“Startup” жобасы: Мектептен басталған кәіпкерлік қадам

Бүгінгі таңда «ақылды технологиялар» адамзат өмірінің барлық саласына қарқындап еніп, оның ажырамас бөлігіне айналуда. Цифрландыру – бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуды және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды бағытқа алған мемлекеттердің барлығы ұстанатын жаһандық үрдіс. Осы үрдіске бүгіннен бастап бел шешіп кірісу арқылы болашақ ұрпақтың табысты өмірінің іргетасын қалаймыз.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бесінші бағыты – инновациялық экожүйе қалыптастыру елімізде қолға алын­ған технологиялық стартап-жоба­лардың қатарын көбейту және оларды капиталдандыру. Осы бағдарламаны іске асыру аясында 2018 жылдан бастап Өскемен қаласында алғаш рет  «Digital East – Болашаққа қадам» халықаралық IT форумы ұйымдастырылған. «Digital East – Болашаққа қадам-2019» ІТ форумында әр саланы автоматтандыруға арналған ең үздік деп табылған  он  ІТ жоба тамыз кеңесінде ұйымдастырылған StartUp-жобалар көрмесіне ұсынылып, әр түрлі сомадағы облыс әкімінің гратын иеленді.

Солардың қатарында біздің білім ордасы оқушыларының екі жобасы бар. Форумға қатысқан жобамыз жүлделі ІІ орындарды иеленді. Біріншісі «Сандық бағдарламалық басқаруы бар станогы» болса, екінші жоба «Теңге алу» ойынының компьютерлік моделі» аталады.  Осы екінші жобаның  жетекшісі мен, Баяхметова Шынар Султановна және оқушым Маулетов Әлішер 11 сынып оқушысы. Облыс әкімінің 527 500 теңге грантын иеленді. Бұл жобамен айналысқанымызға үш жыл уақыт болды. Жобаны алуға түркі болған  жағдай, қазіргі таңда өскелең ұрпақтың шет елдің атыс-шабыс ойындарын ойнап, психологиялық тұрғыдан сана-сезімдерін улауда.

Сондықтан неге өзіміздің ұлттық ойындарымыздың компьютерлік нұсқасын жасамасқа деген ой келді. Соны мақсат ете отырып,  ұлттық ойындардың ішінде «Теңге алуды» таңдап, сол ойынның компьютерлік моделін жасадық. Берілген сома толығымен иегерілді. Қажетті құрал-жабдықтарымызды алдық. Бүгінгі таңда, бұл ойынның 3D кеңістіктегі үлгісі жасалып, авторлық құқық алуға өтініш берілді. Болашақта ұлттық ойындардың компьютерлік нұсқасының санын көбейтіп, бизесітің бір саласының дамуына аз да болса үлесімізді қоссақ деген деген мақсатымыз бар. 

Қазақстанда бизнесті дамыту бойынша жылына шамамен оннан астам акселерация бағдарламасы өткізіледі. Алайда статистикаға сүйенсек, қатысушылардың сексен пайызы соңына дейін жетпейтін көрінеді. Себеп: дайындықтың аздығы мен идеяның шикілігі. Ал іске қосылған стартаптардың көбі алғашқы кезеңде-ақ өз жұмысын тоқтатады екен. Сондықтан StartUp жобалардың сапасын жақсарту үшін, баланы бастауыш кезеңінен ғылыми ізденіс, зерттеу жұмыстарына баулу қажет. Әр ұстаз өзіне «Оқушыларды ғылым әлеміне қалай әкеліп, қалай жетелеу керек?, оның тиімді жолдарын қалай көрсету керек?» деген сұрақтарды  өзіне қоя білуі керек.

Мектеп мұғалімінің бұл үдерістегі басты мақсаты – оқушыларды дербес ойлауға, өз беттерімен еңбектенуге, өз беттерімен ізденуге, проблеманы өздерінше шеше білуге баулу болып табылады. Оқушыға зерттеу, іздену жұмысында жетекшісі, ұстазының ақыл – кеңесі,  бағыт – бағдары қажет. Осындай  StartUp жобалардың санын көбейту арқылы цифрлы болашаққа нық қадам басуға болады. Цифрландыру – біздің болашағымыз, бүгінгі күннің талабы. Табысты Start-Up жасаудың құпиясы неде? Өз жобаңа сену! Көбіне командалар өз жобаларына сенімсіз қарайды. Бәрін алдын-ала анықтап алыңыз!

Мәселенің шешімі. Жоба қоғамның ауруын «емдеу» қажет. Табысқа жетудің екі басты ережесі бар. Біріншіден, стартап маңыздық гипотезасы мен өсім гипотезасын ақиқатқа айналдырып, өзін дәлелдеп шығуы тиіс. Екіншіден, стартап нақты бір мәселенің шешімі болуы керек. Команда: бірнеше адамның бір команда болып дұрыс жұмыс істей алуы – стартаптың табысқа жетуіне әсер ететін негізгі фактор. Бизнес-жоба:команда жобаның қалай ақша «табатынын» жақсы білуі керек. Шыдамдық: Сөзімді қорытындылай келе айтарым, қазіргі зымыран уақыт күдік пен сенімсіздікті көтермейді, алға – цифрлы болашаққа қадам басуды аса қажет етеді!

Шынар Султановна БАЯХМЕТОВА,
Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын
көпбейінді гимназияның информатика
пәні мұғалімі, ШҚО, Семей қаласы  

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий