Колледжде қашықтан оқытуды ұйымдастырудың мүмкіндіктері

Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне қашықтан білім беру технологиялары белсенді енгізілуде.  Қашықтан оқыту ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалана отырып, ақпаратты жеткізудің прогрессивті нысаны болып табылады.  Аталған технология бойынша білім алушы мен оқытушы бір-бірінен кеңістікте бөлінген, бірақ бұл ретте олар тиімді оқытуға ықпал ететін ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлардың көмегімен жасалған тұрақты өзара іс-әрекетте болуы қажет.

Электрондық оқыту электрондық технологиялар арқылы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды білдіреді. Қазіргі заманғы электрондық технологиялар әдеттегі сабақтарды ғана емес, сонымен қатар практиканы, зертханалық сабақтарды, аралық, қорытынды аттестаттауды қоса алғанда, үлгерімді бақылауды жүргізуге көбірек мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде республика деңгейінде барлық оқулықтар электронды нұсқаларымен қамтылуда. Электрондық білім беруді тиімді енгізу үшін педагогтар біліктілікті арттыру курстарында міндетті оқытудан өтуде.

Қашықтан оқыту дегеніміз – оқытушы мен білім алушылар арасындағы өзара интерактивті іс-әрекет, сондай-ақ олардың арасындағы және АКТ құралдарын іске асыру жағдайында жүзеге асырылатын оқу процесіне тән барлық компоненттерді (мақсаттарды, мазмұнды, әдістерді, ұйымдастырушылық нысандарды, оқыту құралдарын) бейнелейтін ақпараттық ресурстың интерактивті көзі. Қашықтан оқытудың мақсаты студенттерге тікелей тұрғылықты жері бойынша кәсіптік білімнің негізгі және қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеру мүмкіндігін беру болып табылады. Қашықтан оқытудың оңтайлы нәтижелерін алу үшін келесі факторлар мен жағдайлар маңызды.

Біріншіден әлеуетті қашықтан білім алушыларда заманауи компьютерлік базаның және интернетке жақсы қолжетімділіктің болуы; оқытушыларда қашықтан жақсы білім беру ресурстары мен қашықтықтан білім беру тәжірибесінің болуы; қашықтан сабақтарды жақсы дайындау; дайындалған жергілікті үйлестірушілердің болуы; қашықтан сабақтарды жүйелі түрде өткізу; қашықтан қызметті моральдық және материалдық ынталандыру. Біздің арнаулы оқу орнындағы оқу процесінде қашықтан оқыту технологияларын қолдану белсенді дамуда.

Осы бағытта колледж оқытушылары өздерінің оқу-әдістемелік материалдарын колледждің ресми сайтында, EduPage электрондық білім беру ортасында орналастырады, цифрлық колледжде жұмыс істейді. Білім алушыларға EduPage платформасы қолжетімді, себебі бұл ресурста келесі материалдарды табуға болады: дәрістер курстары; практикалық жұмыстарды, өзіндік жұмыстарды, бақылау жұмыстарын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар; курстық жұмыстарды орындау. Жүйеде тіркелген әрбір студент өзінің білім беру бағдарламасы бойынша барлық қажетті ақпаратты ала алады.

Сонымен қатар, студенттердің өзіндік жұмыстарын бағалау жүргізіледі. білім алушылардың оқу материалын игеруін жедел қадағалауға арналған тест тапсырмалары мен сұрақтар қолданылады. Сонымен қатар, колледж оқытушылары білім беру жобаларына арналған Kahoot, Quizizz  қосымшаларын, Google формаларын тест, сауалнама, оқу ойынын жасауда немесе білім марафонын ұйымдастыруда пайдаланады. Колледж оқытушылары ZOOM және Skype бейне қызметтерін кеңінен пайдаланады. Осы бағдарламаларды қолдана отырып, оқытушылар онлайн сабақтар, курстық жобалар бойынша жеке және топтық кеңестер өткізеді.

Және экранды көрсету, интерактивті тақта сияқты құралдарды қолданады. Олар сызбалармен жұмыс жасау кезінде көп көмектеседі. Қашықтан оқыту жағдайында колледж педагогтары бірнеше электронды кітапханалық жүйелердің платформаларының ресурстарын пайдаланады. Қашықтан оқыту жағдайында жұмыс істеу колледж студенттеріне де, педагогтарға өздерінің IT-құзыреттерін өзектілендіруге және жаңаларын қалыптастыруға мүмкіндік беруде.

Студенттер кәсіби қызметте әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тәжірибесін алуда. Бүгінгі күні колледж оқытушылары заманауи IT-технологиялар негізінде оқу процесін ұйымдастыру дағдысын қалыптастырды, электрондық оқыту құралдары мен қашықтықтан білім беру технологияларын игерді.

Айжан Құрманқызы КАЛМАГАМБЕТОВА,
Халықаралық Бизнес Академиясы колледжінің
оқу ісі бойынша орынбасары, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий