Ауыл мектептеріндегі дарынды балалармен жұмыс

Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің өмірге құштарлықтың, биік ізгіліктің, бәрінің кілті – мыңды жығатын білімде. Білімді, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой. Дарынды балалардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін жетілдіру барысында қалыпты жағдайлар туғызу бүгінгі таңдағы білім берудегі басты мақсат болып отыр. Өйткені дарынды балалармен жүргізілген оң жұмыстардың нәтижесі ғылым мен экономиканың дамуындағы тиімді де оңтайлы әдіс тәсілдер мен заманауи жаңалықтардан айқын көрінуде.

ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Жолдауын жүзеге асыру жөнінде Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген (02. 09. 2019 ж, №152) Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 55-тармағының орындалуын қамтамасыз ету негізінде біздің орталықтың тарапынан ауыл жастарын қолдау мақсатында көптеген шаралар ұйымдастырылуда. «Ел үміті» бастамасының жол картасы негізінде ауылдық жерлерде дарынды оқушыларды анықтау, олардың  білім деңгейлерін  арттыру,  қабілеттіліктерін дамыту және қолдау мақсатындағы он үш шараға 1256 оқушы қатысып,  526 зерек шәкіртіміз жүлдегер атанды.

Солардың  бірі – «Мың бала» олимпиадасының ұйымдастырылуы. Ауыл оқушыларына арналған, қоғам тарапынан оң бағаға ие болған кең ауқымды жоба ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді. Басты мақсаты – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау.

Ауыл мекендеріндегі білім алатын 5 және 6-сынып оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы  екі жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Білім бәсекесіндегі үміткерлер екі кезең бойынша (сырттай және тікелей) бақтарын сынауда. Былтырғы ақпан айындағы сырттай ұйымдастырылған алғашқы кезеңде облыс бойынша  8098 оқушының 1 және 2-тоқсандар қорытындысы бойынша «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндерінен үлгерім нәтижелері негізінде 200 оқушы келесі сынаққа жолдама алды.

Шешуші кезеңде 138 білімгер қатысып, қорытындыс бойынша  ҚР Тұңғыш Президент Қоры мен “Елбасы Академиясы” корпоративті қорының шешіміне сай 5 класс -18, 6 класс-16, барлығы 34 оқушы топжарды. Олардың бесеуі өзі қалаған дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде білімдерін жалғастыруда. Ал биылғы сәуір айының 2-3 күндері аралығындағы кезекті олимпиаданың алғашқы кезеңі 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында онлайн-форматта ұйымдастырылған болатын. Оқушылар логикалық және кеңістік ойлауды бағалауға арналған тесттік тапсырмалар орындады.

Аймақтан 5051 оқушы қатысып, жоғары қорытынды ұпай жинаған 243 үздік ұл-мен қызы екінші кезеңге жолдама алды. Екінші кезең барлық санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтай отырып, «Ustudy» аймақтық тестілеу орталықтарында офлайн түрде ұйымдастырылды. Алға ауданынан – 4 оқушы, Әйтеке би ауданынан – 13 оқушы, Байғаниннен –  20 оқушы, Ырғыз ауданынан – 23 оқушы, Қарғалыдан  10 оқушы , Қобда ауданынан – 8 оқушы, Мәртөктен –  12 оқушы, Мұғалжар ауданынан  23 оқушы, Ойылдан -16 оқушы, Темірден- 23 оқушы, Хромтау ауданынан- 17, Шалқардан – 7 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша  жеңімпаз атанған оқушылар “Елбасы Академиясы” корпоративті қорының дипломдарымен және   “Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Сондай-ақ ең жоғары ұпай алған оқушылар  өзі қалаған дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде білімдерін жалғастыруға мүмкіндік алады. Бұл олимпиадаға  қатысатын оқушылардың дайындығын  арттыру, ауыл оқушыларының дарындары мен қабілеттіліктерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау  мақсатында облыстық сырттай олимпиада ұйымдастырылды.

Негізгі ережеге сәйкес үміткерлер «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндері бойынша бойынша тест тапсырмаларын орындады.  Бұл білім бәсекесіне 192 оқушы қатысып, 80-і жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, ауыл балаларының шығармашылық және  көркемдік  қиялдарын  дамыту,  ауылдық елді мекендердегі дарынды және талантты балаларды қолдау мақсатында облыстық “Мейірім әлемді құтқарады!” атты сырттай шығармашылық байқауы ұйымдастырылды.

Басты мақсат – ауыл балаларының шығармашылық және көркемдік қиялдарын дамыта отырып мейірімділікке, үлкенге-құрмет, кішіге-ізет көрсетуге, кеңжүректілікке тәрбилеуге бағытталған. Бұл байқауда Мәртөк ауданынан басқа,  11   аудандық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарындағы  мектепалды даярық топ пен 1-4 класс аралығындағы  101 оқушының жұмыстары қаралып, 28 жұмыс жүлделі орынға ие болды. Сынақта оқушылардың жұмыстары үш аталым бойынша  қаралды: “Әлемге мейірім сыйла!” аталымындағы – шығарма байқауы; “Мейірім әлемді құтқарады!” аталымы бойынша – бейне үндеу байқауы; “Мейірімді істер” атылымына сәйкес – суреттер байқауы.

Ауылдық жерлерде дарынды оқушыларды анықтау, олардың  білім деңгейлерін  арттыру,  қабілеттіліктерін дамыту және қолдау үшін ұйымдастырылған бәйгелердің бірі –  облыстық сырттай “Аламан” олимпиадасы. Математика, физика, химия, биология, география пәндерін қамтыған білім бәсекесінің басты мақсаты – ауылдық мектептерде білім алатын, білім бәйгесінде топ жаратын шын жүйрік, заман талабына сай бәсекеге қабілетті, зияткер әрі дарынды оқушыларды анықтап, олардың білімін шыңдап, дамытуды көздейді.   Осы олимпиадаға  Әйтеке – би ауданынан басқа, 11 аудандық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарындағы 9 класс оқушылары арасынан 142 оқушы қатысып, 38 оқушы жүлдегер атанды.

Сонымен қатар біздің орталық ауылдық жерлерде білім алатын оқушылардың арасында ғылымға деген қызығушылығын арттыру, ізденушілік қызметін дамыту мақсатында  ғылыми жобалар байқауын да ұйымдастыруда. Бұл бағытта Шығыстың ғұлама ойшылы, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр  Әл-Фарабидің  1150  жылдығына орай, ауыл балаларына арналған  облыстық “Шығыс Аристотелі – Әбу Насыр Әл-Фараби” жобалар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фарабидің өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу.

Бұл шара арқылы оқушыларды халқымызға  білімнің,  ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр  Әл-Фараби мұраларынан нәр ағызып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу орындалды. Қатысушылар  “Әл-Фарабидің өмірі мен қызметі”, “Әл-Фараби-Шығыстың ұлы ойшыл-ғалымы”, “Әбу Насыр әл-Фараби – “екінші ұстаз”, “Әл-Фараби және Отырар қаласының тарихы”, “Әл-Фараби және әлемдік өркениет” аталымдары бойынша жобалар қорғады. Бұл байқауға отыз алты оқушы қатысып, 20 оқушы жүлделі орындарға және сегізі мақтау қағаздарына ие болды.

Сонымен қатар, былтырғы желтоқсан айының екінші жартысында Ойыл, Қобда, Темір аудандары арасынан дарынды оқушыларды анықтап, «Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы» дегендей оқушыларды нақты ғылымның шешуі қиын, күрделі де қызықты тапсырмалары арқылы білімдерін шыңдау, логикалық ойлау қабілеттіліктерін дамыту және қолдау мақсатында 7-8 класс оқушыларына арналған  Ғабит Орынбасарұлы Сұлтанов атындағы облыстық математикалық онлайн олимпиадасы ұйымдастырылды. Бұл байқауға Қобда, Ойыл, Темір аудандарынан жиырма жеті оқушы қатысып, 15 оқушы диплом, тоғызы алғыс хат, және үшеуі мақтау қағазымен марапатталды.

Ауыл мектептерінің 5-8 класс оқушылары  арасында қазақ халқының әдет-ғұрыптарын, ұлттық салт-дәстүрін сақтау, дәріптеу, оқушылардың қазақ халқының тарихы, дәстүрлері мен әдет-ғұрыпқа қызығушылығын арттыру мақсатында “Ұлттық салт-дәстүр және әдет ғұрыптар: кеше, бүгін, ертең” тақырыбындағы облыстық сырттай шығармашылық байқауы үш аталым бойынша ұйымдастырылған еді. Бұл байқауға Байғанин, Мәртөк аудандарынан басқа жетпіс оқушы қатысып, 30 оқушыға диплом және бесеуіне мақтау қағаздары табысталды.

Ауыл мектептерінің дарынды балаларын дамыту жұмыстарының бірі –  5-6 класс оқушыларына арналған математика, информатика, жаратылыстану, қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәндері бойынша облыстық кешенді  онлайн олимпиадасы. Көзделген мақсат – ауылдық жерлерде дарынды оқушыларды анықтау, олардың  білім деңгейлерін  арттыру,  қабілеттіліктерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау, оқушылардың білім деңгейлерін арттыру. Кешенді онлайн олимпиада «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндері бойынша түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындауды жүктейді. 

Берілген тапсырмалар логикалық және олимпиадалық сұрақтардан тұрды. Олимпиаданың ережесіне сәйкес бір оқушы 6 пәннен тапсырма орындап, әр пәннен жоғары ұпай жинаған оқушылар арасынан жүлдегерлер анықталды. Бұл байқауға Хромтау ауданынан басқа 106 оқушы қатысты. Ауыл балаларының деңгейлерін арттыру, ауылдық елді мекендерге дарынды және талантты балаларды анықтау және қолдау мақсатындағы “Табиғи ресурстарға үнемділік – болашаққа сенімділік” атты облыстық  онлайн  жобалар  байқауын да айрықша атап айтқанымыз абзал.

Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақтың назарын экологиялық мәселелердің өзекті сұрақтарына  аудару, іс-әрекетті насихаттау және табиғатты тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Қатысушылар табиғат  және табиғи ресурстар,  сарқылмайтын табиғи ресурстар – болашақ кепілі,  қалдықсыз және аз қалдықты технологияны дамыту жолдары, ауылдарды тұрақты дамыту мәселелері, жасыл экономика – ақылды болашақ тақырыптары  бойынша жобалар қорғады. Байқауға Әйтеке би ауданынан басқа елу тоғыз оқушы қатысып, 24-і жүлделі орындарға және оны мақтау қағаздарына қол жеткізді.

Өңірлік орталықтың бастамасымен (17. 02. 2021 ж) ауылдық елді мекендердегі  мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері арасында “Тәуелсіз елдің ұланымыз!” тақырыбында сырттай облыстық сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – ауылдық елді мекендердегі мектепалды даярлық топ балалары арасынан дарынды және талантты балаларды анықтау, қолдау және көркемдік қиялдарын дамыту. Оларды отансүйгіштікке, мәңгілік елдің ұлтжанды азаматы болуға тәрбиелеу. Қатысушылар «Бал – балалық шақ»,  «Ғажайып ертегі әлемі»,  «Менің отбасым» тақырыбында сурет салды.  Бұл байқауда Шалқар ауданынан басқа 177 тәрбиеленушілердің жұмыстары  қаралып, олардың алпыс төрті жүлделі орындарға және 12-і мақтау қағаздарына ие  болды.

Ауылдық жерлерде дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту және қолдау  мақсатында “Туған ауылым-мақтанышым” тақырыбындағы облыстық эссе байқауы ұйымдастырылды. Басты мақсат – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ауыл балалары мен жастардың назарын өзекті әлеуметтік мәселелерге аудару, әлеуметтік-шығармашылық белсенділіктерін, өзін өзі жетілдіру және өзін өзі дамыту қажеттіліктерін дамыту, мектеп жасындағы оқушыларды  әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке, адамгершілікке  тәрбиелеу.

Байқауға аудандық білім бөлімдеріне қарасты жалпы білім беретін мектептердің 7-8 сынып оқушылары қатысты. Сексен жеті оқушының жұмыстары  қаралып, олардың 39-ы жүлделі орындарға және төртеуі мақтау қағаздарын алды. Ауылдық елді мекендердегі дарынды оқушылардың зияткерлік қабілеттерін  анықтау және қолдау мақсатында жалпы білім беретін мектептердің 10 класс оқушылары арасында физика пәнінен облыстық онлайн олимпиадасы ұйымдастырылды. Мақсат – ауылдық  жерлерде дарынды оқушыларды анықтау, қабілеттіліктерін дамыту, қолдау үшін жағдайлар жасау және  оқушылардың физика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, білім деңгейлерін нығайту.

Облыстық  олимпиада  физика пәні бойынша түрлі деңгейдегі есептерді шешу форматында болатын. Осы олимпиадаға елу оқушы қатысып, 21-і жүлделі орындарға екеуі мақтау қағазын лайықдеп танылды. Биылғы сәуір айының 29-ында шығармашылық және көркемдік қиялдарын дамыту, ауылдық елді мекендердегі дарынды және талантты балаларды анықтау және қолдау мақсатындағы облыстық “Менің өлкемнің көктемі” атты сырттай шығармашылық байқауына ауыл балаларын қатыстырдық. Байқау екі аталым бойынша жүргізілді.

 

«Ауылымның көктемі» аталымы –  бейнеүндеу байқауы және «Мен – экоблогермін» аталымы – вайндар байқауы. Байқауға Әйтеке би, Байғанин, Мәртөк аудандарынан басқа жүз бес оқушы қатысып, 64-і жүлделі орындарға және алтауы мақтау қағазын еншіледі. Ұйымшыл ұжым мамандарының ұтымды үйлестіруімен мамыр айының 20-ы күні «Кемеңгер» облыстық онлайн олимпиадасына қатысушы үміткерлердің бәсекелестігі қорытыланды. Басты мақсаты – ауылдық жерлердегі дарынды оқушыларды анықтау, олардың білім деңгейлерін арттыру және қолдау көрсету. Аталған олимпиадаға ауыл мектептерінде білім алатын 8 класс оқушылары қатысып, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері бойынша білімдерін сынға салды.

Нәтижесінде қатысқан барлық 67 оқушының отыз бірі жүлделі орындарға және 6 мақтау қағазына лайық деп танылды. Мемлекет басшысының ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу және оларға қолдау көрсету мен қабілетін дамыту бойынша «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының тарапынан осындай  жұмыстар атқарылуда. Әлі талай жобалар күтілуде.  

Айталан Қуандыққызы ҚАБДЕН,
“Ақтөбе-Дарын ” өңірлік ғылыми
тәжірибелік
қосымша білім беру
орталығы директор орынбасары

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий