Ардагер ұстаздарға тағзым

Друзья! Мы продолжаем публиковать материалы в рубрике «30 лет независимости: 30 имен, 30 событий истории образования».

Сегодня наше внимание обращено на отечественную систему повышения квалификации, насчитывающую более 70 лет своей биографии, в которой на разных этапах жизни Казахстана ковался успех подготовки педагогических кадров к реформам в системе образования.

Мы размещаем уникальный материал нового формата «Ардагер ұстаздарға тағзым» – это очерки директоров филиалов АО «НЦПК «Өрлеу» о директорах Институтов повышения квалификации педагогических работников, сохранивших систему в тяжелые 90-е годы, современниках ее перестройки, а в дальнейшем обогативших систему повышения квалификации педагогов новым содержанием!

Мы благодарим коллег-өрлеуцев за инициативу и предлагаем вашему вниманию 13 очерков о ярких личностях – директорах г. Алматы, Акмолинского, Актюбинского, Атырауского, Восточно-Казахстанского, Западно-Казахстанского, Карагандинского, Костанайского, Кызылординского, Мангистауского, Павлодарского, Северо-Казахстанского институтов повышения квалификации, а также института повышения квалификации руководящих и научно-педагогических кадров, возглавлявших организации в период 1992-2012 гг., до создания системы «Өрлеу».

 

Роза АШИМБЕТОВА, Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры, филология ғылымдарының кандидаты:

– 1996-2005 жылдар арасында Павлодар облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтын Темірбай Ережепбайұлы Дайкенов басқарды. Өз қызметінде Темірбай Ережепбайұлы қазақ мектептеріндегі сапалы білім беру мен оқутәрбие жұмысын ұйымдастыруда халықтық педагогиканы басшылыққа алу мәселелеріне басты назар аударатын. Сол жылдары орыстілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне деген қажеттілік пен сұраныс туды. Бұл мәселені шешу үшін 1998 жылы Т.Е. Дайкенов Павлодар облысында алғаш рет орыстілді мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін дайындайтын екінші жоғары оқу орнын ашты.

Авторлық курстар, семинарлар ұйымдастырып, авторларға оқулықтар мен оқуәдістемелік кешендерді сараптауға көмек жасауда біліктілікті арттыру институты нәтижелі істер атқарды.

Т.Е. Дайкеновтың авторлық, ғылыми жетекшілігімен шыққан жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған бағдарламалар мен оқулықтар дүниеге келді. 1999-2004 жылдары эксперименттік сынақ кезеңінен сәтті өтіп, экономикалық білім негіздері бойынша оқу-әдістемелік кешендер қолданысқа енгізіле бастады. Сол тұста институтта мектеп оқушыларының ғылыми жобалар конкурстары мен пән олимпиадалары ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды.

2002 жылы Павлодар ПҚ БАИ қызметкерлерінің авторлық ұжымы (Дайкенов Т.Е., Пантелеева Т.А., Криворучко В.А.) 8-9 сынып оқушыларына арналған «Павлодар облысының физикалық географиясы», «Павлодар облысының экономикалық географиясы» электрондық оқулықтарын әзірледі. Осы жылы Т.Дайкенов пен Н.П. Сеременконың жетекшілігімен шағын жинақты мектептерді басқару зертханасы және ұжымдық оқу сабақтары негізінде жаңа білім беру тәжірибесін құру мақсатында облыстық инновациялық кешен ашылды.

9-сыныптан басталатын «Информатика» пәні бойынша жаңа оқулықтар дайындалды. Тыңдаушыларды оқытуда жаңа көзқарас және жаңа тұрғыларды енгізу сандық технологияларды пайдалану арқылы білім беру контетін жобалау қолға алынды.

2000 жылы Павлодар қаласында облыстық білім мұражайы ашылды. Республика бойынша тұңғыш болып ашылған институттың мұражайы Павлодар облысы білім саласының тарихы мен даму кезендерін, маңызды тұлғаларын, естелік фотогалереясын ұйымдастыруы да Дайкеновтың игілі істерінің қатарында. Бүгінгі таңда мұражай Ертіс өңірі педагогтерінің іс-тәжірибелерін насихаттау жұмыстарымен бірге институттың ақпараттық, білім беру ресурсы ретінде қызмет атқаруда.

 

Нина СТУКАЛЕНКО, директор филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по Акмолинской области», доктор педагогических наук, профессор:

– Высокий командный дух – это всегда результат целенаправленной работы руководителя, который не только обладает должным профессиональным уровнем, но и проявляет заботу о каждом своем сотруднике, поддерживает в них чувство взаимопомощи. Такой, по рассказам коллег, и была Мукашева Фаина Ешмухановна, директор института, представитель династии педагогов, обладатель нагрудных знаков «Қазақ ССР-нің үздік ағартушысы», «Еңбекері», «Почетный работник образования Республики Казахстан», медали имени Ы.Алтынсарина. Ее труд был отмечен Благодарственными письмами Президента РК Н.Назарбаева, Министерства образования и науки РК. За время руководства Акмолинским областным институтом повышения квалификации и переподготовки работников образования с 1994 по 2008 годы она сделала его научно-методическим центром среди институтов Республики Казахстан, совершенствующим педагогическое мастерство учителей.

О выдающихся организаторских способностях Фаины Ешмухановны говорит тот факт, что в коллективе во время ее руководства был создан крепкий фундамент из мастеров своего дела, которые пользовались большим авторитетом у педагогов области: Сеитова Риза Актаевна, Крамаренко Наталья Евгеньевна, Шелькимова Роза Хазжановна, Конкашев Марат Айдарханович, Гордиенко Тамара Васильевна, Мухамеджанова Ляззат Батталовна, Салимгереева Багдат Ханиевна, Горбунова Лидия Григорьевна и многие другие. Эта команда профессионалов смогла представить систему повышения Казахстана на выставке достижений народного хозяйства СССР в 1991 г., где была награждена «Серебряной медалью». Некоторые из них до сих пор работают в институте и всегда вспоминают Фаину Ешмухановну, совместные рабочие моменты, творческие победы, любимые выражения. Так, она называла педагогов самыми требовательными учениками и тем самым призывала преподавателей института постоянно стремиться к саморазвитию и повышению профессионального уровня, постоянно работать над созданием положительного имиджа работника системы повышения квалификации, чтобы максимально соответствовать ожиданиям учителя.

Благодаря изучению исторических документов, рассказам коллег, собственным впечатлениям, у меня сложился образ интеллигентного, мудрого человека, сумевшего в годы становления независимости Казахстана сохранить институт, создать традиции, способствующие укреплению коллектива, которые в дальнейшем помогли ему преодолеть все трудности и сделать себе имя, достойное быть на передовой педагогических инноваций.

 

Сәуле МҰХАМБЕТЖАНОВА, «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы ББЖ КБАРИ директорының инновациялық білім жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының докторы, доцент:

– Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлұлы 1997-2007 жылдары Білім беру жүйесінің басшы және педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институтының директоры болып қызмет атқарды. Осы жылдарда институтта білім беру саласын реформалауға байланысты ауқымды да маңызды жұмыстар жасалды.

Институт Азия Даму банкі қолдауы арқылы 5 жыл көлемінде 10 мыңнан аса балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттырды.

Институт қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдануға ықпал етті. Нәтижесінде 5 ғылым докторы К.Ж. Қожахметова, А.Ж. Мырзалинова, К.Х. Жаданова, А.А. Жайтапова, Б.А. Тұрғынбаева және 10- нан аса ғылым кандидаттары дайындалды. Сонымен бірге Б.А.Әлмұхамбетовтың ғылыми жетекшілігімен 2 докторлық және 7 кандидаттық диссертация қорғалды.

Еліміздің білім саласына қосқан зор еңбегі келесі марапаттарынан көрінеді: Қазақ ССР Оқу ісінің озық қызметкері (1989 ж.), «Қазақстан білім саласының құрметті қызметкері» дәрежесінің иегері, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан Білім академиясының академигі (2006 ж.), «Құрмет» орденінің иегері (2007 ж.).

Б.А. Әлмұхамбетовтің 1 монография, 100- ден астам ғылыми еңбектері мен «Бейнелеу өнері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен және мақалалары жарыққа шықты.

Берікжан Айтқұлұлы тәуелсіздік жылдары еліміздегі білім беру ұйымдары үшін ғылыми-әдістемелік білім мен педагогикалық тәжірибе бұлағы болып отырған республикалық институттың басшылық қызметін өте сауатты, креативтілікпен, кәсіби шеберлікпен басқара білді.

 

Маржан ҒАЛЫМЖАНОВА, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Атырау облысы бойынша ПҚ БАИ» филиалының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, академик:

– Биыл ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы кеңінен атап өтілуде. Тәуелсіз еліміздің аз жылдардың ішінде әлемдік қауымдастықтан орын алғандығы баршамызды қуантады. Тәуелсіздіктің басты тірегі өз кәсібін терең меңгерген мамандар. Сондай еңбек үлгісін көрсеткен ұлағатты ұстаз, 1998-2012 жылдардағы Атырау облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының директоры Сарсенова Нұрзила Сарсенқызы.

Нұрзила Сарсенқызы бар саналы ғұмырын білім беру саласына, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесін дамытуға арнады. Институт қызметкерлерінің жұмыс істеуіне қолайлы болуы үшін ең алдымен өз алдына бөлек ғимаратқа қол жеткізді. Материалдық база жақсартылып, 12 жылдық білім беруге дайындық кабинеті, толық жабдықталған биология, химия, лингафон кабинеттері алынып, кітапхана қоры түрлі бағыттағы кітаптармен толықтырылды. Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығымен тығыз байланыс орнатылып, институтта «Дарын» кабинеті ашылды. 1998-2012 жылдар аралығында жетілдірілген оқу бағдарламаларын енгізу, оқушылар біліміне тақырыптық есеп жүргізу, оқу-тәрбие жұмыстарын оңтайландыру, педагогикалық эксперимент, саралап оқыту, жаңа типтік оқу орындарының моделін жасау, оқу-тәрбие жұмысын ізгіліктендіру мәселелері зерттеліп, жүзеге асырылды. Облыста әдістемелік құралдар, оқулықтар, бағдарламалар кәсіптік білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын даярлау мен сараптауға белсенді қатысатын авторлық ұжымдар құрылып жұмыс істеді.

Мұғалімдердің танымдық деңгейін, шығармашылық шеберлігін ұштау мақсатында «Жыл мұғалімі», «Жыл сынып жетекшісі», «Ең үздік жаңашыл мектеп» байқауларын өткізу енгізілді. Мұғалімдердің белсенділігі мен ізденісін арттыруда «Шығармашылық топтар» құрылып, жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ облыста ең алғаш рет «Ұстаздық еңбек» атты газет шығаруды қолға алды.

1997-1998 оқу жылында республика бойынша оқу жоспарына енгізілген біраз өзгерістерге түсінік жұмыстары жүргізілді. Заман талабына сай үштілділікті дамыту бағытында семинарлар, арнаулы курстар, әдіскер-ғалымдармен кездесулер ұйымдастырылды. Облыстағы «Қ.Айтқалиевтың авторлық мектебі» республика бойынша қазақ тілі мен әдебиетінің берілуі мәселелерінің ғылыми-әдістемелік орталығына айналды.

 

Саулеш МУКАНОВА, «Өрлеу» АҚ филиалы «Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры, педагогика ғылымдарының докторы:

– 1993-2012 жылдың қазан айына дейін Қарағанды облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтын техникалық ғылымдардың кандидаты, доцент Қонтаев Сәбит Сеиітұлы басқарды.

90-шы жылдары институттың білім беру қызметі жетілдіріле түсті: институттың стандарттық құрылымы өзгерді және оқу-тәрбие процесінің кафедралдық жүйесі енгізілді. Кафедралар, зертханалар, бөлімдер ашылды: «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік оқыту кафедрасы» (Туганбаев А.О., Аубакирова Х.Ж., Жунусова М.Р.), «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бейіндік оқыту кафедрасы» (Смағұлова Ғ.Ғ.), «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы» (Ермаганбетова Ф.А.), «Тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасы» (Оспанова С.А.) Т.К. Камзабаев атындағы педагогикалық менеджмент кафедрасы (Арынгазин К.М., Зюлина С.Н., Ахметкаримова Г.С., Бучина И.С.),«Оқу процесін компьютерлендіру зертханасы» (Фединяк В.Н., Садуова Б., Бектыбаева Г.Ш.), «Әлеуметтік-психологиялық тренинг зертханасы» (Шаукенова З.К., п.ғ.к.), «Қолданбалы психология зертханасы» (Зюлина С.Н.), «Педагогикалық инновациялар зертханасы» (Лысенкер Л.С, Муканова С.Д, Федулова Р.П.), «Ғылымиәдістемелік орталық» (Сеитова Н.Ю.)., «Оқу бөлімі» (Шмидт И.К., Мусенова Р.К., Табарикова Р.Т., Султанова Г.К.).

Курсқа келген мұғалімдер мен білім беру ұйымдары басшылары үшін «Мұғалім» санаторий-профилакторийі жұмыс істеді, мектептермен жұмыс істеу үшін шығармашылық топтар және ресурстық орталықтар құрылды.

С.С. Қонтаев, әсіресе, шағын жинақты ауыл мектептерінің дамуына баса назар аударды. Оның бастамасы мен басшылығының арқасында шалғайдағы 77 шағын жинақты мектеп кірген 17 ауылдық ресурстық орталық, 58 мектепті қамтитын 6 қалалық ресурстық орталық ашылды. Облыстың ресурстық орталықтары магниттік мектептерді оқытуға арналған заманауи технологияларды енгізу бойынша кеңес және әдістемелік көмек беру болып табылады. Бүгінде ҚР бойынша 160 ресурстық орталық ашылды.

Сәбит Сеиітұлы 90-ға жуық ғылыми мақалалардың, 5 авторлық куәлігі және монографияның авторы.

С.С. Қонтаев «Тұлғаны әлеуметтендіру, оны рухани-адамгершілік дамыту» инновациялық жобасының да бастамашысы. Оның басшылығымен құрылым түзуші элемент ретінде тәрбие жүйесіне «Өзін-өзі тану» пәнін кіріктіру механизмдері моделі сынақтан өткізілді. Облыс мұғалімдерінің біліктілігін арттыру үшін барлық жағдайды жасады. Институтта химия, физика, биология пәндері бойынша арнайы кабинеттер, мультимедиялық, лингафондық, интерактивтік, медиатека кабинеттері жасалынып, заманауи техникалармен жабдықталды.

1990-шы жылдары мектептерде тіл мамандарының жетіспеушілігінен қазақ тілі сабағын көбіне өзге мамандықтың мұғалімдері оқытып жатқан кез болды. Осыны ескергендіктен, институт академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың, Алматы ЖОО-ның филология факультеттерімен шарт жасаса отырып, қазақ тілінің маманы емес мұғалімдерді мамандыққа қайта даярлау жүзеге асырылды.

Сәбит Сейітұлының қолдауымен жүзеге асқан жаңа білім беру жүйесіне тың серпін берді. Тарқатып айтсақ: «Нәтижеге бағытталған білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін дамыту», «Бейіндік оқыту жүйесіне кредиттік технологияларды енгізу», «Негізгі жалпы және техникалық кәсіптік білім берудің сабақтастығы» жобасы; «Білім беру технопаркі», «Қарағанды аймағында инклюзивті білім беруді дамыту» және т.б. жобалар.

Бұл жобалардың міндетін – 12 жылдық білім берудің жаңа моделін жүзеге асырудың компоненттерін, мазмұнын, механизмдерін іздеу және өңдеу – «Өрлеу» АҚ филиалы «Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ» жалғастыруда.

 

Гаухар ЖУМАНОВА, и.о. директора филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по Восточно-Казахстанской области», кандидат педагогических наук:

– С благодарностью и душевной теплотой вспоминаю своего наставника Протасову Галину Васильевну – учителя-методиста, Отличника образования Казахской СССР, Почетного работника образования РК, члена-корреспондента Международной академии информатизации образования. Это талантливый руководитель с аналитическим типом мышления. Ее отличала особая направленность на современные приоритеты в образовании, научные достижения педагогики и психологии, инновационные технологии, лучший педагогический опыт.

Галина Васильевна возглавляла институт с 1986 года по 2002 год. Это было время больших перемен. Впервые был введен новый курс обучения «Основы информатики и вычислительной техники». В содержание курсов для всех категорий педагогов включаются лекционные и практические занятия по изучению основ информатики, которые проходят в специально оборудованном кабинете из 8 персональных электронно-вычислительных машин «Агат», ДВК-2М и 12 микрокалькуляторов М2-54.

Галина Васильевна видела необходимость опережающего внедрения в практику деятельности педагогов области программно-целевого управления, внутришкольного менеджмента, деятельностного типа школьного образования, организации коллективного способа обучения, обновления системы методической работы с педагогическими кадрами. В связи с этим институт сотрудничает с учеными Казахстана, России, Белоруссии, Татарстана, Украины Александровой Э.И., Баймуратовой Б.Б., Воронцовым А.Б., Волковым И.П., Дьяченко Н.К., Казак Д.Я., Кабуш В.Т., Мажикеевым Т.М., Муриным Д.Н., Татьянченко В.С., Тимченко Л.И., Эрдниевым Б. и другими.

Протасова Г.В. является инициатором внедрения в практику учителей региона систем обучения и воспитания педагогов-новаторов В.Ф. Шаталова, Е.Н. Ильина, Ш.А. Амонашвили, В.М. Шеймана и других. В 1996 году на базе института создается областная экспериментальная площадка по внедрению системы развивающего обучения.

С принятием в 1997 году Закона РК «О развитии языков в РК» вопрос качества преподавания казахского языка в школах с неказахским языком обучения языком обучения стал особо актуален. Впервые в области создается творческий совет учителей казахского языка, куда вошли ученые, методисты, учителя-практики Ахметжанова Ф.Р., Жилкибаева А.Ш., Жуманова Г.С., Казбеков Т., Адильгазинова А., Каирбекова Г., Краубаева А.

В 1999 году под руководством Г.В. Протасовой создана авторская школа «Поисковая деятельность учителя и учащихся» Вдовиной Л.А. Институт начинает выпуск областной газеты «Педагогический мир». В июне 2001 года выходит в свет первый номер нового печатного издания журнал «Педагогический вестник ВКО». Эти издания действуют и сегодня.

 

Эльмира ҚАЛИЕВА, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, ассоциативті профессор:

– Жұмағалиева Индира Таумушқызы… Өлкеміздің барша білім саласында қызмет ететін ұстаздары мен ата-аналардың жанына жақын, жүректеріне жылы тиетін таныс есім. 37 жыл білім саласында қызмет еткен Индира Таумушқызы еңбек жолын қарапайым мұғалімдіктен бастады. Сондықтан да болар Маңғыстау облыстық білім департаментінің инновациялық жұмыстар бөлімінің бастығы қызметінен Облыстық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының директоры (2006 ж.) болып тағайындалғаннан кейін, оған басшылық қызметті мектеп мұғалімдерімен тығыз байланыста жалғастыру қиынға соға қоймады. Индира Таумушқызының басшылығымен сол кезеңдерде шалғайдағы елді мекендерде орналасқан ауылдық мектептерге десант болып түсіп, әдіскерлердің жанды сабақтар көрсетіп, ұстаздарға әдістемелік көмек көрсету үрдісі қалыптасты. Ағымдағы жоспарлы курсаралық шаралар мен курстан кейінгі қолдау жұмыстарынан өзгеше әдіскерлер пән мұғалімдерімен жеке жұмыс істеуді дағдыға айналдырды. Педагогтермен жеке жұмыс істеу әдісі қазірдің өзінде өзектілігін жойған жоқ, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыратын нәтижелі тәсілдердің бірі болып есептелетін бұл жұмыс жалғасын табуда.

Индира Таумушқызы Ж.Дүйсембаева, Ж.Нұрмаханова, Ш.Ережепова, Қ.Жұмабаев, Ф.Ережепов, М.Көрпелиев сынды ардагер ұстаздардың еңбектерінің жинақталып, кітап болып басылып шығуына көп үлесін қосты. Институт пен Облыстық білім департаменті бірлікте факультативтік сабақтарға арналған «Маңғыстау әдебиеті», «Маңғыстау тарихы», «Маңғыстау географиясы», «Маңғыстаудың өсімдіктер дүниесі», «Маңғыстау облысының жануарлар дүниесі», т.б. оқулықтарын шығарып, өлке мектептерінде факультативтік сабақтар өткізілді.

Институтта облысымыздың қыршын кеткен біртуар азаматы, өлкетанушы, географ, публицист С.Ә. Қондыбай шығармашылығына арналған «Серікбол зертханасы» ашылып (2011 ж.), осы жылдан бастап «Қондыбайтану» факультативтік курсы оқытылып бастады.

Халқымыздың заңғар жазушысы, ұлы ғұлама Ә.Кекілбаев шығармашылығына арналған «Әбіштану» кабинеті жұмыс істеді.

2004 жылдың 1 қыркүйегінен бастап облысымыздың ардагер ұстазы Бақыт Балұлының «Шыңдалу мектебі» жұмыс істей бастады.

«Бағалай білмегенге бақ қонбайды» деген екен Әбіш ағамыз. Мен ой толғауымның бас кейіпкері Индира Таумушқызының педагогтердің біліктіліктерін арттыру саласына сіңірген бірқатар еңбектерін ғана атап өттім.Тізбектей берсем, тізім жалғаса берер еді… Ұстаз деген ұлағатты атау иелерінің үнемі жанынан табылып, қамқор көңілімен тілеулес бола білген ұстаздардың ұстазы Индира Таумушқызына өлкеміздің білім саласы қызметкерлерінің атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.

 

Софья ИЗМУХАНБЕТОВА, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО бойынша ПҚ БАИ» директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты:

– Өтебай Құспанов, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Батыс Қазақстан облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтын 26 жыл бойы басқарған.

Мен ол кісіні ұстаз ретінде, біліктілік арттыру институтының басшысы ретінде танушы едім. Кейін осы кісінің ізбасары атандым. Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының тумасы Өтебай Құспанов Орал пединститутының физика-математика бөлімін бітіреді. Ауыл мұғалімі болып еңбек жолын бастаған, кейін пединститутта аға мұғалім болып, Свердловск қаласындағы аспирантурада оқыды. 1985 жылы БҚО педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтына келеді.

Өтебай Құспанұлы тек басшы емес, біраз мұғалімнің ғылым жолына түсуіне ат салысты. 1991-1995 жылдары институттың бес қызметкері кандидаттық диссертация қорғады. Солардың екеуі институт базасындағы зерттеу жұмыстарының нәтижесі еді. Сол жылдары облысымызда бес атаулы авторлық мектептер ашылды, жаңа типтегі мектеп-лицей-гимназиялар ашылды, оларға тиісті ғылыми-әдістемелік көмекті институт ұжымы ұйымдастырған. 1997-1999 жылдары республика бойынша облМБЖИ-тары жабылған кезде Өтебай Құспанұлы институтты «Облыстық ғылыми-әдістемелік орталық» деп атап, әр ауданда бір әдіскермен жұмысты жалғастырады. Өтебай Құспанұлы басшылық еткен жылдары институтта «Ұстаз» журналы, «Жайық ұстазы» газеті өз жұмыстарын бастады, бүгінгі таңда бұл басылымдар – облыс мұғалімдерінің асыға күтетін басылымдары. Сол бір жылдары облыста тұңғыш ашылған педагогикалық мұражай бүгінгі таңда мазмұнын жаңартып, институт тыңдаушыларының қызығушылықпен тамашалайтын орнына айналды.

1986-1994 жылдары заман талабына сәйкес оқу процесіне ақпараттық технологияны енгізуді мұрат тұтқан. Сол дәстүр бүгінгі күні жалғасын тауып отыр. Біздің филиалдың ғылыми-әдістемелік тақырыбы – «SMART Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың педагогикалық және технологиялық негіздері». Бұл тақырыппен жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді: сегіз жылдан бері өткізіліп келе жатқан облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі конференциялар, «Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі», «Сабақтың үздік контенті» сайыстары. Бұл – институт тарихындағы сабақтастық.

Біз ірі тұлғаларды тірісінде бағалауымыз керек. Осы ұстаным бойынша институтта 2016 жылы Өтебай Құспанұлы атындағы кабинетті аштық. Кабинетте ұстаз туралы стенд, материалдар жинақталған. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында, БҚО «Өрлеу» филиалының ашылғанына 70 жыл толу қарсаңында облыс педагогтерінің кәсіби өсуіне ат салысқан, біліктілік арттыруда өз қолтаңбасын қалдырған Өтебай Құспанов сынды ардагер ұстазға тағзым етіп, басымызды иеміз!

 

Нургуль АБИШЕВА, директор филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по Актюбинской области», кандидат филологических наук:

– Актюбинский областной институт повышения квалификации с марта 2003 года по сентябрь 2016 года возглавляла Кубенова Шолпан Ивановна, кандидат физико-математических наук. С момента ее руководства в ИПК была внедрена кафедральная система управления, впервые создана ИКТ-лаборатория и отдел ТиПО. С инициативы Шолпан Ивановны был открыт первый в области кабинет «Дарын», где берут свое начало региональные научно-творческие конкурсы Малой академии наук и научно-практического центра «Дарын». Таким образом, были 6 №22 (276) 8 маусым 2021 ж. bilimdi_el@mail.ru Бізді www.bilimdinews.kz сайтынан оқыңыздар заложены основы развития технологий по работе с одаренными детьми.

Научно-методическим достижением ИПК той поры считается открытие лаборатории по исследованию и внедрению технологий обучения 12-летней системы школьного образования. Для проведения курсов приглашались профессора и доценты вузов региона.

До выхода на заслуженный отдых Ш.И. Кубенова внесла вклад в развитие управленческих кадров ИПК. Совместно с коллегами сформировала ценный опыт для дальнейшего развития программ курсовой подготовки и перехода на новый уровень повышения квалификации. В годы становления независимости Актюбинский областной ИПК представлял собой социальный институт не только для педагогического сообщества региона, но и общественности, вузов, ссузов, государственных структур. Под руководством Шолпан Ивановны нашли свое развитие и поддержку проекты общественного значения, а также сотрудничество Института с государственными органами, что позволило актуализировать значимость сферы образования и качества повышения квалификации педагогических кадров области. Институтом развивались научно-методические связи с вузами региона и страны, сотрудники ИПК начали работать над личным повышением квалификации, поступали в аспирантуру, защитили кандидатские диссертации, что в дальнейшем положительно отразилось на качестве и научной квалификации кадрового состава.

Так зарождались основы развития научных кадров ИПК, которые по сегодняшний день трудятся во благо Института «Ақтөбе-Өрлеу» филиала НЦПК «Өрлеу», создают новое поколение курсов, развивают интерактивные технологии и цифровые ресурсы обучения и повышения квалификации, создают собственные научнопрактические продукты, поддерживают публикационную активность, вносят вклад в реализацию образовательных проектов республиканского и международного значения.

 

Бауыржан ЕЛЕУСІНОВ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор:

– Қызылорда облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты елімізде біліктілік арттыру саласында алғаш ашылған оқу орны болып табылады. Сол 1944 жылдан бері институтты басқарған білікті басшылар тарихта өзіндік қолтаңба қалдырды. 1982- 1994 жылдары институтқа шебер-ұйымдастырушы Кенжалы Тайманұлы Атабаев жетекшілік жасады.

Кенжалы Тайманұлының басшылығымен институтта 1982-1984 жылдары оқытудың жаңа мазмұны мен бағдарламасындағы күрделі мәселелерге байланысты жетілдірілген пәндік бағдарламаларды зерттеу және пайдалану жөнінде арнайы оқулар, семинар-практикумдар өткізу қолға алынды. Сонымен қатар институт қызметкерлерінің алдына академик Ю.К. Бабанскийдің оқутәрбие процесін оңтайландыру идеясын меңгеріп, оны облыс мектептерінің жұмыс практикасына ендіру мәселесі қойылды.

1984 жылы «Жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік білім беретін мектептердің білім мазмұнын жетілдіру» туралы мектеп реформасы қолға алынғаны баршаға мәлім. Аталмыш реформада бастауыш мектеп қайтадан үш жылдық болып, сегіз жылдық мектеп орталау деп аталды, тоғыз жылдық, он жылдық мектептер қайтадан орта білім беретін он бір жылдық мектеп болып өзгертілді.

Кенжалы Атабаевтың басшылығымен 1988 жылы шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің облыстық I Слет, 1994 жылы II Слет өткізілді. Осы 1987-1994 жылдар аралығында облыстық білім жетілдіру институты мамандарының жетекшілігімен облыста 6 атаулы мектеп, 50-ден астам озат тәжірибе мектебі шығармашылық бағытта жұмыс атқарды.

1991-1992 оқу жылынан бастап Кенжалы Атабаев басқарған институт ұжымы «Халықтық педагогиканың негізгі принциптерін» оқутәрбие жұмысына кеңінен енгізу жолдарын зерделеп, мектепке оқу-тәрбие процесінің ұлттық мазмұнда берілуі жайында концепция ұсынды. Кенжалы Тайманұлының қажырлы еңбегінің арқасында облыс мұғалімдерінің озық тәжірибелері жинақталып, аймаққа таратылды және жас ұстаздардың ұстаздық шеберлігін шыңдау жолында көптеген жұмыстар атқарылды. Мектептерде әдістемелік пән бірлестіктерінің саны артты, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер көбейді. Аудандық және Қызылорда қалалық білім бөлімдері оқытудың жаңа технологияларын оқу-тәрбие үдерісіне енгізу мақсатын көздейтін орталықтар ұйымдастыруды қолға алды.

Қазіргі таңда институтта К.Атабаевтың есімін ұлықтау мақсатында «Атабаев тағылымы» тақырыбында облыстың шығармашыл мұғалімдеріне арналған Педагогикалық оқу өткізу дәстүрге айналдырылған. Аға ұрпақ өкілдерінің ерен еңбегін насихаттау кейінгі жастарды Отанын сүюге, аянбай еңбек етуге тәрбиелейтін бірден-бір жол.

 

Алма МУРЗАЛИНОВА, директор филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по Северо-Казахстанскй области», доктор педагогических наук, профессор:

– Становление и модернизация любой организации образования определяет личность самого руководителя. Развитие института в период с 2008 по 2012 гг. связано с именем Карабатыровой Айны Кариевны. Благодаря профессиональным, лидерским и личностным компетенциям Айны Кариевны институт стал центром инновационных идей, площадкой для апробации и распространения эффективного и новаторского опыта педагогов области.

Это человек большой силы воли, высокой порядочности. Педагогический и административный талант, творческая энергия и целеустремленность Айны Кариевны снискали огромное уважение у педагогической общественности не только области, но и Республики Казахстан и ближнего зарубежья (Россия, Украина, Белоруссия).

Особенно ценным вкладом Карабатыровой А.К. в систему повышения квалификации является разработка модели совместной деятельности института и школ, концептуальная идея которой заключается во внедрении передовых практик на основе анализа мирового педагогического опыта (Сингапур, Финляндия, США и Россия). В этом контексте представляется ценным подход к учителю как «вечному ученику», который должен уметь проводить собственную профессиональную деятельность в соответствии с требованиями времени, непрерывно повышая свой профессиональный уровень, быть готовым самостоятельно вносить изменения, быстро и эффективно реагируя на вносимые перемены и новые вызовы.

Плодотворная научная, педагогическая и исследовательская работа Айны Кариевны повлияла на преобразование образовательного пространства области в пространство трансформации социокультурных отношений. К вопросам регионального образования привлекались представители общественных организаций, что позволило вывести на новый уровень взаимоотношения «педагог – институт – социум».

Она как главный вдохновитель, творческий наставник коллектива способствовала раскрытию творческого потенциала каждого сотрудника института. Ее высокий творческий потенциал, самоотверженный труд, профессионализм, беззаветное служение науке методики всегда вызывали и вызывают у педагогов восхищение и глубокую признательность.

 

Марионелла СЛЕСАРЬ, директор филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по Костанайской области», кандидат педагогических наук:

– «Всегда быть на шаг впереди дня сегодняшнего, учить учителей на высокопрофессиональном уровне, с применением новейших технологий» – это кредо работы Темиргали Султановича Ермагамбетова в Костанайском институте повышения квалификации с 2005 по 2012 годы. Темиргали Султанович – Почетный работник образования РК, Отличник образования Республики Казахстан.

Его ставка на обновление материально-технической базы института позволила Костанайскому ИПК профессионально внедрять в жизнь экспериментальную модель 12-летнего образования. Опыт работы открытой лаборатории был признан лучшим в республике, а методисты института стали кураторами республиканских, региональных и областных площадок не только по проблеме внедрения модели 12-летней школы, но и курсам «Самопознание», «Основы философии качества», «Раннее изучение в школе английского языка». За эти годы в институте были открыты консалтинговый научно-методический центр международных проектов и центр информации и дистанционного обучения, первая кафедра менеджмента, педагогики и психологии и собственная типография. Компьютеризированы и автоматизированы лекционные аудитории, библиотека, отделы, создана внутрисистемная локальная компьютерная сеть. И это лишь часть той технической «революции», которая произошла в институте в те годы.

Что же позволило коллективу Костанайского ИПК выйти на новый уровень в системе повышения квалификации? Своевременные структурные изменения, актуальные технические нововведения и неутомимая энергия Т.Ермагамбетова вдохнули в работу коллектива свежую струю, желание работать и достигать новых высот. Директор поощрял и всячески поддерживал инициативы сотрудников, способствовал полной творческой реализации специалистов института. Неизменную поддержку во всех начинаниях оказывали Белошниченко Е.В., Ардабаева К.К., Байсарина Р.А., Набатникова Т.И., Калашникова Т.М., Досов М.А. и многие другие.

Педагогический опыт, незаурядные организаторские способности Т.С. Ермагамбетова сплотили коллектив в единое целое, сделали его признанной на республиканском уровне командой квалифицированных профессионалов, что позволило институту успешно пройти процедуру реорганизации и перейти в статус филиала АО «НЦПК «Өрлеу».

 

Раиса САДВАКАСОВА, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ» директоры, педагогика ғылымдарының докторы:

– 1960 жылы іргетасы қаланған институтымыздың тарихына үңілсек, басшылық жасаған директорлардың әрқайсысы өз кезеңінде айрықша еңбек сіңірген лауазымды тұлғалар екендігіне көз жеткіземіз. 1992 жылдан 1998 жылдары институтты педагогика ғылымдарының докторы, профессор, қазақ мектептеріне арналған информатика бойынша алғашқы оқулықтар мен әдістемелік құралдардың авторы Қараев Жауымбай Амантұрлыұлы басқарды. Осы кезде қалалық мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институты – Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты болып өзгертілді.

Ж.А. Қараевтың Алматы қалалық Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының директорлық қызметі ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастау алады. Сол кезеңдегі еліміздегі түбегейлі өзгерістер институт тіршілігін жаңа бағытта дамытуға ықпал етті. Институт – бүкіл білім беру жүйесін ізгілендіруге және демократияландыруға бағытталған оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын әзірлеу және тәжірибеге енгізу мәселесін қарастырды. Вариативтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын енгізу қолға алынды. Жаңа форматтағы оқу орындарын құру аясында мектепаралық сайыстар ұйымдастырылып, білім беру сапасы және басқа да талаптарға сәйкес жетістіктерімен ерекшеленген орта білім беру ұйымдарына гимназия, лицей статусын беру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар институтта ғылыми ізденіс бағытында елеулі жоба, тың бастамалар жүзеге асырылды, ғылыми кеңес жұмысы өркендеді. Әдіскерлердің ғылыммен айналысуына жағдай жасалды. Институт қабырғасында 1992-1997 жылдары 1 докторлық, 5 кандидаттық диссертация қорғалды. Педагогтердің біліктілігін арттыруда оларды озық шетелдік тәжірибеге тарту ерекше рөл атқарды. Институт Норвегиядан, Голландиядан, Германиядан, Финляндиядан, АҚШ-тан келген мұғалімдермен және ғалымдармен ынтымақтастықта еңбек етті. 1997 жылғы сәуірде Вальдорф мектебінің жұмыс тәжірибесімен танысу мақсатында институт қызметкерлері мен қаланың 10-нан астам мектебінің мұғалімдерінен тұратын делегация Финляндия мен Швецияда болып, білім берудің үздік әдіс-тәсілдерімен танысып, өз тәжірибелеріне енгізді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий