Тағылымды тәрбие: Рухани құндылықтардың маңызы

Мәңгілік адамгершілік-рухани құндылықтарға негізделген кемел мінезді, ойы, сөзі және ісі бірлікте болатын адам тәрбиелеу – қазіргі қоғамның басты қажеттілігі. «Адам жолында екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы ағыстар бар. Бір ағыс – қаталдыққа жетелесе, екінші – мейірімге талпынады», – деген Леккидің сөзінде үлкен мән бар. Ал, адамгершілік тәрбиесінің маңызы білім мекемелерінің күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Оған Аристотельдің  «Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, адамгершілігі ақсап жатса, ондай адамның алға басуынан гөрі, кері кетуі тезірек», – деген сөзі дәлел.

Біздің арнаулы оқу орнында «Өзін-өзі тану» рухани және адамгершілік білім беру бағдарламасын тұтас педагогикалық үдеріске интеграциялаудың маңыздылығы» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Бұл басқосуға «Бөбек» ҰҒПБСО-ның аға ғылыми қызметкері Н.Аринова, «Өрлеу» АҚ БАҰО-ның Алматы облысы бойынша педагог-қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері Б.Абдикаликова, облыстық білім басқармасындағы тәрбие бөлімінің бас маманы С.Рахымбекова қатысты.

Шара барысында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру  бағдарламасын іске асыру бойынша негізгі  білім беру ұйымы  ретінде колледж оқытушылары  әдістемелік – шығармашылық  іс-тәжірибелерімен  бөлісті.  Өзін-өзі тану  пәнімен интеграцияланған сабақтар, жас мамандармен, ата-аналарен  және сыныптан тыс жұмыстар көрсетілді. Сонымен қатар «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік  өткізілді.

Басты мақсат: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру  бағдарламасы  шеңберінде  жастардың бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіру, қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болатын қайырымды, мейірімді жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған болатын. Жүздесудің салтанатты ашылу рәсімі «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Назарбаеваның «Өмір сабақтары» атты  бейнебаянынан бастау алып, шәкірттердің өз ұстаздарына жүрекшелер берген соң жақсы  тілектер айтуымен жалғасты.

Барлық топтарда Сара Алпысқызына арналған “Балаға жүрек жылуы” тақырыбында жауапкершілікпен ұйымдастырылған топ сағаттарының да білім алушыларға берер пайдасы мол болды. «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты студенттер арасында эссе байқауы, Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Семь граней Великой степи” мақаласы аясында викториналық ойын, «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады» атты концерттік бағдарлама, «Жүректен жүрекке» қайырымдылық шеруі, өзін – өзі тану пәнінен «Сүйіспеншілік – өмір негізі» тақырыбында жалпы республика көлемінде ашық сабақтар ұйымдастырылды.

Оқытушылар өз сабақтарында Сара Назарбаеваның өмірі мен шығармашылығынан әңгіме жүргізіп, бейнебаян көрсетті. «Өмір әдебі» кітабынан өмірі мен шығармашылығынан үзінділер айтылып, шығармашылық жұмыста «Ізгілік қаласы» макеті жасалып, «Ақ ана – дара ана» атты постер қорғалды. «Тәтті тілектер» атты қолөнер бұйымдары таныстырылды. Сабақ соңында рефлексия жүргізіліп, әнмен аяқталды. Онкүндікте ұйымдастырылған жұмыстардың барлығы мағыналы, мазмұнды өтті, жастарды қайырымды істерді жасауға біріктіріп, шабыттандырды.

Осындай тәрбиелік мәні терең, рухани азық беретін  іс-шаралар жас ұрпаққа адамдар мен  айналадағы әлемді риясыз сүюге  септігін тигізері сөзсіз. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани және адамгершілік қасиетін дамыта тәрбиелеу болып табылатындықтан, бұл мәселе қашықтан оқыту кезінде де  өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Әдебиет сыншысы, публицист В.Г.Белинский: «Бүгін – өткеннің нәтижесі, әрі болашақтың бастамасы» деген екен.

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы  болашақ маман даярлауда сапалы білім мен саналы тәрбие беруде әдістемелік тұрғыдан бағыт көрсетіп, ТжКБ ұйымдарының  әдіскерлері мен педагогикалық қызметкерлеріне  тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік беріп, жағдай жасауда. Педагогикалық  қызметті  қашықтан оқытудың қолайлы, қолжетімді және ыңғайлы форматын ұйымдастыруды көздеген әдіскерлер мен педагогикалық қызметкерлер халықаралық, республикалық, облыстық, аймақтық вебинарларда көптеген жаңашыл әдістермен танысып, тәжірибелерін таратуда.

Бұл игі істер аймақтағы орталықтың білікті басшысы Исаханова Шынар Кабиқызының жан-жақты қолдауы мен көмегінің нәтижесінде жүзеге асырылуда. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасындағы іске асыру бойынша негізгі білім беру ұйымы санатындағы біздің колледж ұжымында әлі де атқарылатын жоспарлы жұмыстар жетерлік. «Өзін-өзі тану»  адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын оқу үдерісіне интеграциялау» тақырыбындағы  облыстық  іс-тәжірибе  алмасу вебинарының мақсаты «Өзін-өзі тану»  пәнін  қашықтан  оқыту  жағдайында  жеке тұлғаның адамгершілік-рухани дамуына ықпал ететін қағидаларды «Өзін-өзі тану» пәні мен колледждегі басқа пәндерді  интеграциялау үдерісі кезінде жүзеге асырудың мүмкіндіктерін анықтау болды.

Вебинар  аясында  ТжКБ бөлімінің басшысы Ш. Исаханова, «Бөбек» ұлттық ғылыми практикалық білім беру сауықтыру орталығы Адамның үйлесімді дамуы институтының ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Рысбаева, колледж оқытушылары Ж. Хабаева, С.Тұрсынова баяндамалар оқып, пікір алмасулар жүргізді. Қашықтан оқыту жағдайында колледждегі «Өзін-өзі тану»  адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын оқу үдерісіне интеграциялау» туралы ұйымдастырылған шараларға республикалық вебинарда есеп берілді.

Болашақ мамандардың адамгершілік әрі рухани әлеуетін ашып, әлеуметтік жауапкершілік, шығармашылық, белсенділік, сол сияқты адами және кәсіби өсуіне жағдай жасауымыз қажет. Рухани ұстаздарымыздың бірі – Абай: «Естілердің айтқан сөзін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады», – демекші  қашықттан оқыту кезінде де жалпы адамзаттық құндылықтарды  естен шығармаудың маңызы зор.

Айгүл АБЖЕНБАЕВА,
Есік гуманитарлық-экономикалық
колледжінің қазақ тілі мен әдебиет
пәні оқытушысы, Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий