Ақмола облысы: “Тарих ізімен” көрме байқауының жеңімпаздары анықталды

Ұлттық мәдениеттің негізі болып табылатын этнопедагогикалық білім беру мен ұлттық тәрбие берудің басты құралдарының бірі – ұлттық өнер екендігі белгілі. Ұлттық өнер – ата-бабаларымыздан келе жатқан, ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан өнер түрі, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

“Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында «Тарих ізімен» облыстық көрме-байқауын ұйымдастырды. Негізгі мақсаты: жас ұрпақты сәндік-қолданбалы шығармашылыққа баулу арқылы қазақ халқының ұлттық қолөнер дәстүрлерін қайта жаңғырту және заман талабына сай түрлендіріп дамыту, жас ұрпақтың бойына жалпыұлттық және мәдени құндылықтарды терең сіңіру.

Байқауға облыстың 11 ауданы (Атбасар, Астрахан, Бурабай, Зеренді, Есіл, Жарқайың, Жақсы, Қорғалжын, Шортанды, Сандықтау, Целиноград) мен 1 қаласынан (Көкшетау) жалпы саны 57 жас өнерпаз қатысты. Қатысушылардың жұмыстары көрмеге қойылды, ал жұмыстарды қорғау ZOOM платформасы арқылы жүзеге асырылды. Атап айтқанда, «Құрақ көрпе: тоқыма бұйымдарды көркемдеп өңдеу» номинациясы бойынша 29 жұмыс, «Шебер қолдар»: ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу» номинациясы бойынша 23 жұмыс, «Ұсталы ел озар»: металлды көркемдеп өңдеу» номинациясы бойынша 5 жұмыс келіп түсті.

Байқау жұмыстарын келесі құрамдағы білікті қазылар алқасы бағалау өлшемдеріне сай бағалады: Захай Бибігүл – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы. Амиржанова Анара Орымбайқызы – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасының оқытушысы. Бейсенбаева Гульбану Асанқызы – Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің сызу және бейнелеу өнері мұғалімі.

– Мен бұл жұмысты 8 наурыз мерекесіне анама арнап жасайын деп ойлағанмын. Сосын осы сайысқа жібердім. Жұмыстың аты «Бәйшешек гүл». Бұл жұмысты жасауға 3-4күн кетті, бұл гүлді жасауға жұқа түрлі түсті металлдарды пайдаландым. Мен гүл жасауды бұрыннан да қолға алғанмын басқа да жасаған гүлдерім бар олар мектепте көрмеде тұр. Гүлді жасағанда жасанды гүлден үлгі алып қағазға түсіріп, жұқа металлға жабыстырып қиып, арнайы тап салғыштармен бедерлеп, қалыпқа келтіріп жасадым. Гүлдің күлшесі жұқа қаңылтырдан жасалса, сабағын сымнан жасаймын. Осылай гүлдерді өңдеп арнайы лактармен лактап дайын қыламын, жасаған кезде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаймын. Болашақта бұданда күрделі гүлдерді жасаймын» – дейді Абзалхан Худабай, Шортанды ауданы Новокубанка орта мектебінің 7сынып оқушысы. Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, олардың жетекшілері алғыс хатпен марапатталып, барлық қатысушыларға көрме-байқауға қатысқаны үшін сертификат берілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий