Шағын жинақталған мектеп: Ізденіс және жауапкершілік

Жаһандану және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы кезінде шағын жинақталған мектептердің осы уақытқа дейінгі проблемалары және оны шешудің жолдары, олардың көкейкестілігі жылдан-жылға артып келеді. Бүгінгі таңда өскелең ұрпақ тек ақпаратты қабылдап, оны талдаушы ғана емес, ол, сонымен қатар, оны белсенді түрде жасаушы ретінде қарастыратын болсақ, бүгінгі жаңартылған білім беру аясында білім берудің өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары бары сөзсіз.

Айтар болсақ, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда әлі күнгі дейін ауылды жерлердегі біріктірілген сыныптарды оқытудың негізге алатын оқу бағдарламаларының жоқтығы, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі, сонымен қатар оқу-әдістемелік және ақпараттардың жеткіліксіздігі түбі тереңге жайылған проблемалар болып табылады. Бірақ та, осы проблемаларды шешу жолдарында шағын жинақталған мектептерде жұмыс жасап жатқан мұғалімдердің еңбектері де ұшан-теңіз.

Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы мұғалімдердің ізденістері және жас ұрпақты білім нәрімен сусындатудағы жауапкершілік ең басты мақсат пен міндеттердің бірі болып отыр. Демек, шағын жинақталған мектептерде мұғалімдердің ізденістері мен жауапкершілігін арттыруда даралап және саралап оқытудың маңызы зор. Саралау – білім беру мазмұнын табысты игеруге, оқушының қабілетін және икемін дамытуға барынша қолайлы білім беру ортасын құру.

Саралап оқытудың негізгі міндеті – оқушылардың қабілеттілігі мен бейімділігін дамытуға, білім мазмұнын табысты игеру мақсатында білім беру үдерісінде барынша қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Осы мағлұматтарға сүйене отырып, шағын жинақталған мектепте оқытуды саралаудың негізі – оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес кіріктірілген сыныптар арасында әртүрлі оқу ортасын құру және оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық, педагогикалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешенінен тұрады.

Саралап оқыту барысында даралап оқыту барысында әрбір оқушының оқу мақсатына жетуіне оң ықпал етудің тиімді жолы болып табылады. Саралап оқытудың түрлі тәсілдерін қолдану мұғалімдердің оқу-әдістемелік жағынан кең таңдауына жол ашады. Кіріктірілген сыныптарда, мысалы, 3-4-сыныттардың біріктіріліп оқытудағы жас ерекшеліктер, қабылдау үдерістерінің айырмашылықтарын назардан тыс қалдырмау, сонымен қатар екі сынып оқушыларына толыққанды білім беру түрлі әдіс-тәсілдердің тиімділігін қажет етеді.

Сынып арасындағы саралап оқытудың тәсілдері жекелеген оқушылардың нені үйрегнгенін анқытауға және оны бағалауға мүмкіндік береді. Бағалауды «жақын отыру» мағынасында түсінуді қажет етеді. Мұғалімдер оқушылардың табысты оқуын қамтамасыз етумен қатар, оқушының жеке даму аймағын анықтау арқылы нені жақсарту қажеттігін түсінуге мүмкіндік беретін үдеріс.

Қорыта айтқанда, шағын жинақталған мектептердегі оқу мен оқыту үдерісінің өзіндік ерекшеліктерін түсініп-ұғыну жұмыстары білім беру саласында маңызды орын алады. Ол тек біліктілікті арттыру курстарында ғана емес, жоғары оқу орындарында қарастырылып, жас мамандарды әдістемелік тұрғыдан қаруландырса тиімдірек болар еді. Біріктірілген сыныптардың өзіндік ерекшеліктерін біліп келген жас маман әрі қарай өз тәжірибесін саралауда да үйлестіре алады деген сенімдеміз.

Галия Сапарбековна ЖУСУПОВА,
“Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы Қостанай
облысы бойынша ПҚ БАИ жаратылыстану
және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі
кафедрасының меңгерушісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий