М. Мақатаев – 90: Аққудың қанатындағы жыр

Алматы автомобиль – жол колледжінде “Аққудын қанатына жазылған жыр” атты  Мұқағали Мақатаевты еске алу кеші өтті. Кешке   орыс – қазақ топтары  ТО – техник механик, САД-Автомобиль жолдар мен аэродромдар салу, ОП-тасымалдаулы ұйымдастыру және көлік қозғалысын басқару  мамандықтарының  1-2 курс колледж  студенттері қатысты. Тәрбие сағатының мақсаты: Мұқағалидің өмірі мен поэмаларында ерекшелігіне тоқтала отырып адам жанының эстетикалық және рухани мәнін танытудағы ақын шығармашылығының құндылығын таныту.

Асқақ көңілі асқар биікке ұмтылған тау ұлының өмірімен таныс болу әр азаматтың парызы. Ақын туған ел,туған жерге деген сүйіспеншілік, ауылға Отанға деген махаббат сезімін, өзінің ұлтын туған тілін ерекше құрметтейді. Тәрбие сағаты байқау ретінде ұйымдастырылды. Білім алушылар өз шығармашылықтарымен бөлісті. Мұқағали Мақатаевқа өз жүректерінен шыққан өлең шумақтарын арнады. Мұқағали Мақатаевтың өмірі, еңбек жолы мен шығармашылығына саяхаттап шықтық. Мұқағали Мақатаев еңбек жолын ауылдағы мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастады. Оның орыс тіліне жетік болуы, әлем әдебиетін оқуына септік болды.

Кейін аудандық газетте тілші болып қызмет істеді. Ақын-жазушының басы қосылған рухани астанамыз Алматыға келіп, әдеби ортаға тап болады. Үлкен шаһарда пәтерден пәтерге, қызметтен қызметке ауысып, тұрмыс тапшылығымен бетпе-бет келеді. Бірақ, Мұқағали өзінің ақындық талантының пайдасын көп көрді. Жыл сайын кітабы шығып, қаламақыға қомақты қаржы алып отыратын еді. Оның талантты ақын екенін танып, бүкіл жұртқа «Қазақ әдебиеті» газетінде Әбділдә Тәжібаев алғашқы болып жария етеді.

Ақын 14 жасынан бастап өлеңге шындап ден қойып, қоржын тамда қалың кітаптарды үйіп тастап, қазақ классиктерінен бөлек орыс, шетел әдебиеттерін шаршамай-шалдықпай оқи береді. Соның арқасында ол көптің қолы жете бермейтін ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) филология мамандығына оқуға қабылданғанымен, оқуын тастап, Шибұт ayылына ауылдық кеңес хатшысы қызметіне кетеді. Сонан соң, шет тілдер институтының неміс тіл мамандығына қабылданып, тұрмыстық жағдайынa байланысты тастап кетуге мәжбүр болған. Одан кейін қайта ҚазМУ-дың заң факультетіне түскен.

Ал 1973 жылы Мәскеудегі Горький атындағы Әдeбиeт инcтитyтының табалдырығын аттайды. Десе де, анасының айтуынша, ол оқу орнын да бітірмей, Алматыға кетіп қалады. Оған себеп, институтта үйретіп жатқан білімді өзі де білетіндігі. Сол кездегі қазақ жұртының астанасы Алматыға балаларыммен болайын деп оралған екен. М. Мақатаев лирикасы тілінің лингвистикалық табиғаты қарастырылған. Ақын шығармаларында сөз қолданыстар бейнелігімен, айшықты мәнерлігімен айқындалып, әрбір ұлт тілінің көрінісі болып табылатындығы айтылған. М.Мақатаев ешкімге ұқсамайтын сөз өрнектерімен ерекшеленіп, образды сөз қолданыстар ақын лирикасының көркемдігін, шынайылығын, мағыналылығын, ерекшелігін көрсетеді.

М.Мақатаев өзінің лирикасының тілі арқылы қазақ поэзиясынада өзінің қолтаңбасын қалдырған ақын.    Поэзия тiлiн лингвистика тұрғысынан зерттегенде, ең алдымен, ондағы образ жасампаздық мәселесi көзделедi. Ал образ жасампаздық тiл элементтерiн жазушының өз қаламында жарата бiлуi арқылы пайда болады.
Ән сал, жаным!
Әніңмен тербет мені
Бір сәтке тынсын, тіршілік жер көктегі. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды.

Оның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Студенттер Мұқағали Мақатаевтың өлең шумақтарымен бөлісті.
Бәрі есімде мекен жай, тұрағым да,
Тек есте жоқ, күлдім бе, жыладым ба?
Балалық шақ жармасып жүретұғын
Өгіз жеккен соқаның құлағында.
Қарсы жауға біз де шықтық түренмен,
Аңыздардан тере жүріп масақты,
Рас, рас көзімізден жас ақты.
Бірақ сол бір дауыл жылдар, от жылдар
Бәрімізден бір-бір батыр жасапты.
Майдандағы әкеме оқ жібердім,
Айырбастап күлшемді қорғасынға.

Қалай тауып ащы айтылған. Уақыт қанша қатал болғанымен жас жүрек қайсарлық отын жоғалтпады. Сөйтіп, Мұқағали еңбекке ерте араласты. Алдымен ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отау меңгерушісі, комсомол қызметкері, жеті жылдық мектептің мұғалімі, республикалық газеттің тілшісі, Қазақ радиосының директоры, «Жұлдыз» журналының әдеби қызметкері, жазушылар одағы поэзия бөлімінің жастар жөніндегі кеңес қызметін атқарады.

Мұқағали Мақатаев – ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақын. Арамызда ақын жоқ, бірақ жыры, шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды. Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға, оның сылдырап аққан суына, самал желіне, мақпал түніне бала кезден-ақ ғашық болып өссе керек. Алдарыңызда ақынның шын зергерлік өнермен өлшенетін өлеңдерінен студенттер, колледжіміздің жас ақындары  үзінділерін оқыды. «Жүрегінің түбіне кір жасырмай» айтып кетті, армансыз ақтарылып кетті.

Мұқағали Мақатаев – қазақтың қарапайым тілінің нәрі мен мәнін Абай, Қасымдардан кейін түсініп жазып, түсіндіріп өткен ақын. «Сөз өнерін дертпен тең» көрген парасатты қаламгер. Ақынның әр өлеңінде,әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Ақынның өз даусымен жазылған бейне баяндарды тамашаладық. Ақиық ақынның ұрпаққа ұран болған жырларын елі де, ақынның ой мен сезім астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ешқашан естен шығармайтындығына нық сенеміз. 

Назира Имашевна АЯНБЕКОВА,
Алматы автомобиль – жол колледжінің
қазақ тіл мен әдебиет пәнінің оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий