Әдістемелік бірлестік: Қызыққа толы онкүндік

Жуырда біздің білім ордасындағы жаратылыстану пәндер әдістемелік  бірлестігінің  онкүндігі  ұйымдастырылды. Жоспар  бойынша  ашық  сабақтар мен  сыныптан  тыс  іс-шаралар  кестесі  құрылды. 7-сынып оқушыларымен география сабағынан «Дүниежүзі  халықтарының  діни  құрамы» тақырыбында  жаңа  сабақ өткізілді. Оқушылардың пән мұғалімі К.Айтикенованың да келбеті мектеп  талабына сай, санитарлық-гигиеналық талаптары да ескерілген.

Мұғалім  жаңа  тақырыпқа  АКТ құрылғыларын  тиімді  әдіспен  оқушыларды қатыстыра  отырып, түсіндірді. Оқушыларға   бағалау  парағымен  тақырыпты  пысықтау  тапсырмаларын  орындатты. Тапсырмаларға  дескрипторлар  құрылған. Оқушылардың  белсенділігі  жоғары  болды. Интербелсенді  тақтадан  дұрыс  жауаптары  тексеріліп, оқушылар  өздерінің  жұмыстарына  балл  қойды. Жаңа  сабақ  қорытындысы «Ыстық  орындық» әдісі  арқылы  жүзеге  асты.  Ал  кері  байланыс «Баспалдақ» әдісі  арқылы жүргізіліп,  оқушылардың  жинаған  балдарымен  білімдері бағаланды.

Сабақтың  құрылымы  өте  жақсы. Мұғалім  жүйелі  түрде  әр  тапсырманың  орындалуын  тексеріп, оқушыға  кері  байланыс  жасап  отырды. Сабақтың  әр  этабына  уақыт  жүйелі  бөлінгеннен  жемісті-нәтижелі  сабақ  болды. Келесі  ашық  сабақ  8-сынып  оқушыларымен химия  пәнінен «Металдар  және  бейметалдар» тақырыбында жаңа  тақырып  өткізілді. Пән  мұғалімі А.Бахтинова сабақты «Алақан  жылуы» психологиялық  ахуалмен  бастап, үй  тапсырмасын «Лездік  сұрақтар» арқылы  тексерді. Оқушыларға  бағалау  парағын  үлестіре  отырып, нұсқаулық  беріп  кетті. Оқушыларға  слайдтармен  суреттер  көрсете  отырып,  ой қозғатып,  жаңа  тақырыпты  анықтатты.

Тақырыпты  түсіндіре  отырып, сәйкес  тапсырмалар  орындатты. Химиялық  диктант  жаздырып, «Мекен-жай» әдісімен  артық  металды  анықтап, тест  тапсырмаларын жасатты. Әр тапсырманың  бағалау  критерийлері беріліп, дұрыс  жауаптарымен  тексеріліп, қателер  түзетілді. Жаңа  сабақ «Сұрақ-жауап» арқылы  бекітіліп, оқушылар  өзара  қызықты  сұрақтармен  алмасты. Бағалау  парағы  бойынша,  жинақталған  балл  қорытындысы  шығарылды. Рефлексия  бөлімінде  оқушылар  сабақтың  қызықты  өткенін айтып, стикерлер  арқылы  жазып, арнайы  кестеге  жапсырды.

Пән  мұғалімі  үй  тапсырмасын  беріп, күнделіктеріне  алған  балдарын  қойды. Биология  пән  мұғалімі М.Журумбаев  8-сынып  оқушыларымен «Тері  ұлпасының  құрлысы» атты  тақырыпта  жаңа  сабақ  өткізді. Ұйымдастыру  кезеңінен  кейін  үй  жұмысын  екі  тәртіппен  тексерді. Біраз  оқушыға  үлестірмелі  қағаздар  берсе,  біразынан  ауызша  сұрады.  Барлық  оқушыларды  қамти  отырып, жаңа  сабаққа  көшті. Оқушыларға  бағалау  парақтарын  үлестіріп  беріп, сабақ  барысында  өзін-өзі  бағалау  үрдісі  жүретінін  айтты. Слайд арқылы  көрсетіп, электронды  оқулықпен жұмыс қатар  жүргізілді.

Орындатқан  тапсырмалар  ойын  түрлерімен  жалғасып, оқушылар тері  арқылы, қол және  дене  мүшелері  арқылы  қандайда  бір  затты  сезініп, неден  жасалғанын, атқару  қызметтерін  де  айта  алды. Ал  зертханалық  жұмыс  кезінде  оқушылар суықтың (қолдарына  мұз ұстап)  және  жылудың (қыздырғыш құралын ұстап) адам  денесінің терісі жылдам  сезетінін  анықтап, көз  жеткізе  білді.  Оқушылар  сабақ  барысында  өте  белсенді  болып, өзін-өзі  әділ  бағалай  алды. Мұғалім  сабақты  қорытындылап, оқушылар  білімдерін  бағалады.

Математика  пәні  мұғалімі  Г.Мухамадьярова  6-сынып  оқушыларымен «Центрлік  симметрия»  тақырыбында  жаңа  сабақ  өткізді.  Оқушыларды  түгендеп, сабақтың тақырыбын  жариялап, мақсатын  қойды. Оқушылардан  үй  тапсырмасын «Дәптер алмасу» арқылы жұптық жұмыспен көршілес  партада  отырған  оқушының  жұмысын  тексерді. Интербелсенді  тақтада  дұрыс  жауап  көрсетілгендіктен оқушылар бірін бірі әділ  бағалады. Жаңа  тақырыпты  мұқият  тыңдап, берілген  тапсырмаларды  қызыға, жарыса  орындай  білді. Мұғалім  оқушылардың  әр  берген  жауабына  кері  байланыс  жасап  отырды.

Әр  тапсырмаға  дескрипторлар  құрылған. Оқушылар дескрипторларды  негізге  ала  отырып, тапсырманы  дұрыс  орындауға  тырысты. Оқулықта  брілген  есептерді  шығарып, тақтада  да  көрсетіп  үлгерді. Сергіту  сәті  де  орынды  жүргізіліп, оқушылар жігерленіп, жоспарланған  тапсырмаларды  толықтай дер  кезінде орындай  алды. Жаңа сабақ «Кубизм» әдісімен  қорытындыланып, кері  байланыс «БББ» кестесі  арқылы  жүзеге  асты. Ал  бағалау  бөлімінде  оқушылар үй  тапсырмасынан  алған балдарына сынып жұмысынан  алған  балдарын  қосып, орташа арифметикалық  бағасын  өздері есептеп  шығарды.

Мұғалім оқушылар жинаған балын «Kundelik.kz» сайтына кіріп, формативті  бағалады. Информатика  пән мұғалімі М.Сейтбаев 6-сынып  оқушыларымен  «Мәтіндік  құжатпен  жұмыс. Сілтемелер.» жаңа  тақырыпты жаңа  форматта  өткізді. Сабақтың  құрылымы, уақыттың тиімді бөлінуі жоғары деңгейде болды. Жаңа  тақырыпты  түсіндіре  отырып, теория  мен  практиканы  өте  жақсы  ұштастыра  білді. Оқушылардың  белсенділігі жоғары болды. Тақырыпты  бекіту  үшін  арнайы  тапсырмалар  берілді. Оқушылар  ұялы  телефон  арқылы  орындады. Мұғалім  оқушыларға  сабақ  барысында  сілтемелерін  жүктеді.

\Кері  байланыс пен  бағалау  бөлімдері де «Класс.таймс» қосымшасымен  жүзеге  асты. Барлық оқушы интернет  арқылы  тапсырмалар  орындап, өз  бағаларын  көз  алдына, пайыздық  көрсеткішпен  шыға  келгенін көріп, бойларын  қуаныш  кернеді. Мұғалімнің  оқушылармен  қарым-қатынасы, бірлесіп  жұмыс  жасауы  тамаша  көрініс  болды.  Келесі  аптада пән  мұғалімдер  сыныптан  тыс іс-шараларын  онлайн-сабақ  түрінде  жүргізілді. Онкүндік  аясында  белсенді  қатысқан  сыныптарға ӘБ жетекші  тарапынан  алғыс  жарияланып, өз білімдерін жоғары  деңгейде  көрсете  білген  оқушылар  мектеп  директорының  мақтау  қағаздарымен  марапатталды.         

Гүлнар МУХАМАДЬЯРОВА,
Жетісу орта мектебінің жаратылыстану
пәндер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі,
Алматы облысының Сарқан ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий