М.Х.Дулати университеті: Жоғары білім және сапалы кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері (бейне жазбалар)
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жоғары білім және сапалы кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері» тақырыбы аясында брифинг ұйымдастырылды. Жиын барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті басқарма Төрағасы – Ректорының міндетін атқарушы Ержан Әмірбекұлы білім беру бағдарламаларындағы оң өзгерістермен және тың жаңалықтармен бөлісті, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.
Дулати университеті академиялық саясаты кадрларды даярлауда жүйелі тәсілді іске асырып, даму басымдықтарын өзгерістерге, инновацияларға және тәжірибеге бағдарлануға негізделген. Білім беру қызметінің сапасын арттыру шеңберінде білім беру бағдарламаларының қоғам сұранысына сай дайындалуы басты фактор екендігі анық. Университетте бас-аяғы 230-ға жуық ББ бойынша маман даярланады. Соңғы деректерге сәйкес, бүгінгі таңда 36 бағдарлама университет өтініші негізінде реестр тізімінен сызылды (сұраныстың төмендігіне байланысты).
Өңірлік мәселелерді шешуде университет ғылыми зерттеулер мен қажетті ресурстарға аса ден қойып отыр. Университетте инновациялық құзыреттер мен кәсіпкерлік дағдыларды арттыру бойынша бірқатар ірі жобалар жүзеге асуда. Университеттің академиялық дербестігін кеңейту мақсатында өзіндік үлгідегі құжаттарды әзірлеу және цифрлық трансформацияны жүйелі жүргізу қолға алынды. Бұл жаңа тұрпатты кәсіби маман тәрбиелеу аса қажетті элементтердің бірі.
Сондай – ақ, университетте түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесіне де үлкен басымдық беріледі. 2020 жылы жұмысқа орналастыру көрсеткіші орташа есеппен 77% – ды құрады. Бұл ретте университет барлық түлектің өңір талап ететін мамандықты игеріп, жұмыспен қамтылуына мүдделі. Дулати Университетінде 16766 білімгер оқиды. Оның ішінде халықаралық ынтымақтастық аясында сегіз елден келген 1841 шетелдік студент білім алуда. 648 адам магистратурада, 48 адам докторантурада оқиды.
Сонымен қатар Ержан Әмірбекұлы осы жылдың қыркүйек айынан бастап профессор-оқытушылардың еңбек ақысының көтерілетінін айтты. Сонымен ең төменгі еңбекақы мөлшері 200 мың тг құраса, ал профессор оқытушылардың еңбекақысы 350 мыңнан кем болмайтынын және педагогикалық жүктеме 680 сағаттан аспайтындығы нақтыланды. Бұл жағдай оқытушылардың өз бетінше сабаққа дайындалуларына, ғылыммен айналасуына, біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Оқытудың заманауи әдістерін қолдану үшін университеттің материалдық-техникалық базасы толық мүмкіндік береді. Замануи үлгідегі оқу ғимараттарында қажетті ресурстар, оқу зертханалары, жатақханалар, медициналық пункттер, спорттық кешендер белсенді жұмыс атқарады. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында университетте инновациялық әлеуметтік жобалар, зияткерлік және шығармашылық байқаулар, дәстүрлі және виртуалды көрмелер жүргізіліп келеді. Сындарлы қоғам – тұрақты, сапалы білім беру жүйесіне мүдделі екендігі сөзсіз. Сондықтан, DULATY университеті жан-жақты перспективаларды жатсынбай қабылдайды және өзінің функционалды міндеттерін сауатты жүзеге асырады! Министрліктің кадрларды даярлау сапасын арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Дулати университетіндегі академиялық саясат кадрларды даярлауда жүйелі тәсілді іске асырып, даму басымдықтарынөзгерістерге,инновацияларға және тәжірибеге бағдарлануға бейімдеп отыр.
Білім беру қызметі АРТА (Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің) және БСҚА (Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік) агенттіктерінде аккредиттеу рәсімдерінен сәтті өткен 225 білім беру бағдарламалары (ББ) бойынша жүргізіледі. Оның ішінде бакалавриаттың 115 ББ, магистратураның100 ББ және PhD докторантураның 10 ББ және басқа шет мемлекеттермен бірлесіп 3 қосдипломды ББ жүргізіліп отыр. Білім беру бағдарламаларының тиімділігін мониторингтеу негізінде 36 қайталанатын және рентабельді емес ББ тізілімінен алып тасталды. Түлектердің қажеттілігін арттыру үшін қосымша Minor бағдарламалары қарастырылған: экономикалық ББ үшін «Ақпараттық технологиялар (IT)»; қалған ББ үшін – «Кәсіпкерлік және басқару».
Эразмус + жобасы аясында техникалық және технологиялық бағыттағы барлық магистрлік білім беру бағдарламаларының жұмыс оқу жоспарларына «Инженерлерге арналған кәсіпкерлік» курсы енгізілді. Университетте мамандар даярлау сапасын растайтын маңызды көрсеткіштің бірі QS EECA 2020 өңірлік рейтингінің ТОП 301-350-ге кіруіболып табылады, сондай-ақ Ares-2020 Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасының жоғары халықаралық рейтингісі бойынша Дулати университеті соңғы бес жыл ішінде позицияларын 25 тармаққа жақсарта отырып, Қазақстан Республикасының 95 жоғары оқу орындарының арасында А + санаты бойынша сегізінші орынды иеленді.
Директорлар Кеңесінде бекітілген штат саны 2 374 бірлікті құрайды. ПОҚ жалпы саны барлығы – 1009 адамды құрайды. Университеттің төрт ғалымы жыл сайын өтетін «ЖОО үздік оқытушысы – 2020» байқауының жеңімпаздары атанды. Кадрлық инновация штат кестесіне зерттеуші-профессор лауазымын қосу болып табылады. Оның жұмысы зерттеу жобаларын іске асыруға, аудиториялық жүктемені төмендету есебінен жас ғалымдарға тәлімгерлікке бағытталатын болады.
Екі университеттің бірігуі нәтижесінде, сәйкесінше, қызмет бағыттары бірдей ӘБП-ның (Әкімшілік-басқару персоналы)20 штаттық бірлігін қысқарту арқылы штат оңтайландырылды. Басқару құрылымы мен бизнес-процестерді цифрландыру және оңтайландыру негізінде қайталанатын немесе артық бөлімшелер мен штатты 100 бірлікке дейін қысқарту күтілуде. Университетте білім алуда: бакалавриатта – 16766 студент. 1841 шетелдік студенттер.Университетте 8 шет мемлекеттен шетел азаматтары білім алуда. магистратурада – 648 адам. PhD докторантурада-мемлекеттік тапсырыс бойынша 48 адам.
2020-2021 оқу жылында 42 студент жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарының иегерлері атанды. 2020 жылы педагогикалық университет базасында оқу қызметін ынталандыру және академиялық үлгерімді арттыру мақсатында, дарынды және талантты студенттерді қолдап, студенттердің волонтерлік қызметін дамыту және мектептің үздік түлектерін педагогикалық қызметке тарту үшін ай сайын 100 студентке 10 АЕК мөлшерінде арнайы стипендиялар тағайындалды.
Университетте 2182 білім алушыға әлеуметтік қолдау көрсетіледі, оларға 15-тен 100% – ға дейінгі мөлшерде оқу ақысына 185 миллион теңгеден астам сомаға жеңілдіктер беріледі. Заманауи сын-қатерлер өндіріс пен іскерлік ортаға бағытталған ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге ресурстардың шоғырлануымен өңірлік мәселелерді шешуде ғылым мен техниканың жаңа рөлін анықтайды.2020 жылы 22500 АҚШ доллары сомасына қаржыландыру шеңберінде «Өзбекстанның бұрынғы Арал өңіріне назар аудара отырып, Орталық Азияда жерасты суларын тұрақты дамыту үшін институционалдық әлеуетті дамыту» жобасын іске асыру басталды
Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру шеңберінде ғалымдар қырықтан астам жобаны мәлімдеген, оның ішінде қаржыландырудың жалпы көлемі 200 млн.теңгеден асатын 6 жоба іске асырылуда, сондағы5 жобапедагогикалық бағыт бойынша. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсында жас ғалымдар үшін PhD докторы А.Кабдушевтің «Дифференциалдық қасиеттері бар тампонаждық ерітінділерді әзірлеу»жобасын үздік деп таныды.
Университетте инновациялық құзыреттер мен кәсіпкерлік дағдыларды арттыруға, өмір бойынатұрақты даму үшін оқытуға, инновациялық әзірлемелерді пайдалану негізінде компьютерлік жүйелер мен желілерді қорғау үшін бакалаврлар мен магистрлерді электронды оқытуға бағытталған Erasmus+ 3 халықаралық жобасы табысты іске асырылды. 2020 жылы университет ПОҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институтынан 24 қорғау құжатын алды. Оның ішінде пайдалы модельдерге 20 патент және 4 авторлық куәлік бар.
2021 жылы университет пайдалы модельге 1 патент және авторлық құқыққа құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 4 куәлік алды. Ағымдағы оқу жылында университетте үш бағыт бойынша республикалық онлайн пәндік олимпиадалар өткізілді. Аталған олимпиадаларға ҚР 28 ЖОО студенттері қатысты. Сонымен қатар, біздің университеттің студенттері 3 халықаралық және 30 Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысты. Қатысқан студенттердің 12-сі олимпиада жүлдегерлері атанды.
Университеттің академиялық дербестігін кеңейту, біріншіден, институттарға: «Ұстаз» және «Су шаруашылығы мен табиғат құрылысына» автономия беруге негізделетін болады. «Ұстаз» институтының өңірлік университет құрылымындағы автономиясының негізгі компоненттері – профессорлық-оқытушылар құрамы мен кадрларды тәуелсіз іріктеу, білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде Кеңестер мен сапа комитеттерінде алқалы шешім қабылдау, білім беруді қалыптастыру штат кестесі және оқытушылар құрамының академиялық жүктемесі болып табылады.
Екіншіден, пәндердің бір бөлігін, оның ішінде ЖБП циклінің пәндерін қашықтықтан оқыту форматына ауыстыра отырып, аралас оқыту нысанын енгізу. Үшіншіден, ЖБП пәндерінің мазмұнын және ЖОО компонентін заманауи кадрларды даярлау бағытында қайта өңдеу. Атап айтқанда, студенттер тарапынан практикалық қызығушылықты арттыру үшін қолданыстағы «Философия» курсын «Білім философиясына», «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын» «Қазақстанның жаһандық мәселелері мен даму перспективаларына» және тағы да басқа қайта құру көзделіп отыр.
Төртіншіден, студенттерді шетелдік жоғары оқу орындарынан ауыстыру бойынша талаптарды күшейту. Бесіншіден, өзіндік үлгідегі құжаттарды әзірлеу және жазу форматын аудару, дипломдық жұмыстарды цифрлық форматқа қорғау. Алтыншыдан, басқаруға зияткерлік технологияларды енгізу негізінде барлық процестерді цифрландыру. Түлектерді жұмысқа орналастыру. 2020 жылы жұмысқа орналастыру көрсеткіші 66% – ды құрады. Университет Бос орындар жәрмеңкесін өткізді, онда жұмыс берушілер ENBEK.KZ сайтында орналастырылған 574 бос жұмыс орнын ұсынды.
Бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 100-ден астам түлектермен жұмысқа орналастыру бойынша шарттар жасалды. Қазіргі уақытта 1181 бос жұмыс орны келіп түсті, оның ішінде Тараз қаласы мен Жамбыл облысының ғана емес. Жамбыл облысы бойынша 151 бос жұмыс орны тіркелді. Педагогикалық бағыт бойынша 433 бос жұмыс орны ұсынылды. 2020-2021 оқу жылында педагогикалық бағыттағы жоғары курс студенттері цифрлық ассистент ретінде білім беру мекемелеріне практикаға жіберілді.
2021 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 2384 түлек (959-педагогикалық, 1425-техникалық және т. б.) оқуын тәмамдайды. Университет білім беру жүйесінің трендтеріне сәйкес одан әрі табысты даму мақсатында дәстүрлі түрде түлектердің талап етілу деңгейін зерттейді. Сондай-ақ тұрақты негізде оқытушыларға, студенттерге, түлектерге, магистранттарға және басқа респонденттерге сауалнама жүргізеді.
Сауалнамаларды талдау кезінде түлектердің құзыреттілік деңгейін объективті бағалау үшін Түлектің осы ұйымдағы жұмыс фактісі ескеріледі. Жұмыс берушілер жалпы түлектердің бәсекеге қабілеттілігін «жоғары» (4 балл) деп бағалайды, бұл кәсіби құзыреттер мен «жұмсақ» дағдыларға да қатысты. МТБ (Материалдық-техникалық база). Университетте жалпы ауданы 136000 шаршы метрді құрайтын 22 оқу ғимараты бар. (97,913,98 ш.м. оқу алаңы), жалпы алаңы 16621,3 ш.м. болатын 4 студенттік жатақхана, 1335 орынға заманауи жабдықтармен және өлшеу құралдарымен жабдықталған 127 оқу зертханасы бар.
Сонымен қатар ЖОО-да 9 спорт кешені, студенттердің бос уақытын ұйымдастыру үшін Жастар сарайы, «Жасөркен» спорттық-сауықтыру лагері, «Жастар әлемі» орталығы, асханалар, дәмханалар мен буфеттер бар. Оқу үрдісінде 146 интерактивті тақта және 80 компьютерлік сынып, 2300 Интернетке қол жетімді заманауи компьютерлер қолданылады. 2020-2021 оқу жылына университеттің материалдық-техникалық базасын дамыту кестеде келтірілген және жалпы сомасы 241 458,14мың теңгені құрады.Ағымдағы 2021 жылдың соңына дейін жарақтандыруға 264 750,00 мың теңге сомасында шығыстар жоспарланып отыр.
2020-2021 оқу жылында университет кафедралары үшін жалпы сомасы 44 167,54 мың теңгеге зертханалық жабдықтар сатып алынды. Педагогикалық білім беру бағдарламалары үшін ақысыз негізде 20-дан астам мамандандырылған оқу аудиториялары мен орталықтарын ашуға арналған жабдықтар алынды. 2019 жылдың басында жалпы ауданы 8 947,40 м2 болатын 500 орындық жаңа 5 қабатты студенттік жатақхананың құрылысы басталды. Консорциум-шарт «ПИКО» ЖШС құрылыс компаниясымен жасалды. 2020 жылы күрделі жөндеу сомасы 533 684,0 мың теңгені құрады.
2020 жылы жалпы сомасы – 257 549,21 мың теңгеге университеттің оқу корпустарына жатақханаға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Ағымдағы жөндеу түрлері – стадионның жүгіру жолының үй-жайларын, спорт алаңын жөндеу, қасбетті, дәліздер мен баспалдақ марштарын, санитарлық тораптарды, оқу корпустарының шатырларын жөндеу. 2020 жылы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының жалпы сомасы – 791 233,21 мың теңгені құрады.
2020-2021 оқу жылына арналған университеттің негізгі құралдары:
№ |
Наименование |
Приобретено в 2020 году |
Приобретено в 2021 году |
ВСЕГО приобретено в 2020-2021 учебном году |
План приобретения до конца 2021 года |
|
(сумма, тыс.тг.) |
(сумма, тыс.тг.) |
(штук) |
(сумма, тыс.тг.) |
(сумма, тыс.тг.) |
||
|
ВСЕГО: |
235 017,74 |
6 440,40 |
27 530 |
241 458,14 |
264 750,00 |
1 |
Литература |
12 928,40 |
|
19 804 |
12 928,40 |
20 000,00 |
2 |
Безвозмездно полученная литература |
19 768,50 |
|
6 327 |
19 768,50 |
|
3 |
Спортивный инвентарь |
2 177,00 |
|
2 |
2 177,00 |
310,00 |
4 |
Мебель |
13 956,70 |
96,00 |
687 |
14 052,70 |
23 649,00 |
5 |
Компьютеры |
68 550,00 |
3 775,50 |
200 |
72 325,50 |
54 100,00 |
6 |
Сервер |
37 320,00 |
|
6 |
37 320,00 |
7 000,00 |
7 |
Оргтехника |
16 360,50 |
|
120 |
16 360,50 |
17 281,00 |
8 |
Прочее оборудование |
14 096,00 |
1 685,40 |
88 |
15 781,40 |
16 380,00 |
9 |
Транспортные средства |
6 576,60 |
|
1 |
6 576,60 |
|
10 |
Лабораторное оборудование |
37 324,70 |
883,50 |
49 |
38 208,20 |
126 030,00 |
11 |
Безвозмездно полученное лабораторное оборудование |
5 959,34 |
|
246 |
5959,34 |
|
Оқытудың заманауи әдістерін қолдану. Университет ЖАОК (Жаппай ашық онлайн курстары) құру және пайдалану бойынша жобаларға қатысады, желілік түрде білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру Консорциумының мүшесі болып табылады. EDX негізінде жеке платформа құрылды http://moocs.tarsu.kz/, онда білім алушының жеке басын сәйкестендірумен 24 жаппай ашық онлайн курстар орналасқан. Қазақстанның ашық білім берудің ұлттық платформасымен 5 жыл мерзімге шарт жасалды, онда 2 курс ашық қолжетімділікте орналастырылған.
Цифрлық трансформацияның маңызды құрамдас бөлігі оқыту курстары шеңберінде университет оқытушылары мен қызметкерлерінің цифрлық дағдылары мен құзыреттілігін дамыта отырып, қашықтықтан білім беру технологиялары болып табылады (слайдты қараңыз). Нәтижесінде 1.09.2020 ж.ЖББП циклінің пәндері бойынша бейне-дәрістердің толық жинақтары (223 бейнедәрістер) әзірленді. Бейне материалдар Youtube видео хостингінде қашықтықтан оқыту білім беру арнасында орналасқан.
Университеттегі оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару платформасы университетпен патенттелген «Сириус» АСУО бағдарламалық өнімі болып табылады. Университеттің LMS үнемі кеңейіп келеді, үздіксіз жұмыс істейді және толығымен веб-режимге ауысады. LMS негізінде ЖОО мониторинг пен есептіліктің тиімді жүйесін құрды. 2020 жылы процестерді қағазсыз жүргізуге көшу және цифрландырудың жаңа тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың»жаңа модулі енгізілді, ведомостармен жұмыс істеудің толық автоматтандырылған процесі іске қосу сатысында тұр.
Орта мектептердің барлық жерде қашықтан оқыту форматына көшу жағдайында студенттердің электрондық портфолиосының көмегімен педагогикалық практикадан өту тәжірибесін пайдалану өте перспективалы және өзекті болып табылады. Әр түрлі SMART-құралдармен студенттердің кәсіби тәжірибесінен өту үшін электрондық портфолио жобасын жүзеге асыру еңбек нарығында студентті бәсекеге қабілетті ететін және жұмыс берушілер қауымдастығы үшін ашық ететін түлектердің профильдерін, алған құзыреттерін барынша тартымды етуге мүмкіндік береді.
Кафедралардың оқу және ғылыми-зерттеу зертханалары үнемі заманауи жабдықтармен және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталады, университетте 127 мамандандырылған зертханалар бар, олардың ішінде Cisco желілік зертханасы, мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау және күрделі жөндеу жөніндегі ірі зертханалық тренажер-имитатор және басқалар бүгінде карантин жағдайында олар практиканы ұйымдастырудың қағидатты жаңа форматы үшін негіз болды.
Бүгінгі таңда оқу процесінде 3 кешенді виртуалды зертхана, сондай-ақ университет оқытушылары әзірлеген 100-ден астам виртуалды зертханалық жұмыс белсенді қолданылады. Бұдан басқа, осындай сабақ түрін көздейтін барлық пәндер бойынша зертханалық стендтерді трансляциялау мүмкіндігі техникалық және ұйымдастырушылық тұрғыда іске асырылған. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің30 жылдығын мерекелеу аясында университетте инновациялық әлеуметтік жобалар, зияткерлік және шығармашылық байқаулар, дәстүрлі және виртуалды көрмелер іске асырылады.
Университеттің 2020 жылғы инновациялық жобасы –«Visit TARAZ» танымдық бағдарламасы университет бюджеті есебінен қаржыландырылды. YouTube арнасының жазылушылары мен ресми беттер үшін орташа ұзақтығы 5-6 минут болатын 16 танымдық бағдарлама және ұзақтығы 1 минут болатын 24 қысқа бейне ұсынылады. Университеттің YouTube-арнасында ағылшын тілінде 16 серия шығады. Танымдық бағдарламаны көрсету Жергілікті Jambyl TV және Taraz24 телеарналарында да жүзеге асырылады.
Университеттің 2021 жылғы маңызды жобасы «Дәстүрім-асыл қазыным»жаңа танымдық – имидждік әлеуметтік жобасы болып табылады. Жобаның мақсаты патриоттық, рухани және эстетикалық тәрбие беру, халықтық мәдени дәстүрлерді, қолөнерді, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жаңғырту, сақтау және жас ұрпаққа беру болып табылады. Жобаны іске асыру аясында әлеуметтік желілерде көрсету үшін 30 бағдарлама түсіру жоспарлануда.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 2021 жылы іске асырылатын маңызды жоба-балаларға арналған зияткерлік ойындарды дамыту. «Ұлы дала ұрпағының ұлттық бірлігін сақтауда Асық ойындарын пайдалану» өнімі таныстырылды. Университет сондай-ақ «Рухани жаңғыру» жобасының аясында патенттелген «Қазақ шаңырағы» инновациялық-танымдық ойынның WEB-қосымшасын іске қосты (qaz-sh.tarsu.kz). онлайн-форматта ойнау мүмкіндіктері қарастырылуда, «Қазақ шаңырағы» ойынының мобильді нұсқасы әзірленуде.
2019 жылы әзірленген Жамбыл облысы этностарының интерактивті картасы үнемі толықтырылып отырады. «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы жұмысының қорытындысы бойынша 2021-2022 жылдарға «Өнер» баспасы арқылы Б.Момышұлының шығармашылығына арналған 10 томдық кітап (31,32,33.34,35,36,37,38,39,40 том) шығару көзделіп отыр. Ағымдағы 2021 жылы 31, 32 томды шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы шеңберінде 2021-2022 жылдары «Тәуелсіздік кезеңіндегі Жамбыл облысының тарихы (1991-2021)» зерттеуін іске асыру жоспарлануда.
Загрузка...Жалпы университет 2020 жылдың қорытындысы және 2021 жылдың аралық нәтижелері бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген іс-шаралардың саны мен ауқымы бойынша Жамбыл облысында көшбасшы болып табылады. Академиялық артықшылық орталығы. Су шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі саласында академиялық артықшылық орталығын құру көзделуде. «Атамекен» ҰКП, Жамбыл облысы құрылып жатқан зертханалардың 8 бағыты мен атауын мақұлдады және бекітті (су ресурстары, аграрлық модельдеу және бизнес жоспарлау, ирригациялық технологиялар, су сапасы, STEAM құрылыс материалдарын сынау зертханасыматериалдар мен жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының сапасы, тамақ өндірісінің ғылыми-зерттеу зертханасы, тілдер, тестілеу және халықаралық сертификаттау орталығы).