Білікті білім мекемесінің басшысы – қоғам дамуының кепілі
“Адамзат жетім болмайды – халықтан болса панасы, халық жетім болмайды – басшысы болса данасы”, – деген екен қазақтың азаттық жолында күрескен қайсар ұлы Сырым Датұлы. Қазақтың талантты ақыны Мағжан Жұмабаев: “Адам жаңашыл: жаңа үстіне жаңа тілейді, жаңадан жаңаға құмар келеді. Адам әсемшіл: әсемнен әсем, сұлудан сұлу таңдайды”, – дейді. Бұл құнды ой арқылы жаһандану заманында адамзат ескі сүрлеумен жүре бермей ілгерілеуге, өзгеруге ұмтылуы қажеттігін айтқан. Себебі, бұл – заман талабы.
Жаһандану заманында өз тілін, салт-дәстүрін жоғалтып алмай, жаңа ғасыр бәсекесіне түсе алатын, «өзгермелі өмірге икемді» бала оқытып, тәрбиелеу жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі идеясы. Өзгермелі өмірге икемді баланы табысты тұлғаға айналдыруда облыстық оқу- әдістемелік орталықтың «Табысты басшы» жоба аясында біздің аудандық оқу-әдістемелік орталықта «Тиімді басқару» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі бағыттары – мектеп басшысының стратегиялық жоспарлау бойынша кәсіби біліктілін жетілдіру, мектепті инновациялық басқарудағы озық педагогикалық идеяларды енгізу, педагогикалық менеджментті жетілдіруде бағыт-бағдар беру, тәжірибелі және жас директорлардың арасындағы тәлімгерлік үрдісті қалыптастыру, педагогтардың құзіреттілігін арттыру арқылы білім сапасын жақсартуда тиімді жолдарына бағыттау, мектеп ішінде әлеуметтік капиталдың болуына ықпал етуды көздейді.
Табысты басшы атану үшін кез келген басшы өз ұжымындағы оқу үрдісін жүйелі нәтижеге бағыттауы қажет. Әрине, айтар ауызға жеңіл болғанымен, бұл қажырлы еңбек пен уақытты талап етеді. Ұжымды тиімді басқару ісін ең алдымен, адамтанудан бастап, адамның күрделі және қызықты, рухани жан-дүниесіне үңіле білу дер едім. Басқарушылық шеберлік пен басқарушылық өнер – даналықты жүрекпен ұға білу десем артық айтқандық болмас. «Үйренгенді желге ұшырмай іске асыр», – деп байырғы ғұлама Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, білім сапасын көтерудегі мемлекеттік бағдарламалар аясында жергілікті мектептерде ауыл мен қаладағы білім беру ұйымдарының арасындағы алшақтықты жою, функционалдық сауаттылықты дамыту, білім сапасын арттыру, «оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың бойына рухани құндылықтарды дарыту» шеберлік сыныптары, іс- тәжірибе алаңдары, кәсіби сұхбаттар ұйымдастырылуда.
Мен білетін табысты басшылар мына бір қағиданы қатаң ұстанады: «өзіңе сұрақ қоюды ұмытқан күнің – табысқа жетуден соншалықты алыстаудың бастамасы». Сондықтан да табысқа жетудің жолында ізденіс бір сәтте тоқтамауы керек. Ізденіс- шығармашылықтің негізі болса, ал шығармашылық- табысты болудың өзегі. Мектеп басшысының ізденісі, дамуы -ұжымның тұтастай дамуының кепілі. Сөзімнің дәйегі ретінде, осы жоба аясында ауданымызда ай сайын мектеп басшылар арасында өткізілген іс- тәжірибе алаңын мысалға келтірер едім. Жетекші мектептер арасында табысты басшылары «теңбе-тең» қағидаты бойынша іс тәжірибе бөлісуде.
Білім сапасын арттыру және мектептің оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастыруына ықпал ету барысында «Внутришкольный контроль как инструмент управления качеством образования», «Оқу – тәрбие үрдісін тиімді жоспарлау- табысқа жету кепілі» «Типтік оқу жоспарының негізінде жасалатын мектептің жұмыстық оқу жоспары», «Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы бірлескен жұмыс», «Қашықтан оқыту барысында білім беру платформаларын тиімді пайдалану» «Үздіксіз білім беру жүйесінде оқу үрдісін ұйымдастыру және басқару», «Білім берудегі өзгерістерді басқару» тақырыбында семинарлар мен тәжірбие алаңдары, сонымен қатар «Тиімді басқару» жобаны жүзеге асыру барысында кәсіби қауымдастық құрып 14 тірек мектептерін анықтадық.
Әр жыл сайын кәсіби алаң (еркін микрафон тәсілімен), «НЗМ» пед шеберлік орталығының аға мененджері Әлімов Асхат Хамзаұлымен бірлесіп семинар –кеңес, тәлімгерлік үрдісі бойынша коучинг сессия, НЗМ тренирлары республикалық ПШО тренирларымен практикалық семинар өткізіледі. Мектеп басшыларының құзыреттілігі мен имиджін көтеру мақсатында «Білім беру ұйымының табысты көшбасшы», «Үздік білім беру ұйымы», «Үздік ауыл мектебі» «Жас менеджер», тақырыбында байқаулар, «Заманауи басшы: табыс формуласы» тақырыбында мектеп директорларының форумы өтуде.
Іс-тәжірибе алаңында іскерлік дағдысын дамытқан мектеп басшылары жылда облыстық оқу әдістемелік орталық тарапынан «Табысты басшы» жоба аясында өтетін байқауларға, шеберлік сыныбы, форум, конференцияларға қатысып, өз тәжірбиелерімен бөлісіп үлкен жетістікке жетуде. Шелек ауылындағы гимназия, Терешкова, Бижанов, Рахат №1 орта мектептерінің директорлары «Мектепішілік басқару мен басшылық» тақырыбында өткен облыстық шеберлік сыныбына қатысып іс-тәжірбиелерін таратты.
Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің басшысы облыстық «Жас менеджер» байқауда бірінші орынға, «Білім беру ұйымының табысты көшбасшы» байқауында Рахат №1 орта мектебінің директоры екінші орын, Көктөбе орта мектебінің директоры мектебінің директоры «Іскер басшы» аталымына ие болды. Облыстық «Тиімді басқару- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізі» тақырыбындағы дискуссиялық алаңда ауданымыздың директорлар командасы бірінші орынды, «Үздік ауыл мектебі – 2019», Шелек №1 гимназиясы бірінші, «Үздік ауыл мектебі – 2020» байқауында Қонаев атындағы орта мектебі жүлделі үшінші, орынды иеленді.
Облыстық оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен ұйымдастырылған «Жалпы білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудағы ерекшеліктер» тақырыбындағы шеберлік сыныбында ауданның мектеп басшылары іс- тәжірбиелерімен бөлісті. Халқымызда «Көп жас жасағаннан емес, көп игілікті ісі бардан сұра»-демекші ұжымды жетістікке жетелейтін білікті басшының ықпалы нәтижесінде отандық білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында жасалған іс –шара жоспары және «Оқуға құштар мектеп» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
«Сабақты зерттеу және іс-әрекетті зерттеу үдерісін жүргізу қадамдары», «Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру жолдары», «Инновациялық қадам» «CLIL бағдарламасы – табысқа апарар жол», «Жалындаған жастар – еліміздің ертеңі» «Приоритетные задачи поднятия качества знаний и мотивированию одаренности учащихся», «Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары», «Формирование исследовательских умений у младших школьник», «Оқытудың белсенді стратегиялары және оқушының математикалық сауаттылығы сапасын арттыруда PISА зерттеулерін пайдалану» және тәрбие саласы бойынша «Ұлт тарихындағы ерен тұлғалар» тақырыбында жаңа кіші жобалар педагогтардың қызу қолдауына ие болуда.
«Жілігін шағып, майын ішкен» заманауи мектеп басшысы –білім саласындағы менеджерлер. Мектептің материалдық-техникалық базасын қамқоршылық кеңестің, ата-аналардың көмегі арқылы нығайту да тиімді басқаруда табысты басшының іскерлігіне байланысты. Д.Қонаев атындағы орта мектептің тәжірибелі білікті басшысы оқушы сұранысына қажеттілікті қамқоршылық кеңесі арқылы шешімін тауып мектебіне 39 млн инвестиция тартып, мектептің материалдық базасын заман сұранысына қарай жаңартуда.
Азат №1, Жексенбеков, Бертаева, Рахат №1 орта мектебі және Шелек №1 гимназиясының директоры инвесторлар арқылы заманауи оқу кабинеттерін, мектеп кітапханасы мен мұғалімдер бөлмесін жабдықтауда. Бүгінгі таңда ауданымыздың елу пайыз мектебі электронды кітапханамен және заманауи мұғалімдер бөлмесімен жабдықталған. «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: “ХХІ – ғасыр білімен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіпті игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелестік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғарғы еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс”, – деп атап көрсеткендей білім беру мекемесінің басшысы табысты болып, тиімді басқару үшін үздіксіз ізденіп, бәсекеге қабілетті болуға міндетті.
Сондай-ақ шығыстың бір ғұламасы: “Ғалым болу оңай, адам болу қиын”, – деген екен. Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Сондықтан өскелең ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңірген адам болып тәрбиеленуі, мектеп басшысының табысты болуының қайнар көзі. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дейді дана халқымыз. Жаңартылған білім беру жағдайында табысты басшысы жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін ынтымақтастық ортада бірлескен жұмыс істейтін табысты көшбасшы болуы керек. Инновациялық басқарудың нәтижесінде ғана біз болашақтың тізгінін ұстайтын функционалдық сауатты жиырма бірінші ғасырдың жаңа буын өкілін тәрбиелей аламыз.
Айжан Тоғанбайқызы ТОРТАЕВА,
Еңбекшіқазақ аудандық оқу әдістемелік
орталықтың аға әдіскері, Алматы облысы
Загрузка...