Педагогтер біліктілігі: Қашықтан оқыту уақыт талабы

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы N988 қаулысымен бекітілген), онда келесі мақсат көзделген: Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру деп нақты айтылған.

Жоғарыдағы мақсаттарды негіздей келе «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары  Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы «Бастауыш білім беру жағдайында 4К моделін жүзеге асырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері» тақырыбында қашықтан оқыту жүйесінде ZOOM платформасы арқылы жалғасын табуда.

Курс барысында бастауыш сынып мұғалімдерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттармен, бастауыш мектепте 4k моделін жүзеге асыру аясында білім беру пәндерін оқытуды психологиялық педагогикалық қолдаудың ерекшеліктерімен, тілдік пәндердегі шығармашылық жүмыстармен, Блум таксономиясының деңгейімен және сандық білім беру ресурстарымен таныс болды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың заманауи мектеп жағдайында жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сәйкес тиімді оқыту үшін  бастауыш сынып сабақтарында топтық, жұптық, жеке жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруда.

“Карусель”, “Қарлы кесек”, “Сұрақ – жауап”, “Микрофон”, “Жәрмеңке” әдістері бастауыш сынып оқушыларының ойлау әрекетін белсендіруге, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында «Аялдамалармен оқу», «Белгімен оқу», «Жуан және жіңішке сұрақтар», «Фишбоун», «Синквейн» стратегиялары арқылы тілдік құзыреттілікті дамытуға ғана емес, коммуникативтік дағдыларды дамытуға да ықпал ететін тәжірибелік жұмыстар кезінде байқады. Оқушылар тәжірибе мен білімді механикалық есте сақтау жолымен емес, бірлескен «жаңа білім ашу» жолымен алатынын, оған сыни ойлау технологиясы мен оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдануды курс тыңдаушылары кері байланыс арқылы білдіріп отырды.

Дамып келе жатқан әлем жағдайында оқушылар өз әлеуетін іске асыруға дайын болатынын түсінді. Ұлы ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», – деп ойымды қорытындылағым келеді.

Назира Калдарбековна САДИРМЕКОВА,
“Өрлеу” БАҰО” АҚФ Түркістан облысы және
Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ “Мектепке
дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту”
кафедрасының аға оқытушысы, тренер

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий