М.Әуезов атындағы университет: Парасатты білім ордасы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Бұл салада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының салдарын жоюдан оның алдын алу тиімді екенін ұлттық және халықаралық тәжірибе дәлелдеп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев: «Біз сыбайлас жемқорлықты жоюдың тиімді әрі қарапайым қағидасын анықтадық, ол – тиімді алдын алу, ауқымды ағарту, сындарлы серіктестік пен пәрменді қылмыстық құқықтық шаралардың үйлесімі» деген тұжырым айтты.

Демек, бұл бағыттағы шаралар нәтижелі болу үшін мемлекеттік органдар ғана емес, квазимемлекеттік сектор субьектілері мен азаматтық қоғам өкілдері, жалпы азаматтар белсенді, құқықтық тұрғыдан сауатты болуы керек. Елбасы атап өткендей, «Қазақстанның болашағы жоғары оқу орындарының аудиторияларында қалыптасатынын» ескерсек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда оқу орындарының үлесі басым. Осы орайда, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін бірнеше бағытта ұйымдастырып, жүйелі түрде жетілдіріп келеді.

Агенттік бастамасын қолдап 2019 жылы ашылған «Парасат» басқармасы – қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті үйлестіруші құрылым. Басқарма университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік базасын жетілдіру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру, бұқаралық-ақпарат құралдарымен, мемлекеттік органдармен  байланыс орнату бағытында жұмыс жасауда.

Университетте қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт пен Әдеп кодексі жүйелі түрде қызметкерлер, оқытушылар мен білім алушыларға оффлан-онлайн форматта әлеуметтік желілер, тікелей эфирдегі кездесулер арқылы насихатталуда. Парасат басқармасының «Сенім телефоны» мен басқармадағы қызметкерлер кез-келген білім алушы мен қызметкерлер үшін көмек  және кеңес беретін алаңға айналған. Қызметкерлерді ынталандыру, көтермелеу осы арқылы кадр кезервін қалыптастыру мақсатында «Айдың үздік қызметкері», «Әуезов университетінің 100 жаңа есімі», «Үздік тәлімгер» конкурстары жүйелі түрде өткізіледі.  

Әдеп жөніндегі уәкіл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бойынша жауапты тұлғалар білім алушылар мен қызметкерлерді тұрақты түрде  қабылдайды. Аталған жауапты тұлғалар туралы ақпарат ресми интернет – ресурстарда, әлеуметтік желілерде орналастырылған. 2020 жылы университет ректоры, жауапты тұлғалар  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және Әдеп кодексі нормаларын түсіндіру бойынша ОПҚ, қызметкерлермен – 87, білім алушылармен – 112 онлайн-оффлайн форматта кездесулер, тікелей эфирлер өткізді.

Қазіргі таңда ҚР БжҒ министрлігінің бастамасымен  «Ішкі  актілер мен ішкі актілер жобаларына  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  ғылыми  сараптама жүргізу жөніндегі үлгілік қағидалар» бекітілген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы үйлестіру «Парасат» басқармасына жүктелген. Осылайша университеттің ішкі актілері даярлау кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамадан өтеді. ISO 37001:2016 «Жемқорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын университет қызметіне енгізу жоспарланған, стандартты  енгізу процесінің ұйымдастырушылық  және қаржылық мәселелері талқылануда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын ілгерілету мақсатында қалалық департаментпен ұйымдастырылған «Парасатты қоғам» бейнероликтер байқауында “Sanaly urpáǵ” клубы мүшелері дайындаған бейнеролик бірінші орын алып, білім алушылар марапатталды. Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы университет қызметінің ашықтығын, айқындығы мен тазалығын қамтамасыз етуге, «баға сатып алуды қабылдамайтын жастар» қалыптастыруға бағытталған. Парасаттылық – парақорлықтан сақтандырады, сондықтан университет бұл бағыттағы қызметін жаңдандыру арқылы «Парасатты университет» болуды мақсат етуде.

Гүлбақыт ДУЛАТОВА,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
университетіндегі “Парасат” басқармасының
басшысы, Шымкент қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий