Еске алу: Ұстаздардың жүрегіне жол тапқан

Күні кеше ғана ортамызда жүрген аяулы әріптесіміз, құрметті ұстазымыз  Құрманова Гаухардың өмірден озғанына бір жыл уақыт өтті. Ұжымға осындай суық хабар жеткенде сенерімізді білмей, есеңгіреп қалғандай жағдайда болып едік. Гаухар Қабатайқызы туралы өткен шақта жазу қандай. қиын…

Кәсіби маман барлық саналы ғұмырын білім беру жүйесіне арнады. Педагогикалық қызметін 1985 жылы Павлодар ауданындағы Ямышев жалпы білім беру орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі бастады. Содан кейін облыс орталығындағы № 4 мектепте жұмыс істеді, онда 2002 жылы директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Кейіпкеріміз көпжылдық педагогикалық қызметі кезеңінде өзін шығармашылық мұғалім және тәжірибелі әдіскер ретінде көрсетті.

Тоғыз жыл бұрын оны педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтына жұмысқа шақырғаны кездейсоқ емес. Гаухар Қабатайқызы әрқашан бастамашылдығымен, инновациялық өзгерістерге және шығармашылық қызметке дайындығымен, идеяларды түрлендіре білуімен, мақсатты жұмыс істей білуімен, негізгі проблемаларды көре білуімен және оларды шешу жолдарын таба білуімен ерекшеленді. Ол арнайы білім беру бойынша халықаралық білім беру жобалары байқауының жеңімпазы, интернат тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру және бейімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдардың авторы.

Француз ойшылы  Жан Жак Руссоның  «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау», – деген cөзі дәл нақты осы әріптесімізге арналғандай. Жүрегіне жақын жұмысын жан–тәнімен сүйіп, жанындағыларға әрдайым қолұшын созып, уакытын аямайтын жан еді. Оның жүрек жылуы мен мейірім шуағын институттың барлық қызметкерлері сезіндік. Гаухар Кабатайқызы бірімізге анамыздай, екіншілерге туысындай ақыл-кеңесімен бөлісіп, қолдауы мен көмегін аянбайтын еді.

Сонымен қатар  ұстаздардың тұлғалық қабілетін ашып, шығармашылығын шыңдап, таланты болса ұштап, дарын қабілеттерін одан әрі дамытуға тек теориялық тұрғыда ғана емес, әдістемелік бағытта да ерекше көңіл бөліп, зор үлес қосқаны даусыз. “Ұстазды алтын діңгекке теңер едім”, – деп ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин айтқандай, институттың алтын діңгегі дер едім. Ұстаздық өмір  жолын –  қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы, ерекше жауапкершілікті талап ететін маңызы зор мамандықтықтың нағыз мейталманы.

Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен  дараланған  жайлы ерекше ілтипатпен  айтуға болады. Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат  шақтарын  педагогтық қызметке арнап келді. Өз ісіне берілген, ұстаздардың жанына нұр құя білген  Гаухар Кабатайқызының   өнегелі өмірі –  жастар үшін  тәрбиелік тағылымға толы. Ұстаздың қарапайымдылығы мен  ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны  ерекшелендіретіп тұратын.

Гаухар Кабатайқызы   – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та­бандылықтың үлгісі  бола білді. Институтта «Мәңгілік ел», Рухани жаңғыру» сынды мәні мен мағынасы мол мемлекеттік ауқымдағы бағдарлама аясында арнайы және интернаттық білім беру ұйымдарының педагогтарымен үнемі конфернция, семинар, дөңлегек үстелдер арқылы оразан зор жұмыстар атқарды, шығармашылық топтарының жұмысын ұтымды үйлестіре білді. Оның іскерлік тәжірибесі халықаралық, республикалық деңгейде таныстырылды. Нәтижесінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бірнеше жылдар бойы облыстың білім беру ұйымдарында инновациялық үдерістерді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етті. Сонымен қатар аймақтағы білім басқармасымен де тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарып, үздіксіз ізденісін жаңаша жетілдірді. Өмір бір орнында тұрмайды ғой, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отырды. Гаухар Кабатайқызы  туралы ойға кетсем, көз алдымна  ақжарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді оның жарқын бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз  көзіме жас келе, нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі.

Ол өз ісінің нағыз шебері еді. Себебі, бізге қиын кезеңдерде қол ұшын созудан шаршаған емес. Алтыннан да бағалы ойларын, ақыл-кеңесін беруге ұмтылатын. Әріптеісізді бір көрген адам таңдаған мамандығын ерекше дәріптейтін майталман мұғалім екендігін түсінуге болатын. «Жақсы адам – Алланың нұры» дейді. Жақсылық атаулыны ішкі жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді, берік қалыптасқан көзқарасты әріптестер бойына дарыта білетін, өз бойындағы шығармашылық, өз-өзіне сенімділік пен сабырлылық, табандылық пен төзімдік сияқты мінез-құлық ерекшеліктерімен, сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсете білетін.

Жылы жүрегімен жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын ұстаздың бірі – біздің кейіпкеріміз. Мен ол туралы ойымды жинақтаған кезде, еріксіз көзіме жас келіп, сағыныштан жүрегімді жарып шыққан жыр жолын арнаймын:
Мен Сізге  әріптес емес, туғаныңдаймын.
Көре алмай Сізді іздеп алаңдаймын.
Жаһанды жаяу жүріп араласам да,
Сіздей жанды ешқашан таба алмаймын…. 

«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, Гаухар Қабатайқызының әрбір ісі мен еңбегін  бағалап, ұлағатты ұстаз, адамгершілігі мол адам ретінде жарқын естелік, біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Аяулы әріптес жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз  торқа болсын! Иманыңыз  жолдас болсын! 

Алия Рахметжанқызы ЖУНУСОВА,
Өрлеу” БАҰО АҚФ Павлодар облысы
бойынша ПҚБАИ  мұражай ісінің  бас маманы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий