамандығына қатысты болып жатқан жаңалықтардың барлығын дер кезінде меңгере отырып, үнемі даму үстінде болады. Қандай жаңалықтар тыңнан болса да, әп-сәтте үйреніп алатын шебер мамандардың бірі –ұстаздар десем жаңылыспаймыз. Оған дәлел ретінде мына өлең жолдарын келтірсек:
Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең … Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иері хақ. Әсіресе қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы – жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені, бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген.
Сондықтан өз ісінің шебері, білікті маман иелері олар ұстаздар. Ендеше, «Іс тетігі білікті маман» ұстаздар екені бесенеден белгілі.Осындай мәртебелі қызметтің тұтқасын ұстап ,ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүргеніме, еселі еңбегіммен абырой биігіне көтеріліп, білікті маман ретінде шыңдалып келе жатқанына 26 жыл уақыт өтіпті. Бала күнгі арман-қиялы 1994 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының филология факультетінен «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын игеріп, жоғарғы білімді маман атанды.
Жұмыс жасап келе жатқан мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірді. Мен тәжірибелі ұстаздармен қатар еңбек етіп, баланың бойына ақыл – білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйренді. Талантты шәкірттері: Дүйісов Марат ҚР профессоры атанса, Рахат Бақытжан доктарантура атанып қызмет жасап жүргені ол үшін мерейлі мәртебе, Жаңбырбаев Ернұр, Қали Әсемгул әл – Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша мемлекеттік грантпен білім алуда, қазіргі таңда, Асабаева Гулия мемлекеттік грантпен білім алып ұстаздық жолда еңбек етуде.
Әрине, «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды»,- демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», – деген Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұғалімдерге үлкен жауапкершілік міндеттегені бар.
Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз ісінің шебері мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев та жаңа ғасыр, жаңа заман талабына сай ұстаздар үнемі даму үдерісінде болу керектігін айтқан болатын. Кейіпкеріміздің паймынша ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен мемлекетінің кемел келешегі үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам.
Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Жан – Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын. Иә, расымен де ,ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу.
Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажеттігін терең түсінеді. Міне, мұндай қасиеттер бұл ұлағатты ұстаздың бойында бар. Ол ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдады. Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымы: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу. Ұстаздық қызметте, шәкірттермен қарым – қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекке қойып келеді.
Қазіргі уақытта, жаңа дәуірдің заманауи нағыз ұстазы қандай болмақ керек? – деген сауалға жауабы да дайын. Әрине, кел-келген пән мұғалімі таңдаған кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керек. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Шындығын айтқанда ол өз бойымнан осы бар қасиеттерді іздеп тапқан. Өйткені заман талабынан қалмай білім саласындағы барлық өзгерістерді тез-ақ меңгеріп келеді.
Жаңа форматтағы үлгідегі сабақтар мен сайыстардан да қалыс қалған жоқ. Республикалық, облыстық деңгейінде іс-тәжірибесі таратылып, еңбегі бағалануда. Сонымен қатар, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда шәкірттерінің биіктен көрінуіне күнделікті ісіндегі жаңашылдығы арқылы, жан-жақты берген тәрбиенің негізінде халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі жүлделерге қол жеткізіп келеді. Өмірлік қағидасына сүйенсе ұрпағымыз ұқыптылықпен ілгерілесе болашағымыз баянды болмақ. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей әріптесіміз әрқашан талмай еңбек етуден жалыққан емес.
Нурзада Башеновна МОЛДАШЕВА, «Күншуақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі, Мұғалжар ауданы: «Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу» – демекші тәрбиеші балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жан. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып, балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі қалыптасқан балабақшамызда балалармен жұмысқа жетекшілік ететін тәрбиешілердің бірі – Молдашева Нурзада Башенбаевна.
Ол С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша 2015 жылы тәмәмдаған. Қазіргі таңда Қандыағаш қаласындағы «Күншуақ» бөбекжай – бақшасында тәрбиеші мамандығы бойынша қызмет атқаруда. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі: 34 жыл. Бірінші санатты педагог. Ол осы уақыт ішінде өз мамандығының шебері екендігін байқата алды. Сәби жүрегінен жол таба білген маман ізденімпаздылығымен, ұстанымдылығымен, парасаттылығымен көзге түсе білді. Әр түрлі әдістерді пайдалана отырып, жұмысын қызықты, әрі әдістемеге сай өткізеді.
Балалармен, ата – аналармен бірлесе өткізілген іс – шаралары жаңашылдықпен, қызықты өтеді. Тәлімгер тәрбиешінің мінезі қарапайым, әріптестерімен, ата – аналармен тез тіл табыса алады. Ұжымда беделді, еңбексүйгіштігімен ерекшеленеді. Өзіне тапсырылған іске аса жауапкершілікпен қарайды. Бастаған ісін аяғына дейін орындайды. Өз мамандығы бойынша кәсіптік шеберлікті жақсы меңгерген. Құжаттармен ұқыпты, тиянақты жұмыс жасайды. Өзінің жеке уақытымен санаспайды. Аудандық, балабақша ішілік қоғамдық жұмыстарға белсене араласа отырып, тәрбиеленушілері аудандық, облыстық, республикалық шығармашылық байқауларда үздік өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған.
Дайындаған – Ақтөбе облыстық білім басқармасы
Загрузка...