Онлайн оқудың пайдасы мен зияны

Былтырғы наурыз айында пайда болған жұқпалы індетпен қатар күнділікті тіршілігімізге енген тағы бір оқиға бұл қашықтан оқыту жүйесіне жедел және жаппай көшуіміз болды. Бұл онлайн оқу елімізде біраз дүрбелең тудырды десек артық айтпаған болар едік. Себебі, дәл біздің елдің  білім беру саласы бұл өзгеріске дайын емес еді. Тек білім беру саласы емес, медицина да қауқарсыз болды. Жалпы «онлайн оқу немесе қашықтан оқыту» дегенеміз не? Онлайн оқудың пайдасынан, зияны көбірек пе?

Қазіргі онлайн сабақтар, болашақта опық жегізбей ме?  деген сияқты мыңдаған сауал әлі күнге дейін санамызда жаңғырып, ойымызда жүргені анық. Сонымен,  онлайн оқыту дегеніміз – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқыту әлемнің дамыған елдерінде бұрыннан бар нәрсе, тек бізге коронавирус дертімен бірге келгені өкінішті. Қашықтан білім беруге көшу – коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асырылған еді.

Елімізде тіпті әлемде алғаш рет  білім беру жүйесінде қашықтан оқыту арқылы білім беру мен тәрбиелеу ісі жүргізілетін болғандықтан бастапқы кезде көптеген қиындықтар мен қобалжулар болғаны рас. Алдымен қашықтан оқытудың қиындығына тоқталсам. Оқытушы мен студент арасында бетпе-бет қарым-қатынас болу керек деп ойлаймын. Бұл дәріс барысында оқытушының өз ойын дұрыс жеткізу үшін қажет. Онлайн оқуда студенттердің лекцияны түсінген, түсінбегендігін немесе сұрақ қойғысы келетіндігін ұғу да қиындық туғызады.

Сонымен қатар, көптеген студент ауылдық жерлерден болғандықтан, олардың онлайн сабақтарға шығуға мүмкіндігі болмайды. Олар ұялы байланыс іздеп тау-тасты кезуге немесе интернет ұстайтын жерлерге қатынасып оқуға мәжбүр. Бұл онлайн оқудың басты қиындығы болып отыр. Техникалық олқылықтардың салдарынан, интернеттің дұрыс жұмыс жасамауы кесірінен лекция барысында дауыс естілмей қалуы сияқты жағдайлар көптеп кездеседі. Мысалы, кейбір мамандықтарды онлайн оқытуға болмайды.

Себебі білім беру бағдарламасы оған сәйкес келмейді. Онлайн білім беруге болмайтын мамандық – ол медицианлық мамандықтар. Себебі, медицина қызметкерлері тікелей адамның өміріне жауапты. Онлайн оқу кезінде сабақ әртүрлі қосымшалар арқылы өтеді. Кейбір студенттер жай ғана қосымшаларды қосып қойып, өздері басқа жұмыспен айналасып отыруы әбден мүмкін. Бұл жауапкершіліктің жоқтығын білдіреді. Бірақ, сол қосымшаларды өтірік қосып қойып жүретіндер, дәстүрлі оқу кезінде сабаққа қатысуы екі талай үлгерімі төмен студенттер.

Оқығысы келетін, білімге ұмтылатын студент онлайн болсын, мейлі оффлайн болсын өзінің міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды. Мектеп жасындағы оқушыларға онлайн оқу өте қиын, сонымен қатар балаларын онлайн оқыту ата-аналарға екі есе қиын. Ата-аналар күні ұзақ қара кешке дейін балаларын сабағын оқыту керек пе, әлде жұмыс істеп қажеттіліктерін түгендеу керек пе? Бұл нақты дұрыс жауабы жоқ сұрақ, себебі қай жағынан алып қарасаңда өз шындығы бар мәселе… Ал, жағымды жағына келетін болса, бұрын студенттер университет пен үйдің, лекция мен семинардың арасында жүгіріп жүретін еді, уақыт жетпейтін.

Қазір үйде отырғандықтан ғылыммен айналысуға, білімді арттыруға мүмкіндік туды. Отбасымен бірге өткізетін мерекелік кештер, күндер көбейді. Қашықтан оқытудың артықшылықтары жеткілікті деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін ағылшыл тілі курсына уақыт бөле алмай жүрген студенттер қашықтан оқу барысында өз білімдерін шыңдауға, онлайн оқуға мүмкіндік алды. Көптеген студент ғылыми жобалар дайындап, бос уақыттарын тиімді өткізуде. Қашықтан оқытудың технологияларын пайдалана отырып оқыған студенттер келесі мүмкіндіктер мен артықшылықтарға ие болады.

Біріншіден – уақытты дұрыс пайдаланып, дұрыс жоспарлайды; жеке оқу жоспары, оқу траекториясын өз бетімен жоспарлау, оқу мерзімін қысқарту; қаржы үнемдей алады. Мысалы, бұрын тұратын жеріне, күнделікті жолақысына ақша кететін болса, қазір сол шығындар қысқарды. Қашықтан оқытудың зиянынан бөлек пайдасын да көре білген дұрыс сияқты. Әр істен жақсылық іздей білген жөн. COVID-19 вирусының таралуына байланысты қашықтан оқыту таптырмас әрі жалғыз шешім болды.

Оқып жүрген студенттер, магистрант, оқушылар бәрі бос уақыттарын отбасымен өткізу мүмкіндігін алды. Бұл жетістіктердің бәрі ел экономикасының дамып келе жатқанын көрсетеді. Қиын қыстау уақытта ел қамын жасап, қол жетімді шешімдер қабылдағанына біз қуаныштымыз. Білім алып, ғылымға ұмтылу жасқа да, әлеуметтік  жағдайына да, ұлтына да, тіпті білімнің қандай форматта болғанына қарамастан, яғни ол онлайн ба әлде оффлайн маңызды емес, білімге құштар жандар өз мүмкіндіктерін жібермейді.

Айзат АМАНГЕЛДИЕВА,
Дулати Университетінің 1 курсстуденті,
“Саналы ұрпақ” клубының мүшесі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий