“Өзін – өзі тану” рухани – адамгершілік білім беру – адамның ішкі әлеуетін ашуға бағытталған білім бағдарламасы

Қазақстан Республикасында енгізілген «Өзін-өзі тану»  рухани-адамгершілік білім беру жүйесінің бүгінгі таңда әлемдік білім беру кеңістігінде баламасы жоқ. Бұл білім беру жобасы заманауи білім беру миссиясын адами өлшем призмасы арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін отандық бренд болып табылады – әр білім алушыға өзін-өзі жетілдіруге,  алға қойған мақсатын түсінуге, табиғи әлеуетті барынша ашуға және жүзеге асыруға көмектеседі.

Қазіргі кезеңде адамзат дамуында жаһандық мәселелер тіршіліктің барлық деңгейлерінде түрлі дағдарысқа әкелуде. Осының бәрі адамзатқа дамудың жаңа жолын іздестіруді талап етеді. Бұл мәселелердің шешімі – рухани-адамгершілік білім. Рухани-адамгершілік білім  жастарға  қоғамда жоғары рухани-игіліктерді нығайтудың, кемел мінез бен адамгершілік қасиеттері жарқыраған азаматтарды тәрбиелеудің тірегі болуды мақсат тұтады.

Адамның ішкі әлеуетін барынша ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру – ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басым бағыты болып табылады. Өзін-өзі тану оқу пәні ретінде тұлғаның адамгершілік негіздерін қалыптастыру, оны рухани жетілдіру, өзінінің деңгейін көтеру үшін жағдай жасайтын басты рөл атқарады. Адам өзін-өзі танудың тұтас процесі ретінде болмыстың физикалық, психикалық және рухани аспектілерінің контекстінде қаралатын объектісі болып табылады.

Адамның осы ракурстарының органикалық бірлігі оның өздігінен белсендіру, өзіннің деңгейін көтеру және өзін-өзі жетілдіруді қамтитын үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді. Бұл өзін-өзі танудың пәндік саласын анықтайды және оқу пәнінің танымдық, дамытушылық және тәрбиелік функцияларын нақтылайды. Өзін-өзі танудың пәндік саласы бойынша әрбір оқушы өзінің рухани-адамгершілік табиғатын және тұлға ретінде жетілуіне жағдай жасау арқылы шығармашылық әлеуетін ашуға, өмірдегі өзінің қажеттілігін түсінуге бағытталған мақсатты білім беру процесін ұйымдастыруды көздейді.

«Өзін-өзі тану» пәнінің құралдары да білім алушылардың қоғамға қызмет етуге бағытталған шығармашылық белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беретін өмірге қажетті кең спектрлі білік пен дағдылар алуына қолдау және көмек көрсетуге бағытталған. Жас ұрпақты абсолюттік жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде адамгершілікке тәрбиелеуде жаңа инновациялық білім кеңістігін құра отырып, шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы–білім алушылардың үйлесімді зияткерлік әрі рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайтын бағдарлама. Қазақстанның білім беру жүйесінде оң метапәндік және тәрбиелік әлеуеті бар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы Сара Алпысқызының  идеясымен іске асырылуда.

Бүгінгі күні заманауи тәрбие теорияларының шабыттандыратын идеялары қолданылған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әлемдік білім беру кеңістігінде теңдесі жоқ. Ол жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесінде білім берудің барлық деңгейлерінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етеді. Жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарға бағдарланған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы ізгі ниетті, адамгершілік қасиеттерге лайықты азаматтар тәрбиелеуге ықпал етеді, және тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда басты механизм болып табылады.

«Өзін-өзі тану» тұжырымдамасына сәйкес білім берудің мақсаты: әрбір адамның бойынан табылатын жалпыадамзаттық құндылықтарын анықтау; қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарының жүйесін, білімді шығармашылықпен қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру; білім алушылардың адамгершілік мінез-құлқының негіздерін, адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа деген көзқарасын негіздейтін әлеуметтік маңызы бар бағдарларды қалыптастыру болып табылады.

Бұл мақсат өскелең ұрпактың интеллектуалдық және рухани-адамгершілік әлеуеттерін үйлесімді дамыту міндеттерін жүктейді. «Өзін-өзі тануда» рухани-адамгершілік білім беру: әрбір  білім алушы өзінің рухани-адамгершілік табиғаты мен мақсатын ұғынуына; өсіп келе жатқан адамның дұрыс қалыптасуына ықпал ету сияқты жалпы мақсаттарға қол жеткізу арқылы жүзеге асырылады. Ал, «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны адамзаттың рухани-адамгершілік мәдениеті, адам және қоршаған әлем туралы мәліметтердің кең ауқымын қамтиды.

Білім алушылардың ішкі ізденісін жандандырады, терең ойлану, өмір туралы маңызды мәселелердің мағынасын ажырату және интуитивті түрде ұғына білу қабілетін дамытады. Қорыта айтқанда, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы жаңа ғасырдың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған: ізгілік пен қайырымдылық, жауапкершілік пен заңға мойынсынушылық, барлық адамдарға деген кішіпейілділік пен құрмет қасиеттерімен сипатталатын, ұлы Абайдың «Адам бол!» қағидасын ұстанатын кемел адамды тәрбиелеу.

Зафура Кадыровна ШАЛГЫНБАЕВА,
Бөбек” ҰҒПББСО “Өзін-өзі тану” Адамның
үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі
нің
арнайы пәндер оқытушысы, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий