Ұлттық рухтағы отаншылдық тәрбиенің маңызы

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әзірленген “Қазақстан – 2030”  стратегиялық  даму  бағдарламасында: – Біз  мемлекеттегі барлық  азаматтарының  отаншылдық  сезімімен   өз   еліне  деген   сүйіспеншілігін дамытуға   тиіспіз, – деген ұлттық ұстаным бүгінгі  өскелең ұрпаққа патриоттық  тәрбие берудің алғы шарты саналады. Тәуелсіздік заманы орнап, ұлттық құндылықтарымыз таныла түсті. Әрине, бұның бәрінің негізін салып кеткен ата-бабаларымыз болса, ізін одан әрі жалғастырушы – бүгінгі жас өрендеріміз. 

Иә, біз ұлт үшін күресіп жүріп, ұлттық құндылықтарымызды қазіргі бейбітшілік заманымызға дейін жоймай, сақтап, ұрпаққа мұра қылып қалдырып кеткен ата-бабаларымызға мың сан рет алғыс айтсақ та аз екені белгілі. Сол ұлттық құндылықтарымыздың қазіргі қоғам жастарына беретін тәрбиесі тек қазақылық, ұлтшылдық деп ойлаймын. Біз қазақ деген ұлылардың ұрпағы болғаннан кейін де ұлттық құндылықтарымызды ата-бабаларымыз көзінің қарашығындай қорғап, қастер тұтуымыз қажет.

Тек қазақшылықпен өмір сүріп, сырттан келген қандай да болсын теріс ағымдар мен керіс көзқарастарға еріп кетпей, өз қазақилығымыз бойынша өмір сүрсек бұл да рухани биік болмысымыздың құнын түсірмей таза қалпында сақтауымыздың нақты дәлелі. Ұлттық  патриотизм дегеніміз – елі  мен  жері, халқының  бостандығы  және  мемлекет  ретінде бетінде сақталуы  үшін,  ұлт  намысын   жоғары  дәрежеде  ұстау  күресу – деп  тұжырымдайды, – С. Иманбаева.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасынның 2019-2024 жылдарға арналған ауқымды жоспарын жүзеге асыру аясында тағылымды тәрбиенің  тұжырымдамалық негіздері белгіленген. Осыған орай отаншылдық пен жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу, құқықтық кеңестер ұсыну бағытында оқушылармен “Мақтанышым  – мемлекеттік рәміздер» сынып  сағаты мен «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!»  ашық  тәрбие  сабағын ұйымдастырдым. Бұл шаралар “Серпілген  сауал”,  “Екі  тілек бір  жұлдыз”  әдіс тәсілдерінің негізінде жүргізілді. 

Шәкірттер рухани және адемгершілік тәрбие беру мақстындағы “Әдепті  бала – арлы  бала”  сайыс  сабақ пен “Сіз  деген  әдеп – біз деген  көмек”   өнеге  сабақтарына белсене қатысқан болатын. “Ойлан, жұптас,  талқыла”, “Бізден сұрақ, сізден  жауап” әдіс – тәсілдеріне құрылған басқосу барысында ұл-қыздарымыз өзін-өзі тану пәні  бойынша алған білімдерін тамаша қолданып, адамдарға риязсыз қызмет ету, өз  ата-анасы мен ел алдындағы парызы мен міндетін түсінуге бағыт пен бағдар берілді. Оқушыларға қазақ халқының мәдени мұрасы мен салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптардың мәні мен мағынасы ашып айтылды.

«Ата   салтым  қазынам»,  «Имандылық   жүрекке  ұяласа», «Наурыз-жыл  басы»  тақырыптарындағы шараларға қатысқан жастарымыз ұлттық киімдерімізді қастерлеуге, ұлттық өнерімізді дәріптеуді үйренді. Тәрбие  жұмысының   негізгі   нәтижесі – сапалы  біліммен тікелей байланысты. Тұлға болып қалыптасуға кез келгеніміз үшін өмірдің мәні тек қорғаныс, тамақ табу және ұрпақ жалғасы ғана емес, келешекте тәуелсіз еліміздің нағыз ұлтжанды азаматы болу. Қазіргі жаһандану заманындағы ең басты талап жан-жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу үшін ұлттық ерекшеліктерін сақтаған бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Ұлттық мұрамыз – рухани құндылықтарды құрайды десек, әрбір азамат ана тілі мен төл мәдениетінен, ділі мен дінінен әсте ажырамауы қажет. Қазақ халқындағы ұлттық ерекшеліктердің тағы бірі мақал мен мәтелдер арқылы жас өрендердің бойына құнды қасиеттерді сіңіру. «Жекен жерінен көгерер, ер елінде көгерер», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін аңсайды», «Өз елімнің басы болмасам да, Сайының тасы болайын», «Елінен безген ер оңбас, Көлінен безген қаз оңбас», «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл», «Отан үшін отқа түссең де күймейсің».

«Отан оттан да ыстық», «Отаны бірдің, тілегі бір, жүрегі бір» және тағы да басқа нақыл сөздеріміз жетерлік. Сонымен  қатар түрлі ұлттық ойындардың  да баланың өсуіне, жан-жақты қалыптасуына тигізетін  пайдасы өте зор. Бәйге аттың жүйріктердің арасында суырылып шығып межелі мәреге озып келуі батылдық пен өжеттілікке,  шапшаңлыққа,  ептілікке  тәрбиелейді. Орыс педагогы А. Сухомленский:  “Ертегі –  халық  мәдениетінің   рухани   байлығы оны  тану  арқылы  бала  туған  халқын   жүркгімен   танып  біледі”,   – дегенді текке айтпаса керек. 

Қазақ халқының ұлттық мәдени  игіліктерінің  снатында елдің  рухани қазынасына айналған бата сөздердің мағынасы, қадір-қасиеті айырықша бағалы. Өйткені, қанымызға сіңісті, жанымызға  жұғымды, сәулелі санамызға нұрлы шуақ сыйлап марқайтып қанаттандыратын осынау сүбелі сөздер тәрбиенің бастау бұлағындай тұнық. Сондықтан да жас  ұрпақққа әсіресе бастауыш сынып оқушыларына бата мен тілектерді жаттатқызып, олардың ойы мен өрісін ілгері дамыту басты парызымыз. 

Біздің алдымызда тұрған ең басты міндет – тәуелсіз мемлекеттің баянды болашағы саналатын бүгінгі жастардың жүрегіне ұлттық рухтағы отаншылдық сезімберді берік ұялату. Сондықтан отандық білім саласын ілгері дамытуға үлес қосып жүрген пән мұғалімдері бұл бағыттағы мәртебелі міндетке аса жауапкершілікпен қарайтындығы анық. Сөзімнің соңын ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының “Қоғамда  Қазақстан – біздің  Отанымыз,  бұл ұғымға  өте  көп  нәрсе  кіреді деген  қарапайым  ойды  қалыптастыру  керек”, – деген парасатты пайымымен қорытындалағым келеді.  

Жанар Куантаевна БЕКМАГАНБЕТОВА,
Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім
беретін орта мектебінің өзін-өзі тану пәні
мұғалімі, Павлодар облысындағы Баянауыл
ауданының Баянауыл селосы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий