Ауыл шаруашылығы: Сала мамандарының бүгіні мен келешегі

Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық жəне қоғамдық саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді жəне əлі де солай. Қазақстанның əр түрлі климаттық жағдайлары қоңыржай жылы белдікте барлық дерлік дақылдарды өсіруге жəне мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

М.Әуезов атындағы ОҚУ-де міне осы тұста, яғни 2003 жылы аграрлық факультет ашылған болатын. Факультет 12  білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды: 6В08110 «Агрономия», 6В08120 «Топырақтану және агрохимия», 6В08210-«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 6В08130 «Өсімдік қорғау және карантин», 6В08140 «Жеміс-көкөніс шаруашылығы», 6В08150 «Орман шаруашылығын қорғау және карантин», 6В07350 «Жерге орналастыру», 6В07360 «Кадастр», 6В08510 «Аграрлық техника және технология», 6В08610 «Су ресурстары және суды пайдалану», 6В07330 «Сумен қамтамасыз  ету, суды бұру және су ресурстарын қорғау, 6В09111 «Ветеринарлық медицина».

Факультетте үш кафедра жұмыс жасайды, күндізгі бөлімде білім алушылардың саны 1272, ал қашықтан оқитын бөлімде бес жүзден ден астам. Факультетіміздің жеке практика базасы Қайнарбұлақ елді мекенінде орналасқан жеміс-көкөніс алқабында жаңа инновациялық тың әдістерді енгізіп, білім алушыларға қарқынды бау, жүзім, ауыспалы тұқымдар жүйесінде көкөністерді тамшылатып суғаруды оқытып үйретуде. Түлкібас ауданындағы «Жас кешу» ауыл округінде аумағы 40 гектарды құрайтын  тәлімі тау бөктерінде орналасқан.

Бұл аймақ әртүрлі шалғынды өсімдіктерге бай, олар жазғы жайылымдар мен жем-шөп дайындауға пайдаланылады. Базада 17 бас жылқы, 27 бас мүйізді ірі қара мал бар. Бұл базада мал  шаруашылығы өнімдерін өндіруші мамандығы білім алушылары ауылшаруашылық малдарының көбеюіне қолайлы жағдайлар жасап, таза тұқымды мал түрлерін өсірумен  және малдардың азығын дайындаумен айналысады. Ветеринариялық медицина  мамандығының білім алушылары жануарларды жұқпалы аурулардан қорғаудың жаңа әдістерін табу, еліміздегі жұқпалы аурулар таралуының алдын алу  мақсатында алған білімдерін практикамен ұштастыруда.

Факультеттегі кафедралардыңның жетістіктеріне сүйенсек, 2016 жылдан бастап дуальды оқыту жүйесін оқу процесіне енгізіп, студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастыра отырып, білім деңгейінің одан әрі шыңдала түсуіне жол ашты. Түлектеріміз республикалық, облыстық және қалалық мекемелерде лауазымды қызметтер атқаруда. Біздің мақсатымыз – мамандықты таңдап келген студенттерімізге тиісті білім беріп қана қоймай, олардың ел мен жердің қасиетін бағалайтын, тәуелсіз қазақ жұртының зиялысына айналатын тұлға ретінде қалыптастыру.

Гульмира Исатаевна ЕЛИБАЕВА,
аграрлық факультеттің деканы,
биология ғылымдарының кандидаты,
доцент, Шымкент қаласы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий