Цифрлы технология: Қарқынды дамудың жарқын үлгісі

Цифрлы технология – экономикалық серпілістің ең тиімді тетігі. Ал оны қолдау арқылы дамудың жаңа кезеңіне қадам басу – халқымыз үшін басты міндеттерінің бірі. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік»  тақырыбындағы Жолдауында еліміздің дамуы үшін өндіріске озық технологиялар мен  инновациялар енгізу қажет екендігін айрықша атап айтқан еді.

ҚР Үкіметінің (12.12.2017 ж, №827) қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бесінші бағыты- инновациялық экожүйені қалыптастыру аясында үш жыл бұрын облыс орталығында алғаш рет халықаралық IT форумы ұйымдастырылды. Осы шара барысында әр саланы автоматтандыруға арналған ең үздік танылған он IT жоба тамыз кеңесінде ұйымдастырылған Start-up жобалар көрмесіне ұсынылып, әр түрлі сомадағы облыс әкімінің грантына ие болды.

Солардың қатарында біздің білім ордасындағы оқушылардың екі жобасы жүлделі екінші орынға ие болды. «Сандық бағдарламалық басқаруы бар станок» жобасының жетекшілері, Фарида Закарияқызы, Әлем Мақсатұлы және «11» сынып оқушысы Төлеуғазы Алема жүргізген жоба 697 мың 200 тенге облыс әкімінің грантын жеңіп алды. Бұл жұмыспен үш жыл уақыт төңірегінде айналыстық. Бұл сандық бағдарламамен басқарылатны жүйе (СББЖ) – станоктарды сандық бағдарламамен басқаруды жүргізетін арнайы құрылғылардың, әдістер және құралдардың жиынтығы.

Биылғы оқу жылында «11» сынып оқушысы Жумагазина Акбота осы жобаны жалғастыруда. Бөлінген қаржыға Aliexpress компаниясынан шаговый двигатель 23-НЕМА, басқарушы рельстер, бағдарламалық жасақтама, басқа да әр  түрлі детальдар заказ беру арқылы сатып алынды. Станоктың каркасы темірден  дәнекерлеп жасалды. Бұл станок «NS Studio» программасымен басқарылады. Бұл станокпен күрделі бұйымдарды да жасай аламыз. Атап айтқанда, алюминийдің бетіне жазу жаза алады,  ағаштарды 3D оя алады. Станок басына лазер қою арқылы, күйдіріп, ою жасауға, әртүрлі суреттер салуға болады. Сонымен қатар, оракал, оргстекло мен пластикті де ойып, әртүрлі бұйымдар жасауға жарамды.

Бұл жобаның мақсаты – экономикалық мәселелерді шешудің бірден-бір жолы – қолдан жасалған арнайы машиналарды (сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктерін) өндірісте пайдалануды ұсыну. Бұл техника – технология заманында, сандық құрал жабдыққа көшу ғасырында, жаңа дәуірдің ең басты тамаша табыстары еліміз бойынша қолданысқа енгізіліп, сан-салалы даму үдерісіне үлес қосуда. Соның жарқын мысалы тәуелсіз жұртымызды әлемге танытқан «EXPO – 2017» халықаралық көрмесі.

Мектепте ғылыми және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру – тек дарын көзін ашып, жеке тұлғаның қасиеттерін дамытып қана қоймайды, ең бастысы мемлекетімізді өркениетті халықтардың қатарына қосылуына басты кепілі болады. Цифрлы технология жүйесі арқылы еліміз әр салада үздік көрсеткіштерге қол жеткізе беретін болады. Жаңа өнім мен тиімді қызмет, сапалы құрылғылар – цифрлы технология жүйесінің жарқын үлгісі. Бұл сөзсіз жиырма бірінші ғасырдың жемісті жетістігі.

Фарида ӨТЕУЛИНОВА,
Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын
көпбейінді гимназияның физика пәні мұғалімі,
Алем МУКАНОВ,
технология пәні мұғалімі, Шығыс
Қазақстан облысы, Семей қаласы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий