Педагогикалық тәжірибе: Білім жетілдіру мен дамыту жолы

Бүгінгі күні педагогтар үшін өзара кәсіби тәжірибелерін таныстыру, өз қызметтерін талдау және сараптау  өте маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Тиімді педагогикалық тәжірибені жинақтау – педагогтің өзіндік тәжірибесін тарату және өзін-өзі жетілдірудің бір түрі болып табылады.  Сондықтан да  қазіргі уақытта педагогтерге өзінің педагогикалық қызметін шығармашылық тұрғыдан талдау әдістемесі, тәжірибесіне сырт көзбен қарау маңызды болып отыр. «Өрлеу» БАҰО» АҚ «СҚО бойынша ПҚ БАИ» филиалы  дәстүрлі түрде облыс педагогтері үшін «Білім беру ұйымдары педагогтерінің тиімді тәжірибесін жинақтау технологиясы» тақырыбында семинарларды жиі өткізуде.

Жалпы тиімді тәжірибені таратып, жинақтауға пән мұғалімдерімен қатар бастауыш сынып, музыка, технология, көркем еңбек және дене шынықтыру мұғалімдері және  педагог-психолог, әлеуметтік педагогтер мен мектепке дейінгі ұйым педагогтері де қатыса алады. Тиімді педагогикалық тәжірибені жинақтап, тарату барысында ұстаздар үш күндік семинарға қатысып білім беру ұйымдарындағы нормативтік құжаттар, пәнді оқыту бойынша құзыреттіліктерін жетілдіретін дәрістер арқылы білімдерін дамытып отырады.

Семинар аясында педагогтердің тиімді тәжірибені  жинақтауға мұғалімнің психологиялық дайындығы, тәжірибені жинақтау түрлері, педагогикалық қызметтің нәтижелері бойынша мақалалар және жинақтар, авторлық бағдарламалар,  ұсынымдар, оқу-әдістемелік құралдарды дайындаудың заманауи тәсілдері мен портфолио педагог қызметін бағалау критерийлері. Портфолионы дайындаудың әдістемелік талаптары төңірегіндегі мәселелер бойынша дәріс, тренинг, тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар педагогтер семинарда тиімді педагогикалық тәжірибенің мәні, зерттеу және қолдану, тиімді инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау технологиясы және қашықтан оқыту форматындағы бейнесабақтар  дайындаудың әдістемелік ерекшеліктері аясында тәжірибелік жұмыстармен айналысады. Ал тренингтер барысында педагогтер үшін маңызды сұрақтар талқыланады: Тәжірибе дегеніміз не? Қандай тәжірибе тиімді болып табылады? Тиімді педагогикалық тәжірибені жинақтаудың  критерийлері қандай?

Аталған сұрақтар арқылы педагогтер өзара тәжірибе алмасып,  жас мамандар мен тәжірибелі ұстаздардың тиімді жұмыстарын байқауға үлкен мүмкіндіктерді көре алудамыз. Семинарға қатысушылар тәжірибені жинақтаудың бірнеше түрлерін қарастыра отырып, өз педагогикалық қызметтерінің тиімді тұстарын шығармашылық бағытта әзірлейді және басқа әріптестермен өзара тәжірибе алмасу бағытында тәжірибелерімен бөліседі. 

Мысалы, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі Петропавл қаласындағы «Ақ бота» балабақшасының Абилова Алтын мектепке дейінгі балалардың денсаулығын нығайту үлкен жәрдем беретін музыкалық – ритмитикалық ойындар төңірегінде, № 13 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сапарбекова Алия «Имаготерапия» (лат. imago – бейне) – түзету мақсатында нақтылы бейнелерді қайта жаңғыртудағы адамның жаттығуына бағытталған психотерапиялық әдісті оқыту үдерісінде қолдану қадамдарын ортаға салды.

Жамбыл ауданы Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беру мектебініңі бастауыш сынып мұғалімі Биисова Эльмира белсенді әдіс-тәсілдерді оқыту барысында тиімді қолданысқа енгізудің ұтымды жолдарымен бөлісіп бейнеролик арқылы шығармашылық қабілеттерін таныта алды. Семнар мазмұны бойынша жалпы педагогтер өздерінің тиімді тәжірибелерін ұсыну жолдарын тек қана жеке жұмыстар арқылы ғана емес, топтық, жұптық немесе бір мектептегі мұғалімдер бірлесе көрсетуге үлкен мүмкіндіктер беріліп отыр.

Соның дәлелі Есіл ауданы Тауағаш орта мектебінің математика, информатика, дене шынықтыру, көркем еңбек және алғашқы әскери технологиялық дайындық пәдерінің мұғалімдері бірлесе «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, алған білімдерін өмірде қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың шығармашылық қабілетін анықтау мақсатында қандай іс-әрекеттер атқардық? деген  сұрақтарды өзара диалог құру арқылы бейнероликтерін ұсынған.

Бұл біріншіден, мектеп мұғалімдерінің ынтымақтаса жұмыс атқаратындықтарын көрсетсе, екіншіден,  қандай да бір өзекті мәселені бірлесе шеше алатындықтарын байқатты. Осы дөңгелек үстел барысында ұстаздарымыз өз тәжірибелеріндегі оқушылардың жұмыстарын, пайдаланылған әдіс-тәсілдерді, оқушылардың жетістіктерімен қатар өздерініңде шығармашылық қабілеттерінің қандай деңгейде екендіктерін дәлелдей түсті. Осындай өздерінің тиімді тәжірибелерін ұсыну арқылы кез келген педагог өзінің шығармашыл, құзыретті және ақпараттық сауаттылықтарын да шыңдай түсері сөзсіз.

Семинар соңында «Өрлеу» филиалының басшысының атынан әріптестерімізге семинарға қатысқаны үшін куәлік және тиімді тәжірибелерін өте жоғары деңгейде орындағандары үшін тиімді тәжірибесін жинақтап, таратқаны үшін сертификатқа ие болады. Әрине бұл құжаттар педагогтер үшін өте маңызды себебі, осы құжаттар негізінде өз санатын көтеруге қажетті екендігін атап өткім келеді.  Жалпы еминарды қорытындылауға бағытталған үшінші күні рефлексия барысында қатысушылар  өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау және шығармашылық тұрғыдан өзектендіру, жетістіктерін әдістемелік тұрғыдан жүйелеу  мен  оларды әрі қарай  жүзеге асырудың қадамдарын анықтауға мүмкіндік болғанын айрықша атап айтқан абзал.

Гүлзат Кенжебекқызы ӘЛЖАНОВА,
“Өрлеу» БАҰО” АҚ филиалы “СҚО ПҚ БАИ”
аға оқытушы, педагогика ғылымдарының
магистрі, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий