Lesson Study – мұғалімдердің ынтымақтастық ортасы

Әрбір педагог үшін өз білімдерін жетілдіру, дамыту басты мақсат болып табылады. Себебі, қазіргі таңда білім саласы үздіксіз даму үстінде, жаңалықтарға толы. Сондай жаңалықтардың бірі — оқытудың жаңаша тәсілі — Lesson Study болып табылады. Lesson Study – мұғалімнің  кәсіби білімін жетілдіруінің ең бір тиімді әдісі және мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсілі.  

Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study – де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Ал түйінді сипаты- креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Демократиялық ерекшелігі- мұғалім зерттеу барысында жинақтаған білімімен педагог қауыммен кеңінен бөліседі. Біздің мектебімізде Lesson Study циклін ұйымдастыру мақсатында арнайы топ құрылды.

Олардың қатарында Момышова Г (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), Сәлімгереева А (математика пәні мұғалімі), Махамбетова Ж (география пәні мұғалімі), Рыскулова Л (тарих пәні мұғалімі) бар болатын. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен алғашқы отырысын өткізіп, жоспар құрып, «Сабақ үрдісінде диалогтік оқытудың тиімділігі» тақырыбы бойынша 7 «Б» сыныбында Lesson Study жүргізуді жоспарладық. Сыныпта жиырма жеті оқу болса, оның 16 ер бала, 11 қыз бала. Сыныпта үш оқу озаты және оқу  екпіндісі –  7. Жалпы сыныптың білім көрсеткіші отыз жеті пайызды құрайды.

Сыныптың білім деңгейі, сабаққа  белсенділігі  орташа. Сондықтан да,  бұл  сыныпта диалогтік оқыту арқылы сынып оқушыларының оқу мен оқыту үрдісінде белсенділігін арттырып, оқушылардың арасында  бәсекелестік  атмосферасын тудырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру басты мақсат болды. Өйткені оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, сұрақты түрлендіре қою арқылы белсенділік оятуда, оқушылардың жауап берудегі бәсекелестігін тудыруда сындарлы оқыту бағдарламасы бұл оқыту түрін тиімді әдіс ретінде дәлелдеп отыр.

Ал Aлексaндр (2004) оқытудaғы әңгiмелесу – қaрым-қaтынaс жaсaудың бiрсaрынды үдерiсi емес, керiсiнше, идеялaр екiжaқты бaғыттa жүредi және осының негiзiнде оқушының бiлiм aлу үдерiсi aлғa жылжиды десе, Мерсер (2000) бiлiмдi бiрлесiп aлудa немесе “пiкiр aлмaсу” бaрысындa оқушылaр тең құқылы серiктестер болып тaбылaды деп тұжырымдaйды. Lesson Study тобы зерттеудің басты мақсаты мен міндеттерін анықтап алғаннан соң, сыныптағы зерттелетін  үш оқушы, әрбір оқушының деңгейі анықталды.

Ең бірінші Lesson Study циклі қазақ тілі  пәнінен басталып, «Ұлттық музыкалық аспаптар»  тақырыбында өтті. Келесі сабақ – Қазақстан тарихынан «ХIХ ғ 40-60 жж ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынасы», одан соң география пәнінен «Табиғи аумақтық кешендердің дамуы», әрі қарай «Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеттері» тақырыптарындағы сабақтармен жалғасты. Сабақтарда сынып оқушылары үш топқа бөлінді. Сабақтар барысында интерактивті тақтаны пайдалану жүзеге асты.

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын тудыру мақсатында бейнематериалдар көрсету, әрбір тапсырмаға бірлесіп критерий құру, түрлі әдіс тәсілдермен берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың топта бірігіп жұмыстануына мүмкіндік берілді. «Бортты журнал», «Ротация», «Білемін, білгім келеді, білдім», «Ассоциация», «Қалам столдың ортасында», «Синквейн» және тағы да басқа әдістер сабақтардың қызықты, тартымды өтіп, оқушылардың топтарда белсенділікпен жұмыс жасауына жол ашты.

Оқушылардың әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен орындап, жұмыстанды. Бақылауда болған оқушылар күтілген нәтижеге сай жұмыс жасағандары байқалды. Әрбір Lesson Study -ді талдап, оқушылар пікірін білгеннен кейін, келесі Lesson Study сабақтары мұқият жоспарланып отырды. Бақылауда болған А,В,С деңгейлі оқушылар  күткен нәтижеге сай жұмыстанды. Оқушылармен сұхбат жүргізу барысында олар үшін сергіту сәттерінің тиімді екенін де айқын аңғардық.

Жұмыс барысында кейбір оқушылардың тиісті білім-білік дағдысы толық болғанмен, топ алдында дәлелдеу, сөйлеу дағдылары жетпей жатқаны көрініп тұрды. Оқушылар өзін –өзі бағалау, өзара бағалау әдістерін жүзеге асырды. Мұғалімдердің топтық жұмысын ұйымдастыра отырып, оқушыларды топтық жұмысқа тарта отырып, ашық сөйлесу, пікірін тыңдау арқылы ортаға бейімдеуге болады. Содан соң «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» үдерісін үнемі дағдыға айналдырсақ, үнемі оқушы пікірімен санаса отырып, оларға  ұнайтындай әдістерді қолдану мүмкіндігі бар.

Осыған орай сабағымызды жоспарласақ талапқа сай сындарлы ой айта алатын жеке тұлға тәрбиелей аламыз деген ойға келдік. Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін, бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп,  соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болады.

Лаззат Баяхметовна РЫСКУЛОВА,
№10 жалпы білім беретін орта
мектептің тарих пәні мұғалімі,
Ақтөбе қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий