Ағылшын тілі сабағында бағалау тапсырмаларының түрлері
Жалпы бағалудың екі үлкен санаты “objective” және “subjective” assessment types бар екендігі белгілі. Олар өз кезегінде gap-fill-нен бастап problem solving-ге дейін ондаған түрлі тапсырмаларға бөлінеді. Объективті бағалау – сіз оқушының қаншалықты дұрыс немесе бұрыс екенін бағаламайсыз, өйткені Keys-те бір ғана дұрыс жауап бар. Сондықтан ешбір оқушы бағасының әділсіздігі жайлы сөз қозғамайды. Мысалы: true/false, a-b-c choice, matching, error correction тапсырмалары.
Бұл тапсырмаларды бағалау оңай және нақты нәтиже береді. Ал субъективті бағалау болса сіздің көзқарасыңызға негізделген жауап болуы мүмкін. Мысалы: essay, composition, discussion, role-play. Бұндай тапсырмалар барысында бір уақытта бірнеше аспектілерді бағалау керек: грамматика, лексика, еркін сөйлеу, тапсырманың орындалуы және жауаптағы жаргон сөздерінің орындылығы. Осындай жұмыс түрін бағалау критерийлерін нақты түсінуді қажет етеді. Берілетін тапсырмалар сіз тексергіңіз келетін тілдік дағдылары мен аспектісіне байланысты.
Бағалау үшін дұрыс тапсырмаларды таңдау өте маңызды, көбінесе бағалаудың жеткіліктілігі мен оқушының жетістігі сол тапсырмаларға байланысты болады. Тіл аспектісіне сүйене отырып, олардың әрқайсысы үшін ең жақсы тапсырмаларды қарастырып көрейік.
Reading: True/False questions – қалай болғанда да, мәтін түсінуді тексерудің және objective assessment санатына кірудің ең жақсы тәсілі – иә/жоқ сұрақтары. Атақты халықаралық емтихандарда да мұндай тапсырмалар әрқашан болатыны бекерден емес. Multiple choice questions – бірнеше жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау. Әрине ол біраз қиын болуы мүмкін, дегенмен оқушы тапсырманы мұқият оқып шықса, дұрыс жауабын табу жеңілірек болады.
Ordering paragraphs + Choosing titles – бұл тапсырмалар оқушылардың идеяларды логикалық ретпен қалай ұйымдастыра алатындығын және біртұтас мәтін құрау үшін тиісті жалғауларды дұрыс жалғай алатынын-алмайтындығын тексереді. Сohesion and coherence-ті тексерудің ең қолайлы түрі. Сонымен қатар “Open comprehension questions”, “Information transfer/table completion”, “Cloze tests” қолданyға болады. Writing: Story writing – жазылымға movie немесе book review, anecdote, an amusing story that happened to me, story writing-тер ең жақсы тапсырмалар болып табылады. Осындай тапсырмалар оқушылардың лексикасы мен грамматикасын тексеруге ыңғайлы.
Essay, composition, email, letter, postcard etc. – бұндай тапсырмалар көбінесе жоғары тілдік деңгейге ие оқушыларға арналған. Form filling, labelling, jumbled words – бұл тапсырмалар төмен тілдік деңгейге ие оқушылар үшін өте жақсы. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін, өйткені осындай тапсырмалар күрделі құрылымдар мен грамматиканы қажет етпейді.
Speaking: Responding to prompts – мұндай тапсырмалар ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Оларды сабақ барысында өтетін барлық тақырыптарға дайындауға болады. Қазіргі таңда интернеттен осындай тапсырмаларға арналған дайын карталар өте көп. Giving presentation – презентацияны оқушы өзі таңдаған, өзіне жақын кез-келген тақырыпта жасай алады, бұл бағалау түрінің басты артықшылығы. Өйткені студент өзіне жақын және түсінікті нәрсені айтып, өзін жақсы жағынан көрсете алады.
Role-play, interview – жұптық жұмыс барлық деңгейлер үшін керемет жұмыс түрі. Себебі “At the reception” немесе “At the restaurant” сияқты қарабайыр тақырыптар арқылы арқылы Beginner деңгейлі оқушылар мен қатар Intermediate деңгейі бар оқушыларға дейін бағалауға болады. Discussions, problem-solving in groups – бұл тапсырмалар топтық жұмыс үшін Number One. Себебі қысқа уақыт ішінде түгел сыныпты бағалап шығуға ыңғайлы.
Grammar: Multiple choice questions, gap-filling – барлық деңгейлер мен барлық грамматикалық тақырыптарға арналған керемет тапырма түрлері. Бұл тапсырмалар оқушылардың осал жақтары мен олқылықтарын тез және дәл анықтауға көмектеседі. Error correction – бұл жұмыс түрі оқушылардан берілген тапсырмадағы қателерді тауып, жағдайды талдай білуді қажет етеді.
Cloze test – бағалаудың әдеттегі нұсқасы емес, ол әр n-ші сөздің, мысалы, әр 3-ші немесе 5-ші сөздердің бос орындары бар шағын мәтінді білдіреді. Тапсырманың ерекшелігінің арқасында сіз қай грамматика алынып тасталатынын ешқашан біле алмайсыз, өйткені бұл артикль де, -ing жалғауы бар етістік те, предлог та болуы мүмкін. Бұл лексика мен грамматиканы біріктіретін күрделі тапсырма. Сонымен қатар “Sentence completion”, “Transformation exercise” сияқты тапсырмаларды да қолдануға болады.
Listening: Шын мәнінде, ақпаратты есту арқылы қабылдауды тексеруге арналған тапсырмалар мәтіннің түсінуін тексерумен бірдей, сондықтан келесі тапсырмалар тізімі аз толықтырулармен берілген. Song-based tasks – сабақ барысында әндерді қолданудың да маңызы үлкен. Себебі олардың ішінде түрлі грамматикалық тақырыптарға арналған сөйлем құрылымдары, лексика жиынтықтары орасан зор. Әрі оқушылардың көңілі көтеріңкі және қызығушылықтары жоғары болады.
Dictation – есту қабілетін және сөздердің дұрыс жазылуын тексеру үшін сөздік те, мәтіндік те пайдалы болады. Following the instructions for mapping a route/drawing a picture – тапсырма қарапайым – тыңдау және суретін салу. Оқушылардың дағдыларын бағалаудың жаңа нұсқасы. Table completion – естілген немесе оқылған мәтінді түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар “True/False” and “Yes/No questions”, “Open comprehension questions”, “Multiple choice question”, “Listen and complete the gaps”, “Choose the word wich desribes what you heard” түрлерін де қолдануға болады.
Vocabulary: жоғарыда берілген тапсырмалар лексиканы да тексереді. Олардың ең ерекшелерін атап өтсек: Word/mind maps – оқушының сөздік қорын тексеретін тапсырма. Word-building – оқушыға логика мен жұрнақтарды, префикстерді және жалғауларды қолдана отырып, жаңа сөздер жасауды үйрететін керемет тапсырма. Тағы да “Odd one out”, “Finding synonyms, antonyms, definitions, lexical sets” қолдануға болады. Жалпы барлық берілген бағалаудың әр түріне тапсырманың орындалуы және олардың дағдыларын дамыту туралы объективті feedback қоса берілуі қажет.
Айнаш КАМАТАЙҚЫЗЫ,
“Балдәурен” республикалық оқу
сауықтыру орталығы мектебінің
ағылшын тілі пәні мұғалімі,
Ақмола облысының Бурабай ауданы