Бала тәрбиесі – ұлт болашағы

Ұстаз сөзінің ұғымы кең. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан», Бала ол жас шыбық секілді. Алаштың ұлы тұлғасы Әлихан Бөкейхановтың cөзі. Өкінішке орай, қазіргі таңда бала тәрбиесіне қатысты келеңсіз көріністер кездесіп жатыр. «Отанды сүю-отбасыдан басталады». Бала тәрбиесі қашанда ұлт болашағы үшін адам бойындағы күретамыр тәрізді. Оған дер кезінде және аса нәзіктікпен қарау керек және міндетті. Балаға дүниеге шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап тәрбиенің тал бесігін беру – әке-шеше мен ұстаздар, қала берді қоғамның парызы.

Әке-шеше үйдегі тәрбиені түзесе, ұстаздың міндеті сауатын ашып, білімін тереңдету. Ал қоғам болып балаға жақсы мен жаманды айыра алатындай жағдай жасау. Қазақтың бір сөзі бар: «Бір жылдығын ойлаған бидай егеді, он жылдығын ойлаған тал егеді, мәңгілігін ойлаған баласының санасына ізгіліктің нәрін егеді» деген. Бұндай сөзді бұрын ешқандай ұлт айта алмаған. Болашақ тұлғаны қалыптастыру үшін, бүгінгі ұрпақты ерте жастан ертегі, аңыз әңгімелер, жырлар мен шешендік сөздер, қисса-дастандармен сусындатып өсіру қажет. Алайда бүгінгі күннің балалары Алпамыс пен Қобыландыдан гөрі, Шрек пен Спанч Бобты көбірек танитыны көңілді қынжылтады.

Ал тәрбие беруде ұстаздар қауымының еңбегі өте маңызды. Ұлы Абай айтқандай, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, бала тәрбиесі жолында ешқандай кедергі, шалыс қимыл болмауы керек. Себебі, бүгінгі бала ертеңгі елдің тізгінін ұстар, мемлекеттің мерейін асқақтатар азаматтар мен азаматшалар. Әр адам есі кіре бастағаннан дүниені танып-білуге, үйренуге талпынады. Бір қызығы, бұл дүниеден хабарсыз жаңа туған сәбиден есейе келе, әлемді аузына қаратқан дана да, ойшыл да шығады. Осынау ақыл толыстырып, білімін шыңдау сапарын-да ол бір адамға ерекше қарыздар екенін сезінеді. Ол – ұстаз.

Анығында «ұстаз» деген кім? Ұстаз – шәкіртін өмірге баулушы, оған өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін егуші, жақсы мен жаманды, обал мен сауапты үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, өзінің тәжірибесімен бөлісетін жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы. Ұлы Абай айтқандай «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан», тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым сондай бір ізетпен еске алған.

Айталық, Ескендір Зұлқарнайын – Аристотельді, Абылай хан – Төле биді, Шәкәрім – Абайды, Бердақ – Күнқожаны, Жамбыл – Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген. Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деп еске алатын болған. Расында, ұстазға құрмет – шәкіртке сын. Ертеректе мұсылман әлемінде ғалымдарға, ұстазға деген сый-құрмет жоғары болған.

Ұзақ жыл білім жинаудың, білгенін басқаларға үйретудің, кітап жазу секілді оқу-ағарту ісімен айналысудың беделі биік тұрған. Өйткені ұстаздар бұл іске сауап тұрғысынан көбірек мән беріп, қоғам тәрбиесіне өздерінің жауапты екенін терең сезінген. Пәнді үйретумен ғана шектелмей, шәкірттеріне өмірлік дұрыс ақыл-кеңес беріп, адамгершілік пен имандылыққа қатар баулыған, жүріс-тұрыс, мінезімен жақсы үлгі-өнеге көрсеткен. Қажет кезінде шәкіртінің дәрістен тыс жағдайларына да алаңдаушылық таныту арқылы шын жанашырлық танытқан.

Оқу, білім, ғылым, мәдениет, адамгершілік, әдеп, тәрбие – бәрін ұстаздан үйренген шәкірт ұстазды өз ата-анасынан кем қадірлемеген. Ұстазының алғысын алмаса, алған ілімінің берекесін көре алмайтындығына сенген. Тіпті ұстазды қатты құрметтегені сонша – есігін қағудың өзін әдепсіздікке балап, сыртта тұрып, шыққанын күткен. Шәкірт ұстазына ғана емес, оның жақындарына да құрметпен қараған. Ұстазының үй жағына аяқ созып жатудың өзін тәрбиесіздік деп білген. Ұстаз сөзінің ұғымы кең. Оның ең негізгі мәні жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету, тәрбиелеу дегенді білдіреді.

Баланың тұнғыш ұстазы – мектеп табалдырығын алғаш аттағанда, алдынан күтіп алып, әріп танытып, жазу жаздырып үйреткен мұғалімі. Жақсы ұстаз шындықты іздеп табуға үйретеді. Сол шындықты тауып, жеткізе білу — өте үлкен өнер, мұның өзі жұрт ойлағандай оңай емес. Егер мұғалім шәкіртінің өсіп-өнгенін көрсе, оның ақылы іске асырылғанына көзі жетсе, биіктерге жеткенін білсе бақытты болады. Ұстаздық пен шәкірттік ұғымдары адамгершілікпен, әдеп-инабатпен, ізет-құрметпен, білім-парасатпен, адалдықпен етене байланысты. 

Ұстаз – адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын таба білуге көмектесетін, айналасына білім-тәрбие ұрығын шашып, адамгершілікпен нұрын төгетін қоғадық қайраткер, ойшыл, тұлға. Ол жеке адамдардың өмірі дұрыс бағытта дамып, көркеюіне себепші болып, олардың тағдырында шапағатты із қалдыратын өмір тәжірибесі мол әрі дана болып табылады. Абай «Шәкіртсіз ғалым тұл» деу арқылы ұстаздық пен шәкірт ұғымын бірінің екіншісіне үйретуі, екіншісінің үйреткенді ынта қойып, біліп алатын, яғни, ғалымның іліміне ие болатын, мұрагер емес, ілгері жалғастырып, дамытушы ретінде анықталған.

Ұстаз, шәкірт сөздері – біздің халқымызда өте қадірменді, қастерлі ұғым. Олар білімдік, әдептілік, көргенділік, имандылық, кішіпейілділік, даналық, парасаттылық мағынасында түсініліп, қабылданып келген. Мемлекет бала тәрбиесінде барлық жағдай жасауда. Ұстаздар қауымының мәртебесін өсіруде. Оны айтпай кетуге де болмайды. Балаға, өскелең ұрпаққа, жас буынға біліммен қатар, ұлтына жанашыр мінез қалыптастыру аса маңызды. Әйтпесе, өзге елде сұлтан болып жүрген талай қазақтың білімді де білікті азаматтары жетерлік. Осы орайда,

Алаштың ұлы тұлғасы Әлихан Бөкейхановтың «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген сөзі еріксіз еске түседі. Өкінішке орай, қазіргі таңда бала тәрбиесіне қатысты келеңсіз көріністер кездесіп қалуда. Бала ол жас шыбық секілді. Жас шыбыққа күтім жасамай қалай өсірсе, тал болғанда қисайған жағына өседі. Бала тәрбиесінде дер кезінде түзеп отырмаса, кейін түзеу қиынға түседі. Сондықтан бала тәрбиесін одан әрі жақсартуға беймарал қарамай, қоғам болып, ел болып, әр адам атсалысу керек.

«Отанды сүю-отбасыдан басталады» дегендей, әр отбасы үйде дастархан басында балаға ұлтын сүюге, ана тілін құрметтеуге, еліне қызмет етуге, халқын қадірлеуге әр кез айтып отыру керек. Мемлекетіміздің мерейін үстем етер, еліміздің еңсесін көтерер жас буынды тәрбиелеу – барлық азаматтың міндеті.

Тобықтай түйін:  Бала тәрбиесі қашанда ұлт болашағы үшін адам бойындағы күретамыр тәрізді. Оған дер кезінде және аса нәзіктікпен қарау керек. Болашақ тұлғаны қалыптастыру үшін, бүгінгі баланы ерте жастан ертегі, аңыз әңгімелер, жырлар мен шешендік сөздер, қисса дастандармен сусындатып өсіру қажет.

Алмагүл Джубантурловна УТЕПОВА,
№17 “Күншуақ” балабақшасының тәрбиешісі,
Маңғыстау облысының Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий