Үздіксіз білім алу – заман талабы

Педагог беделін арттыру кез келген мемлекеттің білім беру саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан ел шаңырағының  тірегі білімді ұрпақ десек, бүгінгі тұрған негізгі мәселенің бірі – білім беру, ғылымды дамыту екендігіне ешкімнің күмәні жоқ. Мұғалімнің қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдырының кілті бар. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» – деп қазақтың тұңғыш педагог ағартушысы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қазіргі оқу орындары алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің мәдениеті басты шарт екендігі аян. 

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепте, ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психологогиялық және педагогикалық тұрғыдан сараптама жасай білетін іскер, шәкірт жанын жақсы түсінетін шығармашыл ұстаздар қажет. Ұстаздың өз бетiнше бiлiм жетiлдiруi, осы саладағы үздiксiз iзденiсi, озат тәжiрибенi қолдануы, оны өзгелерге насихаттауы, жаңашылдық танытуы, iскерлiк негiздерi- педагогикалық бiлiктiлiкке жеткiзудiң бiр жолы болып саналады. Мұғалiм бiлiктiлiгi,оның әдептiлiгi мен сыпайылығына, жүрiс тұрысына, киiм- киiсiне, яғни педагогикалық техниканы меңгеруiне, өзiнiң мiнез- құлқын басқаруына байланысты.

Өйткенi, мұғалiм сахнадағы актёр сияқты әрқашан оқушылардың көз алдында болады, ал бала бәрiн байқап таниды.  Баланың дамуын болжай алу, оқушылармен өзара әрекеттестікте болу, үнемі шығармашылық ізденісте болу мұғалімнің жан-жақты дамуының нәтижесі. Педагогтің  өз бетiнше  бiлiм мен біліктілігін жетiлдiруi, осы саладағы үздiксiз iзденiсi, озат тәжiрибенi қолданып, өзгелерге насихаттауы, жаңашылдық танытуы, iскерлiк негiздерi –педагогикалық бiлiктiлiкке жеткiзудiң бiр жолы болып табылады.

Кәсіби біліктіліктің құрылымы қабылданған педагогикалық білік арқылы түсіндіріледі, ал ол білік теориялық білімге негізделген және педагогикалық міндетті шешуге бағытталған бірнеше іс-қимыл жиынтығы арқылы ашылады. Заманауи білім беру жағдайында кәсіби біліктілік үш компоненттен тұрады: тәжірибемен ұштастыру білігі, яғни өз іс-әрекетін әлемдік педагогиканың деңгейіне сәйкестендіру қабілеті, әріптестерінің тәжірибесімен алмассақ, инновациялық тәжірибемен алмасу, өзінің іс-тәжірибесімен қорытып, басқаға бере білу білігі; оқыту мен тәрбиенің үнемі өзгеріп отыруы жағдайында педагогтың қажеті нормативтік сапасы ретінде оның кәсібіндегі тәсілі, әртүрлі білім процесі мен жүйелері мазмұндық түрі, әдістері және педагогикалық шындықты туғызу білігі.

Кәсіби білікті мұғалім рефлекцияға, яғни ойлаудың ерекше тәсіліне қабілетті. Педагогика мен психологияда «білік» ұғымының әртүрлі түсініктемелері бар. Олардың бірінде білік меңгерілген іс-әрекет ретінде, ал енді бірінде бар білімді пайдалану тәсілі ретінде, дағды жиынтығы ретінде айтылған «Білік» іс-әрекетті саналы түрде меңгеру, сол меңгеру нәтижесінде іс-әрекетті тиімді орындау мүмкіндігі туады. Педагогика саласындағы Ресей ғалымы В.А.Сластенин барлық педагогикалық білікті 4 топқа біріктіреді. Обьективті педагогикалық шындықтың, тәрбиенің обьективті нақты педагогикалық мақсатқа көшуіру білігі, яғни жеке тұлға мен ұжымды олардың жаңа білімді меңгеруге дайындық деңгейін анықтау үшін зерттеу және соның негізінде олардың дамуын бейнелеу, алғашқы мақсаттарды анықтау.

Логикалық тұрғыдан аяқталған педагогикалық жүйені жүзеге асыру білігі (білім, тәрбие жұмыстарын жоспарлаудан, білім беру үрдісінің мазмұнын таңдап алғаннан бастап оның ұйымдастыру түрлерін, әдістерін және құралдарын анықтағанға дейін). Тәрбиенің әртүрлі компоненттері мен факторлардың арасында байланыс орнату, оларды іске қосу білігі, қажетті материалдық, педагогикалық ұйымдастырушылық, валеологиялық және басқа жағдайларды жасау білігі, мектепті ортамен байланыстыруды қамтамаасыз ету білігі, оқушы тұлғасын белсенді ету білігі, оның іс-әрекетін тәрбиенің обьектісінен субьектісіне айналдыратындай етіп дамыту, бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру білігі.

Педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін еспке алу және бағалау білігі, яғни оқу үрдісін және басқа мұғалімнің іс-әрекетін талдау өзін-өзі талдау жүзеге асыру білігі, сол сияқты педагогикалық мақсаттың алғашқы және келесі кешенің анықтау білігі талап етіледі. Мұғалімдік мамандықты биікке көтеретін күш – оның кәсіби құзырлылығы. «Құзыреттілік» ұғымы жайлы Құдайбергенова К.С. «Құзыреттілік табиғаты тұлғаның өзіндік дамуында» атты еңбегінде былай деп көрсетті: «Құзыреттілік» – белгілі сала бойынша жан- жақты хабардар, білгір деген мағынаны қарастыра отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алу дегенді білдіреді».

Құзыреттілік – қандай да бір салада өмірдегі немесе кәсіби міндеттерді шешуге қолданылатын жинақталған қабілеттілік. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіші – оның кәсіби шеберлігі мен өз кәсіби әрекетіне жауапкершілікпен оң қарауы. Ал, кәсіби шеберлік – кәсіби білім мен біліктің, оны практикада және оқытудың жаңа жағдайларында қолдана білудің жиынтығы. Білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат. Қазіргі білім беруде педагог келесі құзыреттіліктерді игеруге міндет қойғаны абзал.

Арнайы құзыреттілік – өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілет; әлеуметтік құзыреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті; білім беру құзыреттілік – педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Үздіксіз білім алу мәселесі осы заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың, саяси және әлеуметтік экономикалық өзгерістердің әсерінен туындаған мәселе. Педагог-маман бiлiктiлiктi сипаттайтын таза кәсiби бiлiм және iскерлiкті қоса кез келген ортада жұмыс iстеуге ынталылық, ынтымақтастық, қабiлеттiлiк, коммуникативтiк қабiлет, оқу, іздену, бағалау, логикалық ойлау, ақпаратты алу мен пайдалану, талдау, сұрыптау, қорытынды шығару  сынды тағы да басқа iскерлiктерін меңгеруі қажет.   

«Халықпен халықты, адаммен адамды теңестіретін нәрсе білім», – деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, еліміздің басқа мемлекеттермен экономика, мәдениет, саясат жағынан тең дәрежеде тұрып, олармен бәсекеге түсе алуы адамдардың білімді де білікті болуын талап етеді. Сапалы білім беру үздіксіз ізденумен тығыз байланысты. Үздіксіз іздену – бүгінгі күні педагогтерше қойылып отырған басты талаптардың бірі. Барлық ізденімпаз мұғалім өз сабағында жаңаны көрсетуге, танытуға ұмтылады. Лев Толстойдың айтуынша: «…мұғалімнің өзі неғұрлым көп оқитын болса, әр сабақты жан-жақты ойластырса және оны оқушының шама-шарқымен салыстырып, қажеттілігін ескеретін болса, онда оқушыға оқу соғұрлым жеңіл соғады» деген екен.

Міне бізге осы сөзінің мәні түсінуіміз қажет. Балаға білім беруде, қабілетсіз оқушы болмайтынын, әр оқушының жеке қасиеттерін танып – білуге мүмкіндігі шектеулі әдістеме барын мұғалім түсінеді және өзінің жауапкершілігін сезінеді. Сондықтан, ел ұрпағының болашағы – ұстазға байланысты екенін түсініп, үздіксіз ізденісте болуы тиіс. Бүгінгі күні заман талабына сай білім беру жүйелерінде өзгерістер болып жатыр, оқу тәсілдерімен құралдарының бүкіл әлемдегі білім жүйесіне ортақ жалпы элементтері қарастырылып, енгізілуде. Сондықтан жаңа форматты курстар үздіксіз, мұғалімдердің қажеттіліктеріне, талаптарына қарай ұйымдастырылуда.

Бұл курстардың теориялық негіздері өзіміздің ұлттық педагогикамызбен астастыра, оқу бағдарламасының негізінде оқушының барлық таным дағдыларын қалыптастырып, дамытуға мақсатталған және оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін меңгертуге бағытталған.  Оны курстар соңында  алынатын кері байланыс нәтижесінде:  мұғалімдер көптеген тәжірибеге қажетті, құнды материал алғандықтарын, ортаға салынған озық тәжірибеге талдау жасау жұмысына араласа отырып, жетістіктерімен алмасып, іс жүзінде  көре алдым, жаңа нәрселер үйрендім және жеке педагогикалық қоржындарын толықтырғандықтарын жеткізеді.

Осы ұстаздар қауымын қолдап, көптеген семинарлар, байқаулар, мән-мағыналы курстар ұйымдастырылуда. Осы іс шаралардың барлығы да түптеп келгенде мұғалімнің кәсіби өсуіне ықпал етіп, септігін тигізері сөзсіз. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін жоғары көтеріп,  қастерлеп, бағалай білген. Жаңа әлем болашағын даярлайтын мұғалім атағына өз білімін табандылықпен жетілдіріп, тапсырылған іске адалдықпен, сүйіспеншілікпен қарайтын, жоғары моральдық қасиеттері бар мұғалім ғана бұған лайықты. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» – деп, Абай ақын Құнанбаев айтқан екен.  

Олай болса, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағын айқындайтын, мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін, педагогикалық шеберлігін арттыру және үздіксіз білім алу арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізетініне сеніміміз мол.

Гульмайда Насиевна МУСЕТАЕВА,
“Өрлеу” БАҰО” АҚФ СҚО бойынша ПҚ БАИ”

жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді
оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий