Функционалды сауаттылық: Мұғалімнің кәсіби біліктілігінің маңызы

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

2012 жылдан бері мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық  қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүргізілуде. Алайда, біздің оқушыларымыздың халықаралық салыстырмалы «PISA-2009-2018» зерттеулері қорытындысы бойынша негізгі мектеп оқушыларының оқу сауаттылығы және жаратылыстану бағытындағы білім деңгейінің төмендігі анықталды. Ал, осы зерттеулер бойынша алғашқы орындарда Қытай елінің болуы осы елдің экономикасының қарқындап дамуының да бірден – бір себебі болар. Әрине, бұл мәселелер біздің елімізде орта мектепте білім беру мәселесін қоғамдық тұрғыдан зерттеуді, шешуді және үлкен ізденістер жасауды, білім беру сапасын кешенді түрде жетілдіру қажеттілігін айқындап отыр.

Білім сапасының төмендігі мектеп бітірушілердің 2019, 2020 жылдардағы ҰБТ қорытындысы бойынша да расталып отыр. 2020 жылы 130000 мектеп бітіруші ҰБТ–ге қатысты, республика бойынша орташа балл-64, яғни оқу бағдарламаларының 47-48%-ы меңгерілгенін байқауға болады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда педагогтердің орны қандай, неліктен көптеген реформалардың енгізілгенімен білім сапасы өзгеріссіз болуда? Осы аталған мәселелер оқушылардың жаратылыстану бағытында білім алуында белгілі қиыншылықтар бар екенін көрсетеді. Бұл қиыншылықтар кейбір оқушылардың тапсырма мазмұнын түсіну деңгейі мен оқу материалдарын меңгеруіне байланысты болса, кейбір оқушылар үшін пәнаралық ұғымдар мен материалдарды жүйелі қолдана алмауында.

Демек, алдымен мектеп мұғалімдерін халықаралақ зерттеулер тапсырмаларын талдау, пәнаралық мазмұнды тапсырмалар арқылы кеңістіктік, сыни ойлауын дамыту бағытында біліктіліктерін дамыту қажеттілігі жоғары, бірнеше бағыттар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуы қажет. Олар: мұғалімдердің жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту барысында ортақ ұғымдар мен пән бағдарламаның ерекшеліктерін білуі; пән мұғалімдерінің өздері жүргізетін пән аясынан шығуы, әлемнің жаратыныстану-ғылыми бейнесінің біртұтастығына оқушылардың көзін жеткізуі; мектептегі пән бірлестіктерінің жұмысын жетілдіру қажеттілігі болып табылады. 

Алдымен пән мұғалімдерінің «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» бағдарламасы бойынша глоссарий жасау, оларды талдау маңызды. Пән мұғалімдерінің оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуда Бағдарламаның мазмұнын өздері ой елегінен өткізгені сапалы білім беруге ықпал етер еді. Бағдарлама мазмұны бойынша жасалған глосссарийге енгізілген ұғымдар төменде берілді. Мектеп оқушыларының білімін зерттеу: Халықаралық салыстырмалы зерттеулер – TIMSS, PISA, PIRLS. Оқу – күрделі ұйымдастырылған әрекет. Оның ерекшелігі – оның барлық элементтері өлшеуге көнбейтіндігінде (келмейді).

Ситуация – мәтінге сүйену негізінде қажетті оқудың мақсаты. Мәтін – оқуға арналған түрлі материалдар. Оқу дағдысы – мәтінмен жұмыс жасауға қажетті әдістер мен когнитивті жоспарлар. Оқу мақсаттарына байланысты ситуациялар – жеке қажеттілікке, қоғамға қажеттілікке, оқуға қажеттілікке байланысты. Мәтін типтері- сипаттау, баяндау, талқылау, нұсқаулар, келіссөздер және ой қорыту. Мәтін форматы немесе түрлері – тұтас мәтін, үзілісті /тұтас емес/, аралас мәтін, құрама мәтін түрінде кездеседі. Оқу сауаттылығына қажетті дағды немесе шеберліктер: – мәтіннен негізгісін табу оны боліп алу; мәтінге интеграция және интерпретация жасау яғни талдау, әртүрлі байланысты мәліметтерді біріктіру; мәтінді қорыту және оның формасын ажырату.

Оқу сауаттылығы – адамның жазбаша мәтінді түсінуі, осы мәтінді қолдана отырып ойланып оқуын оны өз мақсат –мүдделеріне жету үшін қолданып өз білімі мен мүмкіндіктерін кеңейту арқылы қоғамдық өмірге араласу қабілеті болып табылады. Халықаралық зерттеулерде неліктен «оқу сауаттылығы» – термині қолданылады, не себепті жай ғана «оқу» -термині қолданылмайды? Педагогикалық контексте оқу термині жай ғана әріптерді дыбыстау ретінде қолданылады. Ал, оқу сауаттылығы терминінің мүмкіндігі немесе ауқымы кең, сөздің мағынасын түсінуден оның граматикасын білу, одан құрастырылған мәтіннің құрылымы арқылы әлемді тануға дейін мүмкіндік береді.

Оқу сауаттылығы сонымен  қатар, метакогнитивті мүмкіндіктерді де қамтиды, яғни өзіңнің түсінбей тұрғаныңды түсіну, өз түсінігіңді қажетті жағдайға дейін қалыптастыру мен дамытуға ұмтылу болып табылады. Тарихи тұрғыдан «сауаттылық» жазбаша мәтін арқылы ақпаратты алу не беру болып табылыды. Сонымен, оқу сауаттылығын ұғымына талдау жасасақ, біз барынша белсенді, мақсатты, конструктивті түрде оқуды әр-түрлі жағдайлар мен мақсаттарға қолдануды атап айтқымыз келеді. Осыған байланысты бірнеше ұғымдарға тоқталып өтейік.

«Оқу сауаттылығы» – адамның жазбаша мәтінді түсіну мен қолдану, олар жайлы ой қорыту қабілеті болып табылады; Оқығанды «түсіну» оқу әректінің педагогикадағы ең маңызды элементі. «қолдану» – оқушының әрекетінің жеке ерекшеліктеріне сай қосымша аспектісі. «Ой қорытындысын жасау» – оқушының белсенділігіне негізделген, алайда ол үшін оқушының өз ойлары мен тәжірибесі болуы керек. Осы ой қорытындысы оқушыда саналы түрде мазмұнды талдау, оның құрылымын талдау, өз білімімен салыстыру және тағы да басқа саналы әрекеттерге әкеледі.

«Жазбаша мәтін» егер, тіл графикалық символика түрінде қолданылса ол- жазбаша мәтін болып табылады, ол қолжазба түрінде, баспа түрінде, электронды түрде бола алады. Жазбаша мәтін термині аудиобаспа, мультфильмдер, радио және телевизиялық көрсетілімдер үшін қолданылмайды. Алайда жазбаша мәтіндер суреттерден, диаграммалардан, графиктерден таблицалар мен комикстерден тұруы мүмкін. «Оқумен шұғылдану» – дамыған оқушы немесе оқырман мәтінді оқып қана қоймайды, он белсенді түрде қажетіне пайдаланады. Сондықтан, оқытудың мақсаты – оқуға ұмтылған шеберлікті дамыту, яғни оқуға қажетті мотивация туғызу;

Оқу сауаттылығы қоғамда өз орныңды дәлелдеу үшін, қажеттіліктеріңді қанағаттандыру үшін де қажетті. Сауатты адамдарға медицина, заң, банк кез- келген ортада өзін еркін сезіну мен нақты шешім жасау оңай болатыны анық. Әрбір азаматтың өз мақсаттарына жету үшін, өз білімдері мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін және әлеуметтік өмірге араласу үшін де функционалды сауатты болу қажетті. Оқушылардың оқу сауаттылығын зерттеу – Халықаралық зерттеулер үшін маңызды көрсеткіш болған себебі осында. Мұғалімдер сабақ барысында барысында оқу сауаттылығының қандай сипаттамаларын ескеруі тиіс?

Олар:1- ситуация (жағдаят), 2- мәтін, 3- оқу шеберлігі. Халықаралық салыстырмалы зерттеулер барысында мәтін мен оқу шеберлігіне байланысты әртүрлі деңгейдегі қиындықтармен берілген тапсырмалармен ерекшеленеді. Мысалы, PISA тапсырмаларындағы мәтіндер төмендегі  кестеде берілген.

Мәтіндер

Мысалдары

Жеке қажеттілікке негізделген мәтін

Театр- тек қана театр

Қоғамдық сипаттағы мәтін

Ұялы телефонның қауіпсіздігі

Оқу әрекетіне негізделген мәтін

Жүгіргіштер

Іс –әрекетке негізделген мәтін

Телекомьютинг

Халықаралық зерттеулерде қолданылып жүрген мәтін типтері төменде ұсынылады. Олар: сипаттау- ақпарат обьектіге немесе оның кеңістіктегі орнына байланысты мәтін. Мәтінге қойылатын негізі сұрақтар: Бұл не, ол қандай?… тб. Техникалық сипаттау тұтас емес мәтін арқылы немесе диаграммаларға иллюстрацияларға сүйенеді. Карта каталог, кесте мұндай сипаттауларға жиі қолданылады. Импрессионистік сипаттауда обьектіге субьективті көзқарас тұрғысынан сипаттау жатады.

Баяндау – обьектіге байланысты және уақытқа байланысты қолданылады. Көркем шығарма, жаңалықтар, соғыс жағдайлары тб. повесть, поэма, әңгіме, пьеса, биография, газеттегі репортаж, юмореска. Баяндау – Халықаралық зерттеулерде жиі қолданылатын әдістердің бірі. Талқылау – түсініктер арасындағы тәуелділіктер мен қорытынды жасалған сипатқа ие болатын күрделі мәтін  болып табылады. Мысалы: Х пен У жағдайы арасындағы тәуелділік пен ұқсастықты айыру т.б., анықтама беру, коментарий жасау, протокол жасау, резюме жасау әрекеттері. Ой қорыту – әр түрлі қорытындылар арасын ажырату, пікір беру, ғылыми тұжырым жасау. Автор ойымен өз ойы арасындағы шындыққа жауап табу. 

Нұсқау – Не істеу керек? – деген сұраққа жауап беру, заңды талдау өз ұсынысын беру. Келісім- шарт – жазбаша ұсыныс беру, келісімге келу өз шешімін ұсыну талаптарын қамтиды. Сапалы білім беру үшін мұғалім оқушылардың белсенді әрекетіне негізделген танымдық үдерісін шебер ұйымдастырып, басқаруы тиіс. Қорыта келгенде, А. Леонтьевтің пайымдауынша – “Функционалды сауатты адам – өзінің өмір бойы алған білімі, дағдысы мен шеберлігін  барынша кең ауқымда өмірдің түрлі жағдайларында, қарым –қатынаста, әлеуметтік қатынаста қолдана білетін – адам”. Мұғалім тәжірибесін жетілдіруде оқуға –оқытудан оқу үшін – оқуға көшу маңызды.

Ұлтай Зикировна ЕШИМОВА,
Өрлеу” БАҰО АҚФ Қызылорда облысы
бойынша ПҚБАИ жаратылыстану және
гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі
кафедрасының меңгерушісі,
педагогика
ғылымдарының кандидаты, ҚР жоғары оқу
орындарының үздік оқытушысы, ҚР
Президентінің халықаралық “Болашақ”
бағдарламасының стипендианты

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий