Цифрлық технологияны қолдану арқылы танымның жаңа деңгейіне өсу жолдарын анықтау
Қазіргі кездегі қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Білім саласы – біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Инновацияның қажеттігі сыртқы себептермен де анықталады. Яғни, адамдардың мұқтаждығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке тұлғаның дамуы болып табылады. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдық жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.
Қоғамдық қажеттіліктің деңгейі мен сипаты ғана жаңалықты енгізу бойынша істелген жұмыстың бағыты мен жемісін анықтайды. Сондықтанда, оларды негіздеуде тар шеңберде қолданылатын міндеттермен шектеліп қалмауымыз керек. Осы орайда, цифрлық технологияны қолдану арқылы танымның жаңа деңгейіне өсу жолдарын анықтау – өмірдің барлық саласында, соның ішінде білім беру жүйесінде қарқынмен қарастырылып келе жатқан мәселе болып табылуда. Цифрлы технологиялрды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, таным деңгейінің кеңеюіне мүмкіндік туғызады.
Цифрлық білім беру контенті – бұл интерактивтік формадағы оқытуды қамтамасыз ететін оқытылатын пәндер бойынша цифрлық дидактикалық материалдар: фотолар, дыбыс және бейне фрагменттер, статистикалық және динамикалық моделдер, виртуалдық шындық және интерактивтік моделдеу объектілері, сияқты таға да басқа материалдар. Технология дамыған кезеңде білім жүйесіне өзгерістер енгізілуде. Мұғалімдер қашықтан оқыту барысында өздерінің оқыту әдістері мен тәсілдерін жаңартып қана қоймай, білімге деген қолжетімділікті арттыру қажеттігін түсінді.
Ол үшін үздік мұғалімдер мен оқытушылардың бейнесабақтарын ғаламтор желісі арқылы баршаға қолжетімді етсе, білім алушы да, жас маман да өзіне қажеттісін алуға мүмкіндік алды. Қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялық өзгерістердің прогрессивті өсімін ескеретін болсақ, тек қана базалық компьютерлік білік пен дағдыны меңгеру жеткіліксіз. Педагогтердің әр тарапты ізденушілік қасиеті үнемі қозғалыста болуы керек және инновациялық-технологиялық бағыттағы танымы үнемі сабақ үрдісінде іске асып отыруы қажет.
Электронды білім беру жүйесіне сай педагогтердің біліктілік деңгейлерін бірнеше тарапқа жіктеп көрсетсек: қарапайым бейімдеушілік деңгей. Бұл деңгейде компьютер және компьютерлік техниканы қолдану дағдылары, оқу үрдісінде қолданбалы бағдарламалық құралдарды қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Іс әрекеттік ізденістік деңгей. Педагог АКТ-мен жұмыс жасау негіздерін практикалық тұрғыда меңгереді. Жүйелік шығармашылық деңгей. Электронды оқу-әдістемелік құралдарды құрастыру, веб сайттар құрастыру.
Цифрлық білімдік ресурстар порталға қосылу орнынан тәуелсіз түрде әрбір пайдаланушы үшін ыңғайлы әр түрлі форматтағы ақпарат болып табылуы тиіс. Цифрлық білімдік ресурстарды педагогтар сабақ жүргізу үшін де, оқушылар оны өз беттерімен сабаққа дайындалу үшін және анықтамалық материалдар ретінде де пайдалана алатын болады. Цифрлық білім ресурстары оқытушыларға оқытудың әр түрлы мақсаттары үшін оқу материалын қалыптастыруға мүмкіндік беруі тиіс. Цифрлық білім ресурстарын дайындаудың негізі видео мультимедиалық түсіндіруге сүйенеді.
Кез-келген тапсырма диалог ретінде көрсетіледі. Оқушылардың танымдық ой-қабілетінің артуына үлесін қосатын нақты дүние – цифрлық білім беру ресурстары. Цифрлық ақпарат көздеріне: цифрлық білім беру ресурстары, электронды оқулықтар, инновациялық оқу-әдістемелік кешендер, виртуалды зертхана, күрделі құрылымды ақпараттар көзін (цифрлық мұражай, кітапхана, энциклопедия) жатқызуға болады. Міне, осының барлығы цифрлы заманның нақты дәлелі бола алады. Бұл технологияның ерекшелігі – оқушының танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыра білу.
Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына себін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап баланың берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, балаға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады.
Өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру баланың сол сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Педагог жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану барысында өзін-өзі дамытады және қалыптастырады. Қорытындылай келе, Әрбір жаңа дүниенің тиімді және тиімсіз тұстары болады. «Қиын кезең кемел адамдарды қалыптастырады».
Мейрбек Нурланович САМЕКОВ,
“Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы Жамбыл
облысы бойынша ПҚ БАИ, жаратылыстану
және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі
кафедрасының аға оқытушысы, Тараз қаласы