Мәңгілік ел жастары – тәуелсіздік кепілі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Мәңгілік ел жастары – Тәуелсіздік кепілі» атты ХХIV республикалық ғылыми конференция ұйымдастырудың мақсаты қазіргі жаһандану заманында дүние жүзіндегі ғылыми-техникалық прогрестің қарқынынан қалыспау, мәдениеттер мен өркениеттердің арасын жалғап, әлем халықтарының ынтымақтастығын нығайтатын, халықаралық қатынастарға түсетін білімді, саналы жастар мен  ел ертенін ойлайтын тұлғалар қалыптастыруға бағытталған.

«Мәңгілік ел» идеясы ежелгі түркілер заманынан басталып, кешегі ата-бабаларымыздың арманы болды. Сол заманда ел болашағын ойлаған дарынды билеушілер мен тарихи тұлғалар мемлекет мүддесін, оның жан-жақты даму жолын айқындап, жүзеге асуына өзіндік үлестерін қосқан. Олардың армандаған мәңгілік ел тәуелсіздігі қазіргі таңда барша халқымыз үшін ең қадірлі де баға жетпес құндылық. Тәуелсіздік Мемлекетіміздің ерекше қуаты мен еркіндігінің, ұлттық келбеті мен абырой-беделінің,  азат рухының нышаны болып табылады.

Бүгінгі отыз жылдық тәуелсіздіктің арқасында іргеміз бүтінделіп, еңсеміз көтерілді, енді әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену міндеттері шешіле бастады. Жершарындағы 220 мемлекеттер арасында осындай даму көрсеткіштеріне ие болған елдер он шақты ғана. Заманға сай даму үшін жаңа технологиялырды игерген, жаңаша ойлайтын білімді, ғылымды игерген мамандар дайындау үшін Мемлекеттік тараптан, ел жастарына әлемдік деңгейдегі білім алуына, тәжірибелік тағылымдамалардан өтулеріне зор мүмкіндік жасалды және ол әлі де жалғасуда.

Елімізде индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде озық 10 жоғары оқу орны анықталып, олардың ішінде университетіміз 3 орын алып отыр. ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған оқу-ғылым жоспарына сәйкес бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн талаптарға сай (пайдалы оқу алаңы, материалдық – техникалық базасы, оқу-зертхана жабдықтарымен, оқу-өндiрiстiк шеберханалармен, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиеттер қорымен қамтылған ҒЗЖ тәжірибесі және тағылымдамадан өткiзу базалары ретiнде ТМД және шет мемлекеттермен келісімшарттар жасалған). 2010 жылғы наурыз айында Қазақстан ресми түрде Болон декларациясына қосылған еді.

Жоғары білім берудің еуропалық аймағының 47-мүшесі және еуропалық білім беру кеңістігінің толық құқылы мүшесі ретінде қосылған соң, жоғары білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Болон декларациясының принциптеріне негізделген, мамандарды дайындаудың үштік моделі жүзеге асырылды: бакалавр – магистр – PhD доктор. Тарихы тереңнен бастау алатын Университетіміз – ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымды бойына сіңірген, киелі білім ошағы.

Жалпы М.Әуезов аттындағы ОҚУ-де білім алушы жастардың (бакалаврлар, магистрлар, докторанттар) жалпы  саны 17282. Биылғы оқу жылына университетімізге 4207 астам студент 2141 мемлекеттік грант есебінен және ақылы негізде 1739 қабылданды. Бұған қоса 400 – ге жуық магистрант пен 66-тан астам докторант білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Бұл  – бұрынғы жылдар мен салыстырған да өте жоғары көрсеткіш. Осының өзі – біздің университетке деген зор сенімнің уақыт өткен сайын артып келе жатқандығын көрсетеді. Ғылыми-техникалық әлеуеттің негізгі қозғаушы күші болып білікті мамандар саналады.

Мемлекеттің ғылыми әлеуетті дамыту, кадр резервін күшейту және көшбасшыларды дамыту бойынша стратегиялық HR-менеджментті енгізу жөніндегі жұмыстар кешені жүргізілетін болады. Бұл – жастардың талғамына, қазіргі трендтерге негізделген тақырыптар, жас ғалымдарға белсенді көмек көрсетіп, оларды қаржылық, тараптар жағынан заңдастырылған жауапкершілік тарту пакет құжаттарын тағайындау, қаржылық ресурстарын тиімді шешу арқылы жас ғалымдар мен докторанттар назарын ғылымға деген көзқарастарын аудару.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты республикада ғылыми – зерттеу және педагогикалық қызмет жүргiзу бойынша біліктікті ғылыми дәрежесі бар мамандарды мемлекеттік таптырыс негізінде 2011 жылдан бастап, Болон декларациясының принциптеріне негізделген, магистратураның 70, PhD докторантураның 19 мамандығына сәйкес әлеуеттік қоғамдық нарыққа ғылыми кадрларды даярлайды.

Қазіргі уақытта ғылыми кадрларды дайындадауғағы ең жоғары ғылыми дәреже философия (PhD) докторы болып табылады. Соңғы он жылдан бүгінге дейін 3000 – нан астам магистр және жетпіске жуық PhD докторы дайындалды. Нарықтық заманда кесек мінезді, істі жауапкершілікпен орындайтын жұртпен жұғысқыш, еңселі еліміздің терезесін әлемдегі дамыған елдердің терезесімен тең ұстайтын білімді, тұғыры биік заманауи жастар мен бәсекеге қабілетті ғылыми (PhD) дәрежесі бар маманға қашан да стратегиялық және иновациялық даму үрдісіндегі мемлекет мұқтаж.

Магистратура, докторантураға түсуші тұлғалар шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын Кешенді тестілеу тапсырды. 2020 жылғы магистратураға түсу емтиханы жаңа форматта жүргізілді. Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарын  (ТOEFL, IELTS, Duolingo English Test) ұсынды.

Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары бейне және дыбысжазбамен жабдықталған аудиторияларда, онлайн форматта өткізілді. Мақаланың түйінін оп­тимистік бағытта аяқтауды жөн санап отырмын. Алаш арыстарының айтулы өкілі Ахмет Байтұрсынұлының: “Неше түрлі ғылым, өнер – бәрі де тіршіліктің ауырлығын азайту үшін, рахатын молайту үшін шығарылған нәрселер. Ғылым, өнер артылған сайын дүниеде бейнет кемімекші. Осыған ақылы жеткен, есі енген жұрттар ғылым мен өнерді бірден-бірге асыруға тырысады”, – дейді.

Қазіргі кезде қазақстандық ғылым сапалы өзгерістер кезеңінен өтуде. Біз – Мәңгілік Елдің білімді де саналы, сауатты жастары, өз еліміздің, болашақта күллі әлемді таңдандыратын, игілікті істерді еселендіріп Қазақ елінің гүлденуі мен әрі қарай дамуына, көркеюіне үлесімізді қосуға тиіспіз. Елдігіміз Мәңгілік, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Азиза Досымбеккызы ҚЫДЫРАЛИЕВА,
М.Әуезов атындағы ОҚУ – нің Жас ғалымдар
кеңесінің төрайымы және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру институның ЖООКББИ бас маманы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий