Мектеп–колледж–ЖОО: Өңірлік жүйедегі интеграциялық байланыстар
Шәкәрім университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков пен университет түлегі, Ғылыми Кеңесінің мүшесі, Семей қаласы білім бөлімі басшысы Наталия Фесенконың (фото суретте) университет пен мектептердің өзара әріптестік байланыстарын арттыруға арналған отырысы ұйымдастырылды. Негізгі қаралған мәселелердің бірі педагогикалық білім бағдарламаларының білім алушыларының педагогикалық және өндірістік практика базаларын ұйымдастыруды күшейту және іс-тәжірибе жетекшілерінің жалақыларын тағайындау әдістері қайта қаралатынын мәлімдеді. Бауыржан Амангелдіұлы педагогикалық бағыт білім алушыларының іс-тәжірибемен қатар дуалды оқыту элементтерін білім бағдарламаларына енгізудің маңыздылығын баяндады.
2021 оқу жылынан бастап барлық педагогикалық білім бағдарламаларына мектеп ұстаздарын «оқыту әдістемесі мен критериалды бағалау» пәндерінен сабақ бергізуді жоспарлап отырғанын алдыға қойды. Бұл біріншіден, тәжірибелі үздік ұстаздардың оқу процесіне араласуына, екіншіден студенттерді білім үдерісіне бейімдеуге және үшіншіден жұмыспен қамту мәселесін шешуге көмектесетінін баса айтты. Семей қаласы және Абай, Аягөз, Үржар, Бесқарағай, Жарма аудандарындағы мектептердің университет қамқорлығына алынғанын және аталған аудан мектептерінде еріктілер барлық пәндер бойынша онлайн режимде оқу сабақтарын ұйымдастырып жатқанын мәлімдеді.
Осыған орай, таяуда университетімізде оқушылар мен мектеп ұстаздарын қолдауға арналған «Шәкәрім онлайн мектебі» http://mektep.shakarim.kz/ платформасы іске қосылғаны айтылды. Платформаның бөлімдерінде бейне оқулықтар, оқу-әдістемелік материалдар және еріктілер тізімі мен жексенбілік мектептің кестесі жарияланды. Университеттің жексенбілік онлайн мектебінде оқушылардың білімін жетілдіруге арналған ҰБТ пәндері бойынша екі тілде кеңес алу сұрақ-жауап алаңы жұмыс жасауда.
Кездесу барысында, мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру жарнама ретінда қалып қоймау керектігі назарға алынды. Түлектерге кәсіби бағдар жұмыстарын кешенді жүргізу әрі кәсіби дамуына, өсуіне көмек көрсету мен оларды бақылап отыру бағытын қолдау керектігі баса айтылды. Осыған орай, университетіміздің кәсіби бағдар беру орталығы өз жұмысын жүргізудің әдісін өзгертетін болады. Сонымен бірге, үздіксіз білім беру орталығында орналасқан «Күміс» университеттің болашағы туралы мәселелелер кеңінен талқыланды.
Басты мақсат жұмыссыз қалған немесе мамандығын қысқа мерзімде ауыстырғысы келетін адам ресурстарын тез арада жаңа мамандыққа бейімдеу болып табылады. Үздіксіз білім беру орталығы осы бағыт бойынша жұмыс жасап, сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жасап, оқытуды бастап кетті. Қазіргі заманғы педагогика ежелден қалыптасқан тек сынып, тақта және партадағы оқушылардан ғана емес. Білім берудің мүмкіндіктері дәстүрлі шеңберден әлдеқайда асып түсті, ал қазір мұғалімнің рөлі әлдеқайда кең – ол көшбасшы, зерттеуші, инноватор, әрі шығармашыл тұлға.
Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (ЭЫДҰ) танымал оқыту және білім беру халықаралық сауалнамасында (TALIS) 21 ғасырдың заманауи мұғалім қандай болу керек деген сұраққа, келесі формуланы берді. Бірінші – мұғалім үйрететін нәрсені терең және кең түсіну – басқаша айтқанда, пәндік мазмұн, мұғалім өз пәнін жақсы білуі керек. Келесі кезекте – оқыту әдістері мен инклюзияны терең және кең түсіне білуі керек. Үшіншіден – мұғалімдерге өмір бойы білім алуға және өз кәсібінде өсуге көмектесетін зерттеу дағдылары.
Осы формуланың үш ұстанымына тағы екі дағдыны қосу керек сияқты, ол көшбасшылық (мотиватор) және шығармашыл тұлға болуы керек. Ұстаз алдында отырған 25-30 баланы артынан ілестіре алуы, тыңдата білуі, әрі тыңдай білуі керек, яғни жасөспірімдердің білім мен ғылымға деген көз жанарын жаға білу керек, ол мативация. Екіншіден, ұзтаз шығармышыл болу керек, мысалы, дәрігердің алдына 20 пациент келсе бәріне бірдей емдеу парағын жазбайды ғой, яғни дәрігер пациенттен түрлі анализдер алып, скринг жасап қорытындысын алғаннан кейін емдей бастайды.
Ұстаздарда сондай шығармашыл тұлға болу керек, алдына әртірлі ортадан, тарихымен, көз-қарасымен және түрлі қабылдау деңгейімен оқушы келеді, яғни бәріне бірдей ақпарат беру ол дұрыс емес. Сондықтан ұстаз оқушының дейгейі мен қабылдауына байланысты сабақ беруі керек, бұл дегеніміз жалпыдан жалқыға көшу, ол үлкен шығаршышылық дағды қажет етеді. Әрине, жаңа ғасыр ұстазының зерттеу дағдысы болмаса өз-өзін дамыту өте қиын үдеріске айналады.
Қазіргі кезде, жаңартылған мазмұн бойынша жұмыс істейтін барлық алдыңғы қатарлы мұғалімдер өз жұмысында Action Research және Lesson Study қолданады. Мұғалімдер осы шағын зерттеулердің нәтижелерін оқыту сапасын жақсарту үшін пайдаланады, олар орта білім беру реформасын, мектептің өмірін және оны басқаруды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар жасайды. Яғни, мұғалім мектептің драйверіне айналады. Сонымен бірге, мұғалім басқа адамның зерттеулері мен еңбектерін өмір бойы қолдана бермеуі керек, оны тек ресурс ретінде қолданып, өзінің қорытындысын шығарып сабақ процесінде не мектеп өмірінде өзгеріс жасауы қажет, яғни өзіндік тұжырымды жасай білуі керек.
Зерттеу жұмысын жасаған ұстаз оқушағы не керек екенін және оны қалай жеткізу керектігін білетін болады. Қалыптасқан әлемдік озық тәжірибеде педагогикалық бағыттағы оқытушы –профессорлық құрам мектепте зерттеу жұмысын жүргізіп қана қоймай, студенттердің іс-тәжірибе кезінде мектепте зерттеу жүргізуін басқарып, мектептегі оқыту, тәрбиелеу процесінің мәселелерін шешуге көмектесу басты жұмыстарының бірі. Рединг университетінің (Ұлыбритания) білім беру факультеті жақын маңдағы мектептерді қолдайды және оларға тікелей өзара әрекеттесу режимінде кеңес береді және профессор міндетті түрде мектеп ұстазымен бірігіп зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Ондағы мақсат бір сыныптың не бір мектептің нақты мәселелсін шешу. Рединг қаласындағы мектептерінң 7 сынып оқушылары математиканың бір тақырыбын, не модулін түсіну қиын. Сол кезде, универсиет ғалымы мен ұстаз осы тақырыпты зерттей бастайды. Себеп әртүрлі болуы мүмкін, тапсырмының мақсаты дұрыс қойылмауы, материадың лайықсыздығы, оқыту әдістемесінің тиімсіз болуы немесе ұстаздың әлсіздігі, яғни зерттеуші мәселенің нақты себебімен шешу жолдарын көрсетуі керек. Жоғарыда айтылғандар, өз кезегінде, педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мектеп ұстаздары нақты өмірдің фактілер мен құбылыстармен – эмпирикалық шындықпен жұмыс істейтін ізденуші зерттеушілер болуы керек дегенді білдіреді.
Олар білім беру жүйесінің проблемаларын түсіну үшін алғашқы деректермен – мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың пікірлерімен жұмыс істей білуі керек. Қазір уақытта оқытушы-профессорлық құрамның ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу стратегиясын қайта қарастырып, қажетті шығындардың құнын анықтап, инфрақұрылым мен лабораториялармен қамтамасыз ету қажеттігіне баса назар аударуда. Сонымен бірге, респонденттермен жұмыс істеу кезіндегі зерттеу этикасы бойынша Назарбаев университетінің KERA қауымдастығы ұйымдасырған семинар тренингтерге университетіміздің оқытушылары қатысып, лайықты құзіреттіліктер алуда.
Профессорлық-оқытушылар құрамының зерттеу жұмысымен айналысуы үшін университет жүктемені 730 сағаттқа азайтты және алдағы қыркүйектен бастап 650 сағатқа дейін төмендету жоспарда бар. Демек ғылыми жұмыспен айналысу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылуда. Сапалы зерттеушіден сапалы маман шығады деген ойдамыз. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және оның құрылымын қалыптастыру үшін мектептердегі сауалнамалардың нәтижелері және мектеп ұстаздарының ұсыныстары негізінде жасалады.
Өндірістік және диплом алды іс-тәжірибе барысында зерттеу дипломдық жұмыстың негізі болуы керек. Жаңа оқу жылдан бастап диплом жұмысы мен диссертациялық жұмыстың форматын үлкен, теориялық тұрғыдан ықшамға ауыстыруды, оқушының немесе сыныптың нақты мәселесін шешуге негізделген болу керектігін назарға алып отыр. Бұл 30-40 бет болуы мүмкін. Осылайша, кәсіптік іс-тәжірибе түлекті мектепте жұмыс істеуге дайындауға ғана емес, сонымен қатар зерттеу дағдыларын қалыптастырады және бекітеді. Білім беру саласындағы зерттеулерге баса назар аудару керек.
Көбінесе оқытушы-профессорлық құрам тек пәндік мазмұнға қатысты тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізеді. Мысалы, олар химияны оқыту әдістемесі бойынша емес, мұнай-газ немесе топырақ мәселелерімен айналысып кетуде, ең алдымен олар мектеп мұғалімдерін дайындайтынын ұмытып кету керек. Олар зерттеп жатқан пәндік зерттеулері көбінесе бәсекеге қабілетсіз, оған себеп Кембриж немесе Колумбия университеттерінің зерттеулерімен салыстыру өте қиын. Сондықтан, мектеп маңына топтасу біздің ғалымдары үшін өзекті болу керек.
Білім бағдарламаларына «академиялық жазу» пәнін енгізілді, енді алдағы оқу жылынан бастап педагогикалық зерттеу әдістерін оқыту курсын енгізуді бакалавр деңгеіне түсіруді жоспарлап отырмыз. Менторинг мектебі – Университетте практикаға-бағытталған дуальды оқыту элементтері педагогикалық институт студенттеріне қолданылуда, бұл студенттерді болашақта мектепте жұмыс істеуге итермелейді. Сонымен қатар әртүр психологиялық және когнитивті кедергілерді жеңуге көмектеседі. Семей қаласының озық сегіз мектебімен «Тәлімгерлік мектебі» келісім-шарт жасалды.
Келісім бойынша 4 курс студенттері екі ай көлемінде бекітілген кесте бойынша аптасына 2 рет жоғары санаттағы әдіскер ұстаздары білім беру үдерісіне сапалы ықпал ететін инновациялық ресурстарымен және оқу-әдістемелік тәжірибелерімен бөлісуде. Біздің студенттер үшін бұл ментеринг мектебі өз тиімділігін көрсетті, енді осы тәжірибені 2-3 курс студенттеріне енгізуді қарастырудамыз. Келісі оқу жылынан бастап мектептерде ғылыми зерттеулер жүргізу экожүйені қалыптастыру үшін «Seed funding» яғни зерттеудің ішкі гранттарын бере бастайды.
Ондағы негізгі талаптардың бірі ОПҚ мектепті зерттеу керек және бес мектеп ұстазы зерттеу жұмысының мүшесі болу қажет. Сонымен бірге, Action Research және Lesson Study технологиялары бойын семинар–тренингтер мен біліктілік арттыру курстарын ұйымдастыра бастаймыз.
Ұлан Бағдатұлы ТЛЕМИСОВ,
стратегиялық жоспарлау
орталығының директоры