Зиятты дамыту: Әлеуметтік және эмоциялық қадамдар

Пандемия кезінде көптеген оқушылар психикалық денсаулығына ауыртпалық түсіретін елеулі әлеуметтік және эмоциялық қиындықтарға кездесуде. Оқу орындарының  қашықтан оқытуға көшуіне байланысты, академиялық сабақтастықты сақтаудың практикалық, инновациялық әдістерін енгізуге және көшбасшылықтың ерекше жағдайына ауысуда.  COVID-19 індеті жедел қашықтан оқытуға  көшуге себепкер болды және  барлық жерде оқытушылар қашықтан білім алушылардың көшбасшысына айналды.

Онлайн-сынып жаңа және мазмұнды байланыстар үшін ыңғайлы, икемді платформаны ұсынады. Эмоциялық зиятты онлайн-оқыту виртуалды ортаны адамның түсінігі мен жаңашылдық, жеке оқыту арқылы тиімді пайдалануына бағытталған. Желілік ортада эмоциялық зиятты көшбасшылыққа және оқуға енгізудің бес идеясы көрсетілген. Нұсқаушының онлайн сыныпта барлық оқушымен тығыз байланыста болатындай жолдары бар. Оқушылар көп жағдайда оқу үдерісінен  алшақтап қалғанын алға тартады.

Осы келеңсіздікті болдырмас үшін мүмкіндігінше жеке байланыс орнататындай жағдай жасау керек. Нұсқаушы, әрі бақылаушы ретінде сыныпқа хабарландырулар жіберіп отыратын арнайы парақша ашыңыз, жекелендіріп, сынып туралы үнемі хабарландыру жасаңыз. Тақырыбыңыз бойынша жеке диалог құру үшін күнделікті апта сайынғы вебинар-семинарлар немесе чаттар өткізуді қарастырыңыз. Ағымдағы сөйлесуді жаңа аумаққа кеңейту үшін күнделікті пікірсайыс тақтасына өтіңіз.

Бағалау кезінде жеке тапсырмалар туралы түсініктемелермен толыққанды кері байланыс беріңіз. Интернеттегі оқытушының белсенді қатысуы қашықтан оқыту тәжірибесін «тірі» және тартымды етеді. Белгісіздік пен түсініксіздік кезінде оқушылар көбінесе аралас эмоциялар мен әсерлердің күрделі пейзажында жүреді. Олар өздері кездесетін басқа қиындықтар аясында сынып жұмысына зейін қойып оқуы әрі сабаққа басымдық беруінде қиындықтарға кездеседі.

Жанашырлықпен сабақ беру пандемия кезіндегі келеңсіздікке қарамастан терең байланысқа түсуге мүмкіндік ашады. Виртуалды сыныптың ашық талқылауға арналған орынға айналуына және оқушылардың практикалық, эмоциялық қиындықтарын мойындауына мүмкіндік беріңіз. Жеке көзқарастарымен бөлісуге шақыратын ашық пікірталас форумдары немесе қазіргі оқиғаларға байланысты пікірталастар оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуге мәжбүр етеді, бұл интернеттегі сыныпқа ортақ виртуалды қашықтықты болдырмайды.

Оқушылардың қай жерде қиындыққа тап болғанын біліп, сабақтағы саясатыңызды үлкен жақсылыққа сай икемдеу мүмкіндігіне бейім болыңыз. Сіздің икемділігіңіз оқушының өмір жолын, болашағын шешуші мүмкіндік болуы мүмкін. Оқушыларға көмек керек болған кезде икемдеу арқылы сіз олардың оқуға деген ынтасын көтересіз, уәжін арттырасыз, оқушының тапсырманы мүлдем орындамауды таңдау мүмкіндігін азайтасыз.

Оқушылар  қобалжып, шаршағанда немесе табысқа жету үшін қатты қысым жасалғанда, өтірік айтуға немесе одан бас тартуға бейім болады. Оқушыларға қажет болған кезде қолдау көрсету олардың оқу тәжірибелеріне тұрақтылық, байланыс және түсінуді дамытады, үзілістерге қарамастан алға қарай дамуға ынталандырады.

Мазасыздық пен уайым көбінесе сенімсіздік пен әлсіздік сезімдерінің қосындысынан туындайды. Рефлексия бізге және біздің оқушыларға өз көзқарастарымызды тексеруге, сыни тәжірибелер мен бағдарсыз дилеммаларды қабылдауға және өзін-өзі сезінуді қалыптастыруға көмектеседі. Ағымдағы ақпаратпен  жұмыс жасау үшін маңызды тапсырмаларды немесе талқылауды қарастырыңыз.

Роза СЫЗДЫКБАЕВА,
ПШО тренері,
Айгерим БЕКЖАНОВА,
№16 орта мектебінің мұғалімі,
Шымкент қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий