Уақытша балалар ұжымындағы білім беру үрдісі

Бала тәрбиесі қазақ халқында қашан да маңызды іс деп саналған. Бір сөзбен айтқанда, тәрбие – ол тағылым. Әр бала тәрбиені өзін қоршаған адамдардың ықпалымен алып жатады. Қазіргі жаһандану заманында баланың бойына рухани-адамгершілік қағидаларын сіңіру мәселелері әр түрлі формада көрініс тауып жатыр. Сондықтан ұстаздардың алдында тұрған жауапты міндет – шәкіртінің жүрегіне адамгершіліктің ұшқынын ұялатып, ұлтының мақтанышы болуына ықпал жасау болып табылады.

Балалардың шығармашылықтарының және өзінің дамуына жағдай жасай отырып, олардың жекелей ерекшеліктерін ескермеу мүмкін емес.  Сол себепті бүгінгі таңда гуманистік педагогика балалар сауықтыру орталықтары қызметінде үлкен маңызға және ықпалға ие. Балалық шақ әлемінде біздің орталыққа келген әр баланың қызығушылығын арттыратын тәрбиелік іс-шаралардың оқушылардың танымының арттыруына, тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпалы бар деп сөзсіз айтуға болады. Оқушылардың уақытша топтарында ауысым бағдарламасы жоспарына сәйкес іс-шаралар, зияткерлік ойындар, этнографиялық кештер ұйымдастырыоуда.  

Сыныптан тыс іс-шараны дайындау барысында мұғалімнің оқушы бойында рухани танымын ашуға жол көрсетуде еңбегі зор. Орталық жұмысының басты мәселесі – баланы үнемі дамыту. Осы мәселені жүзеге асыру баланың таңдау еркіндігі, шығармашылығын ұштау және өзін тұлға ретінде сезіну жағдайында мүмкін. Бала мен жасөсмпірімді лагерь жағдайында сауықтыру, дені сау адам тәрбиелеу мәселесін шешуге бағытталған. Тек физиологиялық емес, баланы психологиялық тұрғыдан да сауықтыру, тәрбиелеу шаралары ең маңызды мақсаттардың бірі.

Балалардың сауықтыру орталығында балаларды тиімді сауықтыруға және тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруға толық мүмкіндігі бар және жүзеге асырылуда. Сонымен, бірінші орынға жасөспірімдердің өмірге деген көзқарасын, ортаға бейімделуін қалыптастыратын тұлғаның негізгі базалық қасиеттерін дамыту қойылады: жауапкершілік; білімге ұмтылыс; табандылық; еңбек сүйгіштік; коммуникативті дағдылар және тағы да басқалар бойынша.  Балаларды сауықтыру орталығы жағдайында балалардың бос уақытын ұйымдастыру көзделген, олардың жеке қызығушылықтарын қанағаттандыратын, жаңа тенденцияларды ескере отырып, қазақи болмыс пен елжандылықты, адами құндылықтарды қатар ұғындыра білетін іс-шаралар алғашқы орында.

Тәрбие жүйесі тұлғаны тәрбиеленуші және педагог ретінде өзін-өзі жарату жағдайларын тиімді ұйымдастыру мақсатында құрылады, сондай-ақ, олардың  әлеуметтік-психологиялық қорғанысы болып табылады. «Балдәурен» – бұл тек қана оқу-сауықтыру орталығы ғана емес, бұл педагог кадрларды дайындау мекемесі, қазіргі заманға сай тәрбие жұмысының іс-тәжірибелерін қолданудың, дайындаудың ғылыми-әдістемелік базасы. Бірегей орталықтың базасына келушілер республикалық олимпиадалар мен семинарларға, конференцияларға қоса тренингтерге белсене қатыса алады. 

Бүгінде республикалық оқу-сауықтыру орталығы жасөспірімдерге білім мен тәрбие беру институты және әр түрлі шығармашылық, интеллектуалдық, сауықтыру түріндегі іс-шараларды ұсынатын әмбебап кешен. Бұл іргелі ұжымда балалар мен жасөспірімдердің толыққанды белсенді демалуына барлық жағдай жасалған. Салауатты өмір салтын сақтау, үнемі табиғатпен күнделікті қарым-қатынаста болу мүмкіндігі, әлеуметтік өмірге бейімделу, ұжымда өзін-өзі мәдениетті ұстау, олардың ішкі жан дүниесін ашуларына мүмкіндік берілген.

Қазақстандық «Артек» – балалар арманының нағыз қонақжай сарайы. Балаларды сауықтыру мен демалыстарын ұйымдастырумен қатар бұл орталықта жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістерді қолдану арқылы «бала тәрбиесі» мәселесі шешілуде. Қысқаша мерзімдегі ұжым болғандықтан, әр жиырма күн сайын жаңа демалушыларға педагог мамандары бейімделіп, кәсіби құзіреттіліктерін шыңдау арқылы рухани тәрбие беруде. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалімге көмекші құрал – балалар арасындағы жаңа тенденциялардың таралуы.

Білікті маман баланы қызығушылығынан айырмай, керісінше, оларды өз пайдасына қолдана біледі. Орталық мамандары – қазіргі таңдағы әлеуметтік желілер мен қосымшалардың белсенді қолданушылары. Өзгерістерге толы жаңа заман тың әрі пайдалы шешімдерді талап етеді. Ауысым балаларымен бірге орталық педагогтері тақырыптарға сай челлендждер мен видеороликтер, марафондар Instagram, Vkontakte, TikTok әлеуметтік желілеріне жиі түсіріп жариялауда. Бұндай контент тек қана түсірген орталықтағы демалушы балалармен ғана емес, бұдан да ауқымды аудиториямен жұмыс істеуге, біршама балаларды қамтуға мүмкіндік береді.

Алтынай Айтқожаевна КУЛЬМАГАМБЕТОВА,
“Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру

орталығының тарих пәні мұғалімі, 
Сания Ерлановна ШАЙДУЛЛОВА,
“Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру

орталығының  ағылшын тілі пәні мұғалімі,
Алматы облысының Қапшағай қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий