Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепті басқару

Бүгінгі жылдам өзгеріп отырған заманда, ақпараттық – коммуникациялық қарқынды дамуына және жаһандануға байланысты еліміздің білім мазмұнын жаңарту қажеттілігі туындады. Біз білім беру мазмұнына, мектепте, оқушы мен педагог тұлғасына, олардың өмірі мен қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске ұшырап отырған кезеңінде өмір сүрудеміз. Оқыту мен дамыту мәңгілік педагогикалық проблема. Адамзат қоғамының әртүрлі кезеңдерінде, тіпті әртүрлі этникалық қауымдастықтарда, әлеуметтік топтарда бұл проблема мезгіл мезгілімен жаңартылып отырады.  

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» стратегиясында бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керектігі нақты айтылған. Қазақстанның білім беру стандарттарына деген ұмтылысы  білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда. Осыған  орай қазіргі кезде білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар орта мектептің білім мазмұнын жаңартуға және өсуден тұрақты даму кезеңінде өтуге бағытталған.

Ал бұл әрекеттің жоғары дәрежеде орындалуы негізінде,ең алдымен, білім ұйымы басшыларының басқарушылық іс-әрекетіне тікелей байланысты екендігінде ешкімнің күмәні жоқ. Адами капиталды дамыту, білім сапасын арттыру және тағы да басқа мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарлама білім ұйымы басшыларының алдына үлкен міндеттер қоюда. Бағдарламада менеджменттің мақсаты: «білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру» болса, білім берудегі менеджментті жетілдіру,оның ішінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік – жеке әріптестік жүйесін қалыптастыру, білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистиканың құру міндеті жүктеліп отыр.

Басқару мәдениеті басшыға өзінен-өзі келмейді. Ол тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу, білімін жетілдіру, тәжірибе жүзінде адамдарды басқару бойынша білігімен дағдысын үнемі жетілдіру секілді күрделі үдеріс арқылы қалыптасады. Сонымен қатар басқару мәдениеті тұлғаның кәсіби сапасынан да көрінеді. Бұл жерде айтылатын мәселе мәдениет тек қызмет көрсеткіші ретінде ғана емес, ол кәсіби кемелденудің көрсеткіші ретінде де яғни басшының қызметін бағалау өлшемі деп қарастырылады. Бұдан шығатын қорытынды, білім беру ұйымдарының басшылары талантты, ұйымдастырушы, әділетті, дарынды, ұжымдағы адамдарға құрметпен қарайтын уақытпен санаспайтын, жұмыста жанып жүретін адамдарды қызықтыра, жігерлендіре білетін маман болуға тиіс.

Қазіргі кезеңде ол өзгерісті тәжірибеге, өмірге енгізуді өзінен бастайтын, айналасына мақсатты мүддесі бір команда жинай алатын, ұжымды демейтін, қозғау сала алатын, шығармашылық еңбектің қалыптасуына жағдай жасайтын, ұжымның әр мүшесінің орнын, қажеттігін, соның негізінде жұмыстың сапасының табысты болатынын сездіре алатын, болашақты болжай алатын, өмірде кездесетін әртүрлі қиындықтарды шешуде төзімділік таныта алатын білікті басшы менеджер болуы қажет.

Сонымен қатар білім беру мазмұны жаңаруы жағдайында заманауи мектеп басшысы: көшбасшы, ұжымды демеуші, ойды қозғаушы, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ұжым үшін шығармашылық жағдай, орта құра білетін, болашақты болжай алатын, корпоративтік негізінде ұжымды басқара білетін басқару басқару өнерін меңгерген тұлға болуы тиіс деп ойлаймын.  

Кадирбек Еркинбекович ЕШАНКУЛОВ,
№40 Ғани Мұратбаев атындағы жалпы орта

білім беретін мектептің директоры, Түркістан
облысының Келес ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий