Нұр-Сұлтан қаласының “Әділет” білім беру қызметкерлері кәсіподағы құқықтық кеңес береді

Қымбатты достар! Оқу жылының төртінші тоқсанының сәтті өтуіне тілектеспін. Биылғы оқу жылы пандемияға байланысты баршамызға оңайға соқпағаны белгілі. Жақын арада бәрі жақсы жаққа өзгереді деп үміттенемін. Жақында білім беру мекемелерінің қызметкерлері жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығады. Осы жазба арқылы мен сауықтыруға арналған жәрдемақы көлемін (размера оплаты пособия на оздоровление) естеріңізге салуды жөн көрдім, – деп жазады Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының жетекшісі Батыр Алиев фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.


Өкінішке орай, білім беру ұйымдарында қызметкерлерге жалақы, жыл сайынғы еңбек демалысын, сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу нақты жүктеме бойынша емес, бір оқу жүктемесі мөлшерінде (білім беру ұйымының түріне байланысты 18, 24, 25, 30 сағат) есептелген жағдайлар кездеседі. Бұл Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзу болып табылады. Қоса атқарылатын жұмыс жағдайында (на условиях совместительства) қызмет атқаратын педагогтарға да қатысты. Егер педагог сауықтыру жәрдемақысын (пособия на оздоровление) негізгі жұмыс орнында алса, онда ол қоса атқарылатын жұмыс орнында (совместительство) алмауы керек деп санау қате болып табылады.

ҚР еңбек заңнамасы қызметкерге қоса атқарылатын жұмыс бойынша еңбек қатынасында тұрған бір жұмыс берушімен де (негізгі жұмыс орны бойынша) және басқа да жұмыс берушімен (басқа ұйымдарда) еңбек шартын жасау құқығын береді. Жұмысшының осы құқықтарын одан әрі нақтылау үшін қоса атқарылатын жұмыс (совместительство) пен лауазымдарды қоса атқару (совмещение должностей) арасындағы айырмашылықты түсіну маңызды: ҚР Еңбек кодексінің 1 бабы 1 тармағының 56) тармақшасына сәйкес «қоса атқарылатын жұмыс» (совместительство) – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы.

ҚР Еңбек кодексінің 111 бабы 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – «лауазымдарды қоса атқару» (совмещение должностей); Бұл жағдайларда жұмысшыларға еңбекақы төлеу кезінде мыналарды ескеру қажет: қоса атқарылатын жұмыс (совместительство) лауазымында жалақы мөлшері, қосымша төлемдер мен үстемелер, жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу және сауықтыруға арналған жәрдемақы, сондай-ақ ҚР заңнамасында көзделген басқа төлемдер қоса атқарылатын жұмыс бойынша бөлек еңбек шартын жасасу арқылы әр лауазым бойынша есептелуі қажет.

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 18 Қосымшасының 5 тармағына сәйкес лауазымдарды қоса атқару кезінде қосымша төлем лауазымдық жалақының 50%-ымен шектеледі, сондықтан 0,5 ставкадан жоғары төлем жасау заңсыз.

Білім беру ұйымдарындағы оқыту-тәрбиелеу процесінің ерекшеліктеріне сүйене отырып, нормативті оқу жүктемесі бар педагогтар негізгі жұмыстарынан бос уақытында оқыту мен тәрбиелеу бойынша қосымша жұмыстар орындайды. 1-мысал: Мұғалім (оқытушы) бірнеше сыныптарда (топтарда) сабақты параллель жүргізе алмайды, ал тәрбиеші бір уақытта екі топта жұмыс істей алмайды. Мұндай педагогтардың жалпы оқу жүктемесі негізгі еңбек шартында көрсетілуі керек немесе олармен қоса атқарылатын жұмыс жағдайында екінші еңбек шарты жасалады.

Жұмысшының негізгі еңбек құқықтарына демалу құқығы сондай-ақ жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы кіреді. Бұл құқық ҚР Конституциясының 24 бабының 4 тармағына негізделген. Онда әрқайсысының демалуға құқықылы екендігі көрсетілген. Еңбек шарты бойынша жұмыс жасайтындарға заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына кепілдік беріледі.

Сәйкесінше демалыс алуға барлық жұмысшы, оның ішінде қоса атқарылатын жұмыс жағдайында жұмыс жасайтындар құқылы. ҚР Еңбек кодексінің 22 бабы 1 тармағының 7) тармақшасына сәйкес жұмысшы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға құқылы. Ал, ҚР Еңбек кодексінің 23 бабы 2 тармағы 16) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге міндетті. Осылайша, негізгі жұмыс орнында (1 ставка) жыл сайынғы еңбек демалысына ақы және сауықтыруға арналған арналған жәрдемақы алған педагог оларды қоса атқарылатын жұмыс (1 ставка) орнынан алмауы керек деген пікір қате.

Екінші мысал: Жұмыс беруші қоса атқарылатын жұмыс орнына негізгі жұмысшыны жұмысқа алды. Жұмыс беруші негізгі жұмысшыға жыл сайынғы еңбек демалысын және сауықтыруға арналған жәрдемақы төлемдерін төлей ме? Міндетті түрде төлейді! Оның үстіне ол оны орындауға міндетті! Бұл жағдайда негізгі жұмысшыға немесе қоса атқарылатын жұмыстағы жұмысшыға демалыс пен сауықтыруға арналған жәрдемақы төлемдерін төлеуде айырмашылық жоқ. Екеуі де бірдей жұмыс атқарады. Оның үстіне, демалыс пен сауықтыруға арналған жәрдемақы жұмысшылардың санына емес, ставкалар санына (жүктеме) тағайындалады және жалақы қорымен қамтамасыз етіледі.

ҚР Еңбек кодексінің 139 бабы 10 тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге күнтізбелік отыз күннен кем емес негізгі ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысымен лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлемі беріледі. Азаматтық қызметшілерге жылына бір рет жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріле отырып сауықтыруға арналған жәрдемақы төленеді.

12 баптың 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес педагогтарға күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Сондай-ақ, тәжірибеде педагогпен 1 қыркүйектен 25 мамырға дейінгі оқу жылына еңбек шарты жасалатын жағдайлар кездеседі. Оқу жылының соңында, ҚР Еңбек кодексінің 49 бабы 2) тармақшасының негізінде, аталған педагогпен еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты жарамды болмайды. Тиісінше, педагог сауықтыруға арналған жәрдемақыдан айырылады, себебі ол жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілген кезде ғана төленеді.

Жұмыс берушінің бұл әрекеті ҚР еңбек заңнамасына қайшы келеді деп санаймыз, өйткені сауықтыруға арналған кепілдендірілген жәрдемақылардан айырумен қатар, ҚР Еңбек кодексінің 30 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, педагогпен еңбек шарты белгілі бір мерзімге кем дегенде бір жылға жасалуы керек. Педагогтың жұмысы бір жылдан аз мерзімге қабылданатын немесе маусымдық жұмыс емес. Жұмысшылардың құқығын қорғау мақсатында толық көлемде сауықтыруға арналған жәрдемақы алу үшін келесіге сүйену керек:

ҚР Білім және ғылым министрлігі, Адами капиталды, білім және ғылымды дамыту ұйымдары қауымдастығы, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік серіктестік туралы салалық келісімнің 5.5 және 9.2 тармақтары; Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы және «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағы арасындағы 2020-2022 жылға арналған әлеуметтік серіктестік туралы аумақтық келісімнің 7.1.1 тармағы; білім беру ұйымдарының ұжымдық шарттары.

Осы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, педагогтарға сауықтыруға арналған жәрдемақының мөлшері олардың еңбек демалысы берілген күнгі нақты оқу жүктемесінен есептеледі. Қоса атқарылатын жұмыс бойынша жұмыс істейтін тұлғалар үшін төлемдер жалпы негізде тағайындалады және төленеді. Жоғарыда аталған барлық келісімдер мен ұжымдық шарттардың заңды күші бар, олар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ еңбек инспекциясында тіркелді.

Осылайша, жыл сайынғы еңбек демалысы және сауықтыруға арналған жәрдемақы, сондай-ақ жалақы төлемдерінің мөлшері нақты жұмыс уақытының ұзақтығына (нақты оқу жүктемесіне) байланысты. Жоғарыда айтылғандардан бөлек, тексеру органдары тарапынан айыппұлдарды болдырмау мақсатында ҚР еңбек заңнамасын бұзғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексiнің 152 бабында жауапкершілік қарастырылғанын ескерткім келеді; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 97 бабы 3 тармағына сәйкес, ұжымдық шарт, келісім бойынша міндеттерді орындамау немесе бұзылған жағдайда 400 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған (400 * 2917 теңге = 1166800 теңге).

Жоғарыда айтылғандарды растау үшін келесімен танысуды ұсынамыз: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б. М. Сапарбаев және ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ш. Т. Каринованың қатысуымен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының отырысындағы видео. Онда Шығыс Қазақстан облысының педагогтары алдындағы жыл сайынғы демалыс және сауықтыру бойынша қарыз мәселелері талқыланды. Білім беру кәсіподағының іс-әрекетінің арқасында педагогтар алдындағы қарыз өтелді. Осы мәселені талқылау және шешу басқа аймақтарда осындай жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Видеоға сілтеме:
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=206531803807945&id=100033533812243;

ҚР Бас прокуратурасының Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына11.01.2016 жылғы № 2-010721-16-01215 хаты; 3) осы сұрақ бойынша менің парақшамдағы 2020 жылғы 28 және 1 ақпандағы түсіндірме: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=223951912065934&id=100033533812243.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, білім беру ұйымдарының басшыларынан қызметкерлерден мұндай жағдайлар мен шағымдардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауды сұраймын, оның салдарынан ұжымда моральдық-психологиялық ахуал нашарлауы мүмкін.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий