Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тірек сызбаларды қолданудың тиімділігі

Бүгінгі таңдағы қашықтан оқыту кезіндегі басты мәселелердің бірі – басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту баршамыздың басты парызымыз. Осындай күрделі міндетті ойдағыдай орындау үшін мұғалімге бұрынғыдан да зор талаптар қойылады. Уақыт талабы мұғалім сабақты қызықты, тартымды өткізе білуді көп шығармашылық ізденісті, білімділікті, тапқырлықты қажет етеді. Оқушылардың белсенділігін, өз бетімен жұмыс істеуге ынталандыру, дамуын, оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын  талап етеді.

Сондықтан ортақ іс-ірекетті ұйымдастыруда негізгі мақсат әрбір жеке оқушының дамуына, таным ерекшілігі мен  іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылуына үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты – қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын дәрежеге жеткізу. Сондықтан  қазақ тілі мен әдебиеті сабағында мұғалім қалайда оқушыны сөйлетуге, сөйлеу тілін дамытуға жағдай туғызу керек. Білім алушыларға көрнекті құралсыз тек ауызша айтқанды түсінбейді, түсінбеген нәрсесін тыңдамайды, содан барып сабаққа деген зейін жоғалады. Сондықтан да тірек сызбаларды сабақта қолданудың маңызы зор.

Тірек сызбалар оқушылардың сөйлеу тілін арттыру мақсатында пайдаланатын тәсілдің бірі. Сонымен қатар тірек сызба жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі. Негізінде орташа оқитын білім алушыларға өте қолайлы деп есептеймін. Себебі олар тірек сызбалар арқылы сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып жеткізуге үйренеді, сабаққа қызығады, еңбектенуге талпынады. Тірек сызба конспектілеріне қарап, оқушылар өтілген тақырыпты естеріне түсіріп, мысал келтіре алады. Осы тірек белгілерді басқа тақырыптарды өткенде де пайдалануға болады. Қашықтан оқыту кезінде 7-сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында өзім қолданған келесі тірек схеманың үлгісін ұсынамын.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тірек сызбалардан басқа белгілі жазушылардың жалпы өмірбаянымен танысқаннан кейін шығармасы бойынша кестені толтыртуға болады. Осындай жұмыстар өте ыңғайлы деп есептеймін. Тақырыптардың төңірегінде әңгімелей білу үшін, сұхбат құрастыру үшін сызбалардың көмегін пайдалану мұғалімге де, оқушыға да тиімді. Оқушыға тілді меңгерудің оңай жолы – сабақта лексикалық сызбаларды пайдалану. Ол сөйлеуге жетелейді. Сызбадағы тірек сөздердің көмегімен оқушы бір тақырып төңірегінде сөйлем құрастырып, әңгімелеп айтуға жаттығады.

Оқушы өзара сұхбат құрастыра алады. Мұғалім  білім алушының сұраққа толық жауап беруін, сөздерге жалғауларды дұрыс жалғап айта білуін қадағалап отыруы керек. Тақырыпты сызба бойынша оқып, үйрене отырып жазба жұмыстарын да жақсы жазуға дағдыланады. Қорыта айтқанда, өзге тілді мектептегі қазақ тілі мен әдебиет сабағында тірек сызбаларды қолданудың маңызы зор. Тірек сызбалар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Сонымен қатар оқушылардың тілді меңгеруінде үлкен рөл атқарады және жетілдіреді. 

Оқушы бойында шығармашылықты тірек-сызбалар арқылы дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі керек. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан сыныпқа жоғарылаған сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы ілгеру даму барысында өскелең ұрпақтың дүниетанымы арта түсері анық.

Әлия ҚАЗБЕКОВА,
№ 4 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет
пәні мұғалімі, 
СҚО, Петропавл қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий