Жаңа білім беру: Академиялық дербестіктің мүмкіндіктері мол

«Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ», – дейді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Қазіргі өзгермелі заманымызда білім – дамудың негізгі көрсеткіші және басыңқы бағыты болып табылады. Оған қоса, қазір білім əлемінде өз жолын тауып, өздігінен білім алуға ұмтылыс жасайтын, бастамашыл, құзыретті, қарқын дамып келе жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті азаматты тәрбиелеу орын алуда.

Білім берудің барлық деңгейінде мазмұнды жаңарту, жұмыс берушілердің талаптарын, қазақстандық экономиканың сұранысын ескеретін халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленген жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу еліміздің заманауи білім беру моделін құру және дамытудың негізгі факторының бірі болып табылады. Сондықтан кадрларды даярлауда икемділікті қамтамасыз ету үшін колледждерге академиялық дербестік беріледі. Колледждерге жұмыс берушілермен бірге кәсіби стандарттар негізінде және аймақтық ерекшелікті ескере отыра, білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқыту мерзімі мен траекториясын анықтау мүмкіндігінің берілуін болжайды.

Біздің арнаулы оқу орны аймақтағы құрылыс саласына қажетті мамандар мен білікті жұмысшыларды дайындау және қайта даярлау бойынша жетекші кәсіби білім беру мекемелерінің бірі. Оқыту үдерісі «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ (31. 10. 2017 ж, № 553)  бұйрығымен бекітілген Кәсіби стандарттар негізінде өзектендірілген ТжКБ Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Колледжіміз барлық мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеп, модульдік оқытуды толығымен енгізген алаңға айналды.

Академиялық дербестікке көшуге дайындалу аясында тиісті жұмыстарды атқарудамыз. Ең алымен жаңаша білім беру аясында маман даярлаудағы тиімді бағыттардың бірі – дуалды оқытуды қолдану ұсынылады. Технологиялық, құрылыс және білікті жұмысшы кадрлар бөлімдерінде осы бағыт бойынша 529 студент білім алуда. Жаңа бағдарламаларды енгізу барысында әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыстағы ынтымақтастық орнатылған. Екіншіден, 1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспарлары қайта қаралып, оқу кестесіне түзетулер енгізілді.

Енді қысқы уақытта құрылыс жұмыстарын жүргізу қауіптілігіне және тоқталуына байланысты 2-курс студенттері екі апталық қысқы демалыстың орнына 6 апта дем алады. Жазғы кезеңде демалыс уақыты бес аптаны құрайтын болды. Үшінші курс студенттері үшін қысқы кезеңге жоспарланған өндірістік тәжірибелер күзге ауыстырылды. Бүгінгі таңда мазмұнды жаңарту аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде модульдік-құзыреттілік тәсілі толығымен қолданылады. ТжКБ ұйымдарында кәсіби білім беру және ECVET оқыту үшін еуропалық кредиттік технологияны пайдаланудамыз.

Нақты оқыту мерзімдерінің күші жойылып, студенттерге болашақ кәсіби қызмет үшін таңдалатын курстарға байланысты оқыту курсын, мерзімін өздігінен таңдау құқығы берілмек. Техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі, академиялық дербестікті пайдалана отыра, жаңа білім беру бағдарламаларының енгізілуі, кəсіптік-техникалық білімнің бəсекеге сай дамуы студенттердің болашақ кəсіби құзыретті маман ретінде қалыптасуына орасан ықпал ететіні сөзсіз.  

Роза Биримжановна КУЛЬЖАНОВА,
Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,
Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий