Маңғыстау облысы: Биылғы оқу жылының барысында 625 орындық он балабақша ашылды

Маңғыстау облысы бойынша 2020 – 2021 оқу жылында 529 білім беру нысаны жұмыс жасады. Қазіргі кезде облыс көлемінде 529 білім беру нысаны бар (242 710 контингент), оның ішінде 319 балабақша (38 653 контингент), 156 мектеп (158 891 контингент),  27 колледж  (19 140 контингент), 11 қосымша білім беру ұйымдары (25 361 контингент), 16 арнайы білім беру ұйымдары (665 контингент), – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі. 

2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталсақ. 321 мектепке дейінгі ұйымның 141-і мемлекеттік (24643 бала), 180-і немесе 56,0% жекеменшік  (14047 бала). 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 100%-ды ал,  2-6 жасты қамту үлесі 72% құрады. Оқу жылында 625 орындық 10 балабақша ашылды (Ақтау – 1, Жаңаөзен – 1, Мұнайлы – 5, Бейнеу – 1, Түпқараған – 2). Мектептердегі білім беруді қамтамасызт ету үшін оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд. тг. қаржы бөлінді. Осы қаражат шегінде мектеп кітапханалары көркем әдебиеттермен толықтырылды.

Жаңа оқу жылында: 1860 орындық  3 мемлекеттік мектеп (Мұнайлы ауданы, Батыр ауылында 960 орындық, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында  600 орындық, Қарақия ауданы, Жетібай ауылында 300 орындық бастауыш мектеп) және 1499 орындық 7 жекеменшік мектеп іске қосылды. Осылайша, оқу жылында 18 үш ауысымда оқытып отырған мектептердің  ішінен  3 мектептің мәселесі шешілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 53 мектептің әжетханалары мектеп ғимараттарына орналастырылды, 94 білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелері жаңартылды, бұл мақсатқа ЖБ 312 млн. тг. қаражат бөлінді.

Барлық қала мектептерінің бейнебақылау жүйелерін ішкі істер органдарының жедел басқару орталығына қосу бойынша жұмыстары басталды, сонымен қатар білім беру ұйымдарына дабыл түймесін қосылады. Мектептердің балансына 30 640 компьютерлік жабдықтар сатып алынды. Нәтижесінде, 1 компьютерге оқушының ара қатынасы 1:5  құрады (2019 жылы 1:14). 2020 жылдан бастап қалалардағы 39 мектеп (2020 жылға 562,7 млн тг бөлінді) және жекеменшік 11 мектепке жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмі енгізілді. Бір балаға жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі: 1-4 сыныптар үшін – 17 582 тг; 5-9 сыныптар үшін – 22 834 тг; 10-11 сыныптар үшін – 26 650 тг.

Қашықтан оқытуда мұғалімдер мен оқушылардың кері байланысын орнату үшін mektep.edu.kz платформасында ok.edus.kz  қосымшасы әзірленді. Аталған платформаның кедергісіз жұмыс жасауы үшін жергілікті бюджеттен 12  млн тг. қаржыға 4 сервер сатып алынды. Биылдан бастап, 5 жыл ішінде Нұр Отан партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан 103 мектепті кезең-кезеңмен жаңғырту басталды, оның ішінде 2021 жылға 22 мектепті жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл мақсаттарға жыл басында жергілікті бюджеттен 804,0 млн. тг. қаражат бөлнді. Бұл қаражатқа  ағымдағы жөндеу жұмыстары мен жаңа модификациялы кабинеттері сатып алынады.

Қала мен ауыл мектептерінің білім сапасындағы алшақтықты қысқарту үшін білім сапасын арттырудың кешенді жоспар бекітілді. Жоспарға сәйкес USTUDY компьютерлік тестілеу орталығы арқылы облыстағы әр  мектептің, әр сыныптың білім сапасын диагностикалау, осал тұстарын анықтау, қолдау, дамыту бойынша кешенді жұмыстар басталады. «Өзенмұнайгаз» АҚ қаржылық қолдауымен Жаңаөзен қаласында 10 мектепке Білім-инновация лицейлерінің тәжірибесін енгізу, қала мектептерінің оқушыларына кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізу, мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңарту жұмыстары басталды.

Биылғы республикалық олимпиадада облыс командасы барлығы   29 – 5 алтын, 6 күміс, 18 қола медаль иеленді (2019 жылы-22). Қатысушылардың 60%-ы жеңімпаз атанып, республикалық олимпиада нәтижесі бойынша Маңғыстау облысы командалық ІІІ орынды, Ақтау қаласының «Білім-инновация» лицейі ІІ орынды, Мұнайлы ауданы №3 жалпы білім беретін мектебі «Үздік олимпиадалық ауыл мектебі» болып танылды. Ауылдың дарындарын қолдау мақсатында 2018 жылдан бастап 9-сыныптарға арналған меценаттардың қолдауымен IQanat олимпиадасы өткізіледі.

2019 жылы өңірімізден қатысқан оқушылардың 24-і жүлделі орындарға ие болып, оның 4-уі IQanat High School of Burabay мектебіне оқу грантын жеңіп алды. Бүгінде олар Бурабайда салынған заманауи мектепте оқып жатыр. Республика бойынша абсолюттік 3 чемпионның біреуі – Ақшұқыр мектеп-гимназиясының оқушысы болды. «Елбасы медалі» жобасына 14-29 жас аралығындағы 600-ден аса жас қатысты (2020 жылға 69,9 млн теңге бөлінді). Олар «Спорт», «Кітап оқу», «Ерікті қызмет», «Ұлттық мұра», «Саяхат», «Еңбек тәжірибесі», «Дарындылық пен дағдылықты арттыру» бағыттары бойынша жарысады. Қатысушылардың 262-сі қола медаль иегерлері атанды.  

Спорт залдардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында, 2020 жылы жергілікті бюджеттен 15,0 млн теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар 2020 жылы меценаттармен мектеп түлектері Ақтау қаласындағы № 20 орта мектепте шағын футбол алаңына толықтай жөндеу жүргізді, Жаңаөзен қаласындағы № 4 орта мектепте спорт алаңын салды, гимнастика залын жасақтады, Бейнеу ауданындағы Абай орта мектебінің жертөлесіне күрес залын, Түпқараған ауданындағы М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында жазғы ашық футбол алаңын салды.

Қарақия ауданы Жетібай ауылында 200 орындық Оқушы орталығы ашылды. Биыл Ақтау қаласының 17  шағын ауданынан күніне мыңға жуық қабылдай оқушыны қабылдай алатын Оқушылар сарайының құрылысы басталды. Сонымен қатар, облыста спорттық нысандарының желісін көбейту мақсатында, Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында «Сүлеймен» спорттық кешенін іске қосылды, Ақтау қаласында Бокс орталығы ашылады. 2018 жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен өңірге қажетті мамандарды дайындау үшін жоғарғы оқу орындарында оқуға білім гранттары бөлініп келеді.

Биыл да жылдағыдай облыстық бюджеттен 175 білім грантына қаржы қаралды. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында студенттерге тегін білім алу мүмкіндігі туындап отыр. Бұл ретте мемлекеттік тапсырыс көлемі өткен жылмен салыстығанда 5% артық (2020 жылы – 4239 орын, 2021 жылы – 4800 орын). Өңірдің экономикалық дамуына сәйкес, техникалық және кәсіптік білім бар мамандарын даярлаудың 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 3475 орынға (өткен жылы 3108 орын) бекітілді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда  11,8%-ға көп.

«Жас маман» жобасы аясында өңірдің 10 колледжіне агрегаттар, жаттықтырушы (тренажер) машиналар мен автотренажерлар, 3D принтерлер, мобильді бейнестудиялар, адам тәрізді робот конструкторлар және басқа да заманауи жабдықтар сатып алынды. Нәтижесінде, колледждер өңір нарығындағы сұранысқа ие аспаз, кондитер, токарь, дәнекерлеуші, құрылысшы, автокөліктерге қызмет көрсету, байланыс операторлары сияқты мамандарды даярлап шығарады. Бұл колледждер болашақта мамандарды даярлау мен қайта даярлау арқылы біліктілік арттырудың және WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлайтын құзыреттілік орталықтарына айналады.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Назарбаев Зияткерлік және Білім инновациясы мектептерімен «Жас маман» жобасы бойынша жабдықталған колледждер арасында екі жақты меморандум жасақталды. Осы жоба аясында қызмет көрсету, ІТ, дәнекерлеу, токарь және тағы да басқа мамандықтар бойынша құзыреттілік орталықтары ашылады. Орталықтарға мекемелер жұмысшылары, мектеп оқушылары арнайы курстардан өтіп, өндірістің қажетті мамандары дайындалады. 

Бүгінгі таңдағы Қазақстанда іске асырылып жатқан реформалар барлық оқу орындары мен әлеуметтік тәлім-тәрбие мекемелерінің тәрбие және білім беру мазмұнын жаңа сапалық тұрғыдан дамуы мен жетілуін өткір проблемаға ауналдырып отыр. Осыған орай қазіргі Қазақстан жағдайында қысқа тарихи уақыт аралығында барлық білім беру жүйесінде оң өзгерістер іске асырылуда. Сонымен қатар «Қосымша білім беру ұйымдары» болып қайта құрылған мектептен тыс мекемелер үздіксіз білім беру жүйесінің ажырағысыз бөлігіне айналуда.

Бұл жүйе әр түрлі жастағы балалар мен жасөспірімдерге кез-келген жағдайда да жаңа білім алуға оны үнемі толықтырып өзін-өзі бағалауға, басқаруға, әлеуметтік мәртебесін өзгерту жасауға, шығармашылық белсенділігі мен танымдық қабілеттерін дамытуға, қызығушылығы мен сұраныс деңгейін арттыруға мүмкіндігін туғызады. Жетібай ауылынан балаларға қосымша білім беру бағытында «Оқушылар шығармашылық орталығы» ашылды. Орталықта 12 үйірме жұмыс жасайды, сонымен қатар қырыққа жуық ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылып, қуанышқа бөленуде.

Орталықта үйірмелерге 6 мен 17 жас аралығындағы оқушылар  қабылдануда. Қазіргі таңда  380 ата-анадан өтініш түсіп,балалары орталықтан қосымша білім алуға тартылды. Ауыл тұрғындарының балаларының бос уақытын тиімді пайдаланып, үйірмелерге қатыстыртуға деген қызығушылықтары жоғары. Алдағы уақытта бұл орталыққа  бес жүз оқушыны қабылдау жоспарлануда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий