Ауыл мектептерін қолдауға бағытталған жоба

Жаңа ғасыр көгінде білім беру саласының тың бағыттарға бет бұрғаны белгілі. Оның объективті және субъективті алғышарттары қоғамдық өндіргіш күштердің дамуы, адами капиталдың қалыптасуы болып табылады. Замана тынысына орай білім де қарыштап даму қажеттілігін байқатты. «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 –2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» (27.12.2019 ж, № 988)   қалалық  және  ауылдық  мектептердің… білім алушыларының  арасындағы  білім  сапасындағы  алшақтықты қысқарту міндеттері белгіленген.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев барша отандастарымызға арнаған кезекті Жолдауында қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасы алшақтап бара жатқанына ерекше тоқталды. Осы мәселені шешу үшін мемлекет тарапынан «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясы кеңейтіліп, тиісті шаралар ұйымдастырылуда. Педагогтардың өз тәжірибесіне өзгеріс енгізіп, тәжірибемен ұштастырып білім алуына, эксплицидті және имплицидті дамуы арқылы олардың кәсіби құзыреттіліктерінің артуына  тікелей мектеп басшысы ықпал етеді.

Сондықтан облыста мектеп басшыларына кәсіби қолдау көрсету  мақсатында  «Табысты мектеп директорлары», «Жас директорлар мектебі» Ассоциациялары құрылды. Ассоциацияның басты міндеті – мектеп басшыларына арналған нұсқаулықта көрсетілгендей  директорлардың өзінің, ұжымның дамуы және жайлы атмосфера қалыптастыруды жүзеге асыруын қамтамасыз ету жолындағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіру. Ассоциация оқу-тәрбие үрдісі барысында заманауи педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде мектеп директорлары мен директордың орынбасарларына кәсіби қолдау көрсету, ақпараттық  қамсыздандыру мақсатында міндеттер белгілеп тиімді шаралар ұйымдастырып келеді.

Ізденістер мен талқылаулар нәтижесінде дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәжірибесін тарату  мақсатында 2020-2021 оқу жылына «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы әзірленді. Жобаның басты ұстанымы шалғай ауылдардағы оқушылар білім алатын мектептердің күшті және әлсіз тұсына талдау жасап, басты қажеттіліктеріне назар аударуға бағытталды және ауыл мектептеріне қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік қолдау көрсетуге үлкен басымдық берілді.

Ол облыстың ең табысты және табыстылығы төмен мектептер арасындағы айырмашылықты азайтуға, олардың өзара тәжірибе алмасуына, бірлесе еңбек етуге мүмкіндік береді. Жобада дарынды балаларға арналған 8 гимназия, лицейге  (Қарғалы №2 ДБАГ, әл-Фараби ат. ДБАГ, №20 ДБАЛ, М.Арын ат. №24 ДБАЛ, Ш.Смағұлов атындағы МИ, Талдықорған қаласындағы БИЛ, А.Малкеев атындағы БИЛ, Қапшағай қаласындағы орта мектеп-гимназиясы) білім мекемелеріндегі жұмыстарды үйлестіру үшін аудан, қалалардан 54 білім беру ұйымы бекітілді.

Көшбасшылықты қалыптастыру мен білім алушылардың жеке прогресін қолдау және бағалауда педагогтардың құзыретін арттыруда мектеп басшыларына, мектеп әкімшілігіне қашықтан оқыту жағдайында платформаларды тиімді қолдану жұмыстары, ғылыми әдістемелік жұмысты жетілдіру, тәрбие үдерісіндегі әлеуметтік желінің «мұғалім-оқушы ата-ана» арасындағы коммуникативті жүйесін жетілдіру тақырыптарын қамтыған  вебинарлар өткізіліп,  білім беру ұйымының қызметін басқару жұмыстары бойынша тәжірибе бөлісу жұмыстары ұйымдастырылды.

Қашықтан оқыту кезінде сабақтарда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, критериалды бағалау, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру және сараптама жасауда мектеп басшыларының өздерінің көшбасшылық танытуына бағыт бағдар беріліп, тәжірибе алмасуда. Қашықтан оқыту жағдайындағы бақылау мен басқару жұмыстары бойынша 64 вебинар жұмысы өткізілсе, тиімді тәжірибелер орталықтың youtube каналына жүктелді. 

Мектеп мұғалімдеріне бекітілген мектептердегі педагогтардың сабақтарына қатысып тиімді кері байланыс беру, PISA халықаралық зерттеуінің оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы тәжірибесі, бекітілген мектептердің базасында мұғалімдерге жаңа форматтағы сабақтар жүргізіп, әдістемелік қолдау көрсетіліп, педагогтардың ақпараттық құзіреттіліктертін арттыруға баса  көңіл бөлінді. «Lesson Study» зерттеу топтарының жұмыстарын тәжірибеде көрсету, сабақтан кейінгі талдау тәсілдерін демонстрациялау тақырыбында ұйымдастырылған шараларды тәжірибеде көрсету мақсатындағы 77 вебинар, 10 ашық сабақтар ұйымдастырылды. Жоба аясында атқарылған шараларға 4977 педагог тартылды.               

Алматы облысы бойынша   89%  ауыл мектептерін  құрағандықтан, аудан қалалардан бекітілген 54 білім беру ұйымдарына ауыл мектептері тіркеліп дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәжірибесін өз практикаларымен ұштастырып, тәжірибе бөлісу өз тиімділігін көрсетуде. Сол себепті облыс деңгейінде ұйымдастырылған аталған жобаның шалғайда орналасқан ауыл мектептеріне әдістемелік қолдау көрсетуде, бағыт-бағдар беруде, кәсіби біліктілігін шыңдау жолында, білім сапасын көтеруінде өзіндік ықпалын тигізуде.

Мұғалімнің кәсіби дайындығы, білім мен біліктері оқу үрдісінің дұрыс бағытта жүруі мектеп басшыларының ықпалы мен шығармашылық қызметтері арқылы жүзеге асатыны да нәтижеге жетуімен анықталды. Уақыт талабы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Құр білген керек емес – білгенді іс қылған керек», – деген тұжырымдағанындай, ғылым мен білімді адам ой-санасының, дүние танымының өсуіне қорек беретін рухани азық ретінде барынша қолдану керектігін айғақтауда.

Қашанда жаңаның қажетті, тиімді тәсілдерін ала отырып, заманауи әдістердің білім беру процесінде тигізер септігін сараптай білу қажет. Сондай-ақ жобаға қатысушы әріптестеріміз тәжірибе алып қана қоймай, өз іс тәжірибесінде қолдануда. Аталған жоба бойынша жүргізіліп жатқан  жұмыстар ауылдық  елді мекендердегі білім беру ұйымдарында үнемі білім берудің жаңа деңгейін, оқытудың, бағалаудың, тәрбие беру жұмыстарының инновациялық тәжірибелері мен технологияларын енгізуде бағыт-бағдар болып отырады деген сенімдеміз.

Нұрлан Тұрсынмамедұлы НҮСІПБЕКОВ,
Алматы облыстық оқу әдістемелік орталығының
әдіскері, Талдықорған қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий